Жарияланған күні:

Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының бас менеджері

(Осы бос орынға түйіндемелер 2021 жылғы 25 қазанға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)

Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстарынан өткендігі туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: құрылымдық бөлімше қызметінің бейіні бойынша кемінде 3 жыл. Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда, құрылымдық бөлімше қызметінің бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім: мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті түрде); мүмкіндігінше шет тілін білген жөн; Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; ғылым және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің қаулылары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясына тағайындауға үміткерлерді іріктеу ережелері; Қоғам Жарғысы; Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасы ережелері; Қоғамның даму стратегиясы мен болашағын және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар; көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері.

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті қабілеттілік пен дағдылар: іс қағаздарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу; жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу; ДК мен кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы болу; ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары; кеңес беру дағдылары; заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жүйелеу, есепке алу және құжаттау дағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалау, өзгерістерге тез бейімделу; үлкен көлемдегі мәліметтермен жұмыс істеу; ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізе білу; ұжымда және өз бетінше жұмыс істей алу.