Басты бет > КОМАНДА > Сырлыбай Еркебұлан Мұратұлы
Артқа қайту

Сырлыбай Еркебұлан Мұратұлы

Басқарушы директор

Байланыс:
+7 7172 76 90 76 (ішкі 108)
syrlybay@bolashak.gov.kz

Еркебұлан Мұратұлы 1990 жылы туған. Астана қаласындағы қазақ-түрік лицейін бітірген. 2011 жылы KIMEP University-де іскерлік әкімшілендіру бакалавры дәрежесін, 2012 жылы Англияда University of Wales оқу орнында «нарық ісін басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

2012-2014жж. «Транстелеком» АҚ-да корпоративтік даму және стратегиялық жоспарлау басқармасында бас маман болып жұмыс істеді.

2014-2016жж. «APEC Petrotechnic жоғары колледжде»/»Кәсіпқор» холдингі» КеаҚ-та Коммерциялық дамыту бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2016-2017жж. «ДАМУ» кәсіпкерлік қоры» АҚ-да Басқарма төрағасының көмекшісі.

2017-2019жж. жекеменшік АТ компанияларда Басқарушы директор/Директордың орынбасары лауазымын атқарды.

2019-2020жж. «Қазгеология» АҚ-да Жобалық кеңсесінің басшысы болып жұмыс істеді.

2020-2021жж. жекеменшік АТ компанияда бірінші басшы/СЕО.

2021 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін В2В бағытындағы бизнес-процестерді автоматтандыру саласында өзінің жеке АТ жобалары бар.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Триатлонмен айналысады, Астана қ. SVteam клубының мүшесі.