«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Соңғы жаңалықтар

«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасының қорытындысы жарияланды

  542A0591

          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 2020–2021 оқу жылына «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы аясында Мажарстан үкіметі Қазақстан азаматтары үшін 250 білім грантын бөлді.

Мажарстанда оқуға конкурсқа қатысу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 1145 өтініш қарады, оның ішінде:

Бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орынға – 731 адам;

Бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша 30 орынға – 103 адам;

Магистратура бағдарламасы бойынша 30 орынға – 281 адам;

Докторантура бағдарламасы бойынша 20 орынға – 30 адам.

Б. Айтимованың төрағалығымен өткен білім беру мекемелері және мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын Конкурстық комиссия отырысының нәтижесі бойынша қазақстандық тараппен 250 адам оқуға түсуге және 75 адам резервтік тізімге ұсынылды.

Оқу грантын тағайындау туралы соңғы шешім Мажарстан тарапымен қабылданады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасының қорытындысы жарияланды

17.02.2020

             Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами...

Қазақ радиосында "Болашақ" бағдарламасы

photo 2020-02-17 15-14-27

18 ақпан сағат 15:10
"Болашақ" хабарында

ХБО, Оқытуды ұйымдастыру және мониторингілеу департаменті директоры - Жансая Құмарбекова,

Болашақ түлегі - Бақытжан Төлімбет.

2-бөлім.

Жүргізуші-редактор - Жадыра Жұмакүлбай


Қазақ радиосында "Болашақ" бағдарламасы

17.02.2020

18 ақпан сағат 15:10 "Болашақ" хабарында⠀ХБО, Оқытуды ұйымдастыру және мониторингілеу департаменті директоры - Жансая...

Өз ісінің маманы - Толғанай Балықова

Толғанай Балықова

 

Толғанай Балықова – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторинг басқармасының менеджері. Ол үш баланың анасы, аяулы жар. Орталықта 2012 жылдың сәуір айынан бері жұмыс істеп келеді. Оған дейін 2 айлық тегін тағылымдамадан өтіп келген. Қарағандыдағы «Болашақ» өзектендірілген білім беру институтының түлегі. Бұрынырақ қонақ үй бизнесі мен туристік компанияда қызмет атқарған.

Толғанай алғашында Орталықта кеңсе бөлімінде жұмыс істеген. Кейіннен Континенталды Еуропа елдері басқармасына ауысып, 150 студенттің кураторы болған. Қазіргі таңда Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторинг басқармасында түлектерді жұмыспен қамтумен айналысады.

«Бізге түлек жұмыссыз екенін айтқан кезде, алдымен жұмыс берушілер қандай мамандықтар бойынша сұраныс бергенін зерттейміз. Сұраныстардың ішінде түлектің мамандығымен сәйкес келетіні болса, оларға түлегіміздің түйіндемесін жібереміз» - дейді Толғанай.

Оның сөзінше, Болашақ түлектерін жұмысқа алғысы келетін жұмыс берушілер саны көп. Сол себепті, аталмыш басқармаға сұраныстар жиі кеп түседі. Алайда, Болашақ түлектерінің көп бөлігі жұмысқа өздігімен орналасады.

Өз ісінің маманы - Толғанай Балықова

17.02.2020

  Толғанай Балықова – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторинг басқармасының менеджері...

«iTest:Үздік нәтиже» байқауы

bilim media group

Назар аударыңыздар! 2020 жылдың 3 ақпанынан 17 шілде аралығында өтетін, жыл сайынғы «iTest: Үздік нәтиже» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы басталды. Бұл Қазақстанның барлық 11-сынып оқушыларына жоғары оқу орнына грант ұтып алу үшін ерекше мүмкіндік.

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеру, жоғары сынып оқушыларына www.itest.kz ұлттық онлайн білім беру ресурсын қолдана отырып, қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға тиімді дайындалуда ауыл мен қаладағы мектеп бітіруші түлектерге қолдау көрсету.

Білім беру гранттарынан бөлек, байқау барысында үздік қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады!

Байқау Bilim Media Group компаниясының ұйымдастыруымен, бас серіктес – Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU), серіктес – Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті (МУИТ) және Alser компаниясының демеушілігімен өтуде.

Қатысу толығымен тегін!

Толығырақ www.itest.kz сайтынан білуге ​​болады.

 

«iTest:Үздік нәтиже» байқауы

14.02.2020

Назар аударыңыздар! 2020 жылдың 3 ақпанынан 17 шілде аралығында өтетін, жыл сайынғы «iTest: Үздік...

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Техникалық ақаулар

телефон не работает

 

Құрметті достар!

Орталығымыздың кейбір абоненттік нөмірлері оператор тарапынан болған ақауларға байланысты қазіргі таңда жұмыс істемей тұр. Телефон нөмірлері қайта іске қосылғанда хабарлайтын боламыз.


Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Техникалық ақаулар

14.02.2020

  Құрметті достар! Орталығымыздың кейбір абоненттік нөмірлері оператор тарапынан болған ақауларға байланысты қазіргі таңда жұмыс істемей...

«Study in Azerbaijan» халықаралық бағдарламасы

азербайжан

 

«ISPs» аясында үміткерлер Әзірбайжан Республикасының жоғары оқу орындарында базалық медициналық білім беру және резидентура бакалавриат, магистратура және докторантура дәрежелерінде білім ала алады.

Әзірбайжан Республикасының Жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісі 15 қыркүйектен басталады. Оқу тілі немесе мамандығы бойынша талаптарға сәйкес келмейтін студенттер үшін дайындық курстары ұйымдастырылады. Курстардың ұзақтығы-6 айдан бір жылға дейін. Оны жоғары оқу орны анықтайды.

Ұсынылған кандидаттар төмендегі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

- Үміткерлер 3 университет пен мамандықты таңдау;

- Егер кандидат бакалаврдан кейінгі дәрежені таңдаған болса, онда оның мамандығы бакалавриатқа сәйкес болуы тиіс;

- Алдыңғы білім беру дәрежесінің тиісті академиялық көрсеткіштері (жалпы орта білім, бакалавриат, базалық медициналық білім, магистратура, резидентура) 51 балдан төмен немесе олардың баламасынан төмен болмауы тиіс;

- Үміткердің таңдаған мамандығы бойынша тиісті деңгейде оқу тілін білу деңгейі (тіл немесе мамандық қанағаттанарлық емес жағдайда үміткерлер дайындық курстарында білім алатын болады);

- Жергілікті және халықаралық жетістіктер (бар болған жағдайда).

Ағылшын тілінде білім алғысы келетін үміткерлер халықаралық емтихандардың бірінен бакалавр дәрежесі үшін IELTS 5.0, TOEFL 40 балл, қалған деңгейлер IELTS 5.5 балл, TOEFL 50 балл жинаған болса тілді білу деңгейін тексеруден босатылады.

Талап етілетін құжаттар

- Өтініш (өтініш бланкісі қоса беріледі)

- Алдыңғы жоғары мектептердің немесе университеттердің дипломдары мен транскрипттері

- Шетелдік паспорттың көшірмесі

- Денсаулықтың жалпы жағдайы туралы анықтама (АИТВ/ЖИТС, В және С гепатиті талдауларын қоса алғанда))

- CV немесе түйіндеме

- Уәждемелік хат (ілеспе хат)

- Ағылшын тілін білгенін растайтын құжат

- Тілді меңгеру (IELTS бакалавр дәрежесі үшін шет тіліндегі бағдарламалар үшін 5 балл, TOEFL 40 балл, IELTS білімнің кейінгі дәрежелері үшін 5.5 балл, TOEFL 50 балл)

Ескертпе: Әзербайжан Республикасының Жоғары оқу орындарында бакалавр дәрежесінен кейінгі білім алуға ниет білдірген тұлғалар белгіленген тәртіппен заңдастырылған дипломның түпнұсқаларын (немесе апостиль) және алдыңғы білім дәрежесі туралы дипломға қосымшаларды ұсынуы тиіс.

Ұсынылатын жоғары оқу орындарының тізімі және мамандықтар бойынша сілтемелер:

ADA University

Университет ADA

https://www.ada.edu.az/

Azerbaijan Arts Academy

Әзірбайжан Мемлекеттік Өнер Академиясы

https://www.azra.edu.az/az

Azerbaijan Medical University

Әзірбайжан Медицина Университеті https://www.admission.amu.edu.az/az/pages/1

Azerbaijan National Conservatory

Әзірбайжан Ұлттық Консерваториясы

https://www.conservatory.edu.az/

Azerbaijan State Agricultural University

Әзірбайжан Мемлекеттік Аграрлық университеті

https://www.adau.edu.az/

Azerbaijan State Oil and Industry University

Әзірбайжан Мемлекеттік Мұнай және өндіріс университеті

https://www.asoiu.edu.az/az

Azerbaijan State Pedagogical University

Әзірбайжан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

https://www.asoiu.edu.az/az

Azerbaijan State University ofCulture and Arts

Әзірбайжан Мемлекеттік Мәдениет және өнер университеті

https://www.admiu.edu.az/index.php

Azerbaijan State University of Economics

Әзірбайжан Мемлекеттік эЭкономикалық университеті

https://www.enec.edu.az

Azerbaijan Technical University

Әзірбайжан Техникалық Университеті

https://www.aztu.edu.az

Azerbaijan University of Architecture and Construction

Әзірбайжан архитектура және құрылыс университеті

 

Әзірбайжан Республикасы Білім министрлігінің байланыс құралдары:

Ниджат Маммадли – Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы nijat.mammadli@edu.gov.az

Модат Гасанов – Шетелде білім беру және шетелдік студенттермен жұмыс секторының жетекшісі

Muzhdat.hasanov@edu.gov.az

Гюнай Джафарзаде – Шетелде білім беру және шетелдік студенттермен жұмыс секторының кеңесшісі

(+99412) 5991155 (Ішкі нөмірі 5307)

Gunay.jafarzade@edugov.kz

 

«Study in Azerbaijan» халықаралық бағдарламасы

13.02.2020

  «ISPs» аясында үміткерлер Әзірбайжан Республикасының жоғары оқу орындарында базалық медициналық білім беру және резидентура...

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары

соц сеть болашақ

Құрметті достар!

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  мына әлеуметтік желілерде ресми парақшалары бар екендігін хабарлаймыз:

Facebook – Bolashaq Presidental Scholarship

Instagram - bolashaq.cip

Telegram – Bolashaq News

Twitter – Bolashaq Presidential Scholarship


Орталық мекен жайы: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы 55/13, “EXPO”  Бизнес орталығы, С2-1 блогы, 2 қабат.

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – Жұма, 9.00: 18.30

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары

12.02.2020

Құрметті достар! «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  мына әлеуметтік желілерде ресми парақшалары бар екендігін хабарлаймыз: Facebook –...

«Жол жүру гранттары» жобасы – сіздің сәттілікке жол ашар билетіңіз

Болашак чарити2

 

«Болашақ» корпоративтік қоры 2020 жылы «Жол жүру гранттары» жобасына өтініштер қабылдау туралы хабарлайды. Бірегей әлеуметтік жоба 2014 жылдан бастап жылда өткізілетін Қысқы қайырымдылық балында жиналған қаражатқа жүзеге асырылады. Өтініштер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады.

Жоба 6 жыл жүзеге асырылып келеді. Осы жылдар барысында қормен 80 грант тағайындалған. 2014 жылдан бастап 100-ден астам өтінім түсті.

«Болашақ» қорының жол жүру гранттарының иегерлері әлемнің 20 елінде өткізілген 30-ға жуық байқаулар мен жарыстардан бір гран-при, екі алтын, төрт күміс және он қола медаль жеңіп алды.

Жобаның мақсаты – дарынды жастарды, оның ішінде Қазақстанда және шетелде өткізілетін шығармашылық конкурстарға, зияткерлік және спорттық жарыстарға қатысуға жеткілікті қаражаты жоқ жастарды анықтау және ілгерілету.

Жол жүру гранты қатысушының іс-шараны өткізу орнына және кері қайтар жолдың көлік шығындарын өтейді. Кез келген адам, соның ішінде мектеп оқушылары, балалар үйі мен интернат мекемелерінің түлектері, студенттер, жас мамандар және т.б. грант алуға үміткер бола алады.

Біздің грант иеленушілеріміз – өз арманын қуған күш-жігері мықты, қайратты, батыл, сонымен бірге олар алдына биік мақсат, үлкен талап қоятын және міндетті түрде оларға қол жеткізетін адамдар екеніне өте қуаныштымыз!

Ермек Қалымбетов, Ресейде өткізілген коляскадағы биден Әлем Кубогы – Континенттер Кубогында қола медаль иегері:

- Мен "Болашақ" КҚ сапарға демеушілік көрсеткендері үшін, қаржылық қолдау көрсеткендері үшін, армандарды жүзеге асыруға және біздің елімізді әлемдік аренада лайықты танытуға мүмкіндік бергендері үшін алғысымды білдіремін!

Лаура Табажанова, Англияда өткізілген донорлық органдарды трансплантациялаудан өткен адамдар мен диализдегі пациенттер арасындағы Дүниежүзілік ойындарда қола медаль иегері:

- Мен барлық банктерді жүгіріп өттім - маған несие берген жоқ. Анам несиеге 500 мың теңге алды. Мен достарымнан тағы 300 мың алдым. Билеттерді броньдап жатқан уақытта, «Болашақ» корпоративтік қорынан жауап келеді... Қор маған жол жүру грантын тағайындап, билетақысын төледі! 300 мыңды достарыма бірден қайтардым.

Жоба ережелерімен қордың веб-сайтында www.bolashakcharity.kz Жобалар айдарында танысуға болады.Өтінімдер charityfoudation@bolashak.kz электронды пошта арқылы немесе Нұр-Сұлтан қ., Қонаев к. 12/1, 411-офис мекен-жайы бойынша қабылданады. Байланыс телефоны: 8 7172 500 618.

Анықтама: 

Жол жүру грантының иегерлері қатысқан жарыстар: есту қабілеті нашар спортшылар арасындағы үстел теннисі және мини-футбол бойынша әлем чемпионаттары (Түркия (күміс) және Қырғызстан (қола), соқыр және көздері нашар көретін ҚР азаматтарының қатысуымен Астанадан Парижге Blind race 2018 веломарафоны, коляскадағы биден «Парачир» чемпионаты (АҚШ (Гран-при), джиу-джитсу бойынша әлем чемпионаты (БАӘ (күміс және қола медальдар), «Украина дауысы 2016» тележобасы және т.б.

«Жол жүру гранттары» жобасы – сіздің сәттілікке жол ашар билетіңіз

12.02.2020

  «Болашақ» корпоративтік қоры 2020 жылы «Жол жүру гранттары» жобасына өтініштер қабылдау туралы хабарлайды. Бірегей әлеуметтік...

Украина ЖОО-да оқуға 18 үміткер ұсынылды

photo 2020-02-11 16-52-56

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және ғылым министрлігінің арасындағы 2010 жылғы 10 қыркүйектегі Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 2020-2021 оқу жылынаУкраина үкіметі Қазақстан азаматтары үшін 40 білім грантын бөлді.

Білім беру мекемелері және мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын Конкурстық комиссия отырысының  нәтижесі бойынша 18 адам оқуға түсуге ұсынылды. Оқу грантын тағайындау туралы соңғы шешімді Украина тарабы қабылдайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Украинаның мемлекеттік бюджеті қаражатының есебінен оқуға ұсынылған үміткерлер 2020 жылғы 25 тамыз және 1 қыркүйек аралығында Украинаның жоғары оқу орындарына келіп, келесі құжаттарды тиісті бөлімге/қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсырады:  

а)  оқуға түсуге негіз болатын, бұрын алған білімі (білімі және біліктілігі) туралы құжат (түпнұсқасы мен оның көшірмесі);

б)  оқуға түсуге негіз болатын, бұрын алған білімі (білімі және біліктілігі) туралы құжатқа қосымша (түпнұсқасы мен оның көшірмесі);

в)паспорттың көшірмесі;

г)  медициналық сақтандыру полисі;

д)  3×4 см өлшемінде 4 фотосурет.

а), б), в) тармақтарында аталған құжаттар украин тіліне аударылып, нотариалды куәландырылуы тиіс.

а), б) тармақтарында аталған құжаттар оларды берген мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресми куәландырылып,  Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігімен заңдастырылуы тиіс.

Сонымен қатар, үміткерлер амбулаторлықжәне стационарлық медициналық қызмет көрсетуді көздейтін медициналық сақтандыруды алуы қажет.

Ұсынылған үміткерлер тізімін мына жерден көре аласыз.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Украина ЖОО-да оқуға 18 үміткер ұсынылды

11.02.2020

  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және ғылым министрлігінің арасындағы 2010...

Несколько проектов по запуску 3D симуляторов в обучении разработал выпускник программы «Болашақ» Сапаргали Карауылбаев

сапаргали

Завкафедрой прикладной информатики и программирования Таразского государственного университета имени М.Х.Дулати (ТарГУ) в 2011 году получил степень доктора философии PhD по педагогическим наукам в Российском университете дружбы народов, где обучался по стипендии «Болашақ».

После защиты диссертации Сапаргали Карауылбаев продолжил научно-педагогическую работу в ТарГУ и разработал несколько проектов по направлению 3D симуляторов в обучении: «Компьютерные учебно-деловые игры в образовании и учебные компьютерные симуляторы производственных процессов» и «Разработка и экспериментальное использование компьютерной психодиагностики и 3D симуляторов психокоррекции».

«Я думаю, что обучение молодежи в передовых университетах мира является драйвером экономики и образования нашей страны. И я, как выпускник Президентской стипендии «Болашақ», стремлюсь передать знания своим студентам, прививаю в них стремление к инновационному мышлению, к познанию новых технологий. Я горжусь, что все стипендиаты «Болашақ», как и я, завершив обучение, трудятся на благо нашей Родины», - рассказывает обладатель стипендии.

Он выпустил учебное пособие на казахском языке «Программирование в Python», регулярно делится опытом исследований с коллегами, публикует научные статьи в журналах, выступает на конференциях и вебинарах.

По материалам журнала "Bolashaq": https://ru.calameo.com/read/006104428d72119cb7d64

Несколько проектов по запуску 3D симуляторов в обучении разработал выпускник программы «Болашақ» Сапаргали Карауылбаев

07.02.2020

Завкафедрой прикладной информатики и программирования Таразского государственного университета имени М.Х.Дулати (ТарГУ) в 2011 году...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design