«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Кадир Хас Университетінде оқу гранттары

Кадир Хас

Кадир Хас университеті 1997 жылы Ыстанбұл қаласында негізі қаланған. Негізгі кампусы Ыстанбұл қаласының орталығында орналасқан.

Кадир Хас –жеті факультеттен құрастырылған жекеменшікті университет: Өнер және дизайн факультеті, коммуникация факультеті, экономика, әкімшілік және әлеуметтік ғылымдар факультеті, инженерлік және жаратылыстану факультеті, менеджмент факультеті, қолданбалы ғылымдар факультеті, заң факультеті және екі жоғары оқу орны: техникалық және жаратылыстану ғылымдары институты мен әлеуметтік ғылымдар институты. Кадир Хас университеті 27 бакалавриат және 31 магистратура бағдарламаларын (магистратура, магистратура, PhD) ұсынады. Оқу тілі — ағылшын және түрік тілдері.

Университет жайлы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы біле аласыз: http://www.khas.edu.tr/en/

Кадир Хас Университеті 2018–2019 оқу жылдарына студенттерді қабылдау туралы хабарлайды.

Толық және жартылай гранттар ұсынады.

Құжаттарды келесі сілтеме арқылы онлайн өтінім жүйесінде тапсыруыңыз қажет.

Өтініш берудің соңғы мерзімі 10 тамыз 2018 жыл: http://sparks.khas.edu.tr/sap/bc/webdynpro/sap/zher_candidate_addmission?sap-language=EN#

Бакалавриат бағдарламаларына арналған қажетті құжаттар (ағылшын немесе түрік тілінде аударылуы қажет):

  • Мектепті бітіргені туралы аттестат немесе диплом (түпнұсқаның ағылшын тіліне аударылған көшірмесі)
  • Табель немесе транскрипт көшірмесі
  • Ағылшын тілін білгеніне байланысты сертификат, IELTS немесе TOEFL

Кадир Хас университеті өз университетінде оқу жылының басталуына дейін қыркүйек айында өткізілетін ағылшын тілі тестін ұсынады.

Магистратураға арналған қажетті құжаттар (ағылшын немесе түрік тілінде аударылуы қажет):

  • Диплом көшірмесі (түпнұсқаның ағылшын тіліне аударылған көшірмесі)
  • Дипломның транскрипті (түпнұсқаның ағылшын тіліне аударылған көшірмесі)
  • Ағылшын тілін білгеніне байланысты сертификат, IELTS немесе TOEFL
  • Магистратураға түсуге арналған емтихан сертификаты (GRE/GMAT)**
  • Уәждемелік хат
  • 2 ұсыныс хат

*Кадир Хас университеті оқу жылы басталмас бұрын, қыркүйек айында талапкерлерге өздерінің ағылшын тілін меңгеруі бойынша тестін ұсынады.

**Табиғи және техникалық ғылымдар институтының студенттеріне арналған бағдарламалар.

Бағдарламалар

Бағдарлама құны

Құны

(25% жеңілдік)

Құны

(50% жеңілдік)

Толық грант

Бакалавриат

     (жылына)

USD 12.000

USD 9.000

USD 6.000

+

Магистратура

(толық бағдарлама)

USD 12.000

USD 9.000

USD 6.000

+

         Докторантура

(толық бағдарлама)

USD 20.000

USD 15.000

USD 10.000

+

Гранттаракадемиялықкөрсеткіштерінегізіндеберіледі.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда төмендегі номерлар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз

Тел: +7 (7172) 24-93-71,76-90-83

Электронды поштаkozhan@cip.bolashak.gov.kz

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design