«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

Тағылымдамадан өтуге үміткерлер

 

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2020 жылға белгілеген санаттары:

 

  • Ғылыми-педагог қызметкерлер;
  • Инженерлік-техникалық қызметкерлер;
  • Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер;
  • Мемлекеттік қызметшілер.

 

     Конкурсқа қатысуға жоғары білімі не бакалавр дәрежесі бар және осы Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкес құжаттар ұсынған, тілдік курстарға, академиялық оқуға/тағылымдамаға және кейіннен еңбекпен өтеуге кететін жиынтық оқыту мерзімдерін ескергенде құжаттарды тапсыру сәтінде заңнамада белгіленген зейнеткерлік жас шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.

 

ОСЫ САНАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

 

  • тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз (қаржылық шарттарды қоспағанда) шақыруының болуы;
  • кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде таңдап алынған мамандану саласында соңғы 12 (он екі) ай жалпы жұмыс өтілі бар;
  • В1 деңгейінен кем емес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
  • бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балл есепке алынбайды.

1-ҚАДАМ. ҚҰЖАТТАРДЫ ЖИНАУ

  • жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтап қалу шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімі;
  • паспорт және жеке куәлік;
  • қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломы, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңі үшін аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді;
  • тағылымдамадан өту үшін қабылдайтын шетелдік ұйымның талабы болған жағдайда, сондай-ақ визаны ресімдеу қажет болған кезде тағылымдамадан өту үшін тиісті нәтижесі бар, шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
  • шетелге шығатын адамдар үшін 082у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
  • тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептеулері толық жазылған) көрсетілген, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шартсыз (қаржылық шарттарды қоспағанда) шақыруын растайтын құжаттар;
  • жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес құрылған және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекітетін тағылымдамадан өту бағдарламасы.

2-ҚАДАМ. КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ

 

I Тур. Бірінші турда зияткерлік қабілеттер деңгейін, жеке-іскерлік құзыреттілігін, шетелде оқуға психологиялық дайындығын анықтау бойынша кешенді тестілеу өткізіледі.

II Тур. Екінші тур үміткерлердің тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жасырын жеке әңгімелесуден өтуін ұйымдастыру жолымен өткізіледі.

Екінші турда үміткердің кәсіби дайындық деңгейі, теориялық білімі және таңдаған мамандану саласында кәсіби құзыреттілігінің болуы анықталады.

III Тур. Республикалық комиссия тәуелсіз сараптамалық комиссиясының ұсынымдары негізінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, ол туралы үміткер Әкімшінің ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастыру жолымен хабардар етіледі.

3-ҚАДАМ. ШАРТ ЖАСАУ РӘСІМІ

 

        Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімінен кейін стипендиат не оның сенім білдірілген адамы стипендия тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Заң қызметі департаментіне хабарласып, Қоғаммен оқуды ұйымдастыру туралы шарт, сондай-ақ кепілдік шарты  жасасуы қажет. Шарттар мерзімінде жасалмаған жағдайда, стипендиат «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерінің мәртебесінен айырылады. Шарт жасау рәсімі бойынша толығырақ ақпаратты Шарттар бөлімінен қараңыз.

 

 

4-ҚАДАМ. ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ

 

      Cтипендиат шарт жасасып және Заң қызметі департаментінен қолхат алғаннан кейін Оқуды ұйымдастыру және мониторинг департаментіне жүгінуі тиіс. Бұл департаментте әр стипендиатқа оқу мерзімі кезеңіне куратор тағайындалады. Сонымен қатар, стипендиат төлем картасын ресімдеу және өзге де қаржылық мәселелер бойынша Оқуды қаржыландыру басқармасынан кеңес ала алады.

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design