JSC «Center for International Programs»

Error
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 68

Жапония үкіметінің (MEХT) шәкіртақысы бойынша Жапонияда жас мемлекеттік қызмет мамандарын оқытуға арнлаған Young Leaders' Program бағдарламасына құжаттарды қабылдау басталды

16.Япония1

Young Leaders' Program (YLP) — ағылшын тіліндегі бір жылдық магистратура бағдарламасы.

Өтініш деркелесі 3 бағыт бойынша қабылданады: «School of Government», «School of Local Governance» и «Healthcare Administration».

Өтініш беру бойынша нұсқаулық және өтініш формасы

1. «School of Government», және«School of Local Governance» бағыттары бойынша

(1) Қабылдаушы университет: National Graduate Institute For Policy Studies (GRIPS)

(2) Үміткердің мемлекеттік қызмет секторында кемінде 3 жылжұмыс тәжірибесі болуы керек

3) Негізгі ақпарат және құжаттар

·         Негізгі ақпарат

- «School of Government»(ағылшын тілінде)  (жапон тілінде)

- «School of Local Governance» (ағылшын тілінде)(жапон тілінде)

·         Application for MEXT Scholarship:

      — School of Government
      — School of Local Governnance

·         Essay Questions

·         Certificate of Health (белгіленген үлгідегі формат)

·         Recommendation Form (белгіленген үлгідегі формат)

2. «Healthcare Administration» бағыты бойынша

(1) Қабылдаушы университет: Нагоя университеті

(2) Үміткердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында медицина саласында кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек

3) Негізгі ақпарат және құжаттар

·         Негізгі ақпарат (ағылшын тілінде)  (жапон тілінде)

·         Application for MEXT Scholarship

·         Certificate of Health (белгіленген үлгідегі формат)

·         Recommendation Form (белгіленген үлгідегі формат)

Ақпарат алуға арналған контактілер және құжаттарды тапсыру орны

1) 1. Сұрақтар бойынша төмендегіге хабарласыңыз:

      Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігінің мәдени-ақпараттық бөлімі

      Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. * құжаттар бұл поштамен қабылданбайды

2. Өтініштерді қабылдау мерзімі және құжаттарды тапсыру орны:

    Құжат тапсырудың соңғы мерзімі: 25 қыркүйек 2019 ж.

Өтініш беру орны:

1) Құжаттарды үміткердің өзі немесе сенімхат арқылы ұсынған жағдайда:

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Конкурстық процедураларды ұйымдастыру бөлімі (Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғ. 8, Алтын Орда БО, 5-қабат, 507 кабинет)

2) Құжаттарды пошта арқылы жіберген жағдайда: Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Елшілігі, Мәдениет және ақпарат бөлімі (Нұр-Сұлтан қ., Космонавтов көшесі, 62, Ренко БО, 5-қабат, 010000). Кейін Елшілік құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на бағыттайды.

* Конвертте бағдарламаның атауы мен бағытын көрсетіңіз.

* Құжаттар электронды пошта немесе факс арқылы қабылданбайды. Орталыққа қолма-қол түрде жеткізіледі немесе елшілікке пошта арқылы жіберіледі.

* «Healthcare Administration»бағыты бойынша құжаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде де қабылданады. Толық ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі, Халықаралық ынтымақтастық департаментінен алуға болады.

Бағдарлама мерзімдері

2019 жыл

Қыркүйек айының соңы: өтініш берудің соңғы мерзімі

Қазан айының соңы: Құжаттар байқауының нәтижелері туралы хабарлама (нәтижелер тек сұхбатқа өткен үміткерлерге ғана хабарланады)

2020 жыл

Қаңтар-ақпан: сұхбат (өткізілетін орны: Жапонияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі)

Сәуір: МЕХТ шешім қабылдау

Қыркүйек-қазан: Жапонияға келу

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design