«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Ульсан ұлттық университетінде магистратура мен докторантураға арналған оқу гранттары

15.Обучение в корее

UNIST 2007 жылы әлемге әйгілі автомобиль (Hyundai Motor), кеме жасау (Hyundai Heavy Industries), мұнай-химия (SK Energy) концерндерінің

фабрикалары топтастырылған өнеркәсіптік астанасыУльсан қаласында жоғары білімге сұранысқа жауап ретінде құрылған. Университет Оңтүстік Кореяның техникалық бағытындағы үздік топ 3 университеттер қатарында. UNIST құрамына 9 ғылыми-техникалық мектеп, бизнес-мектеп және жалпы ғылыми-зерттеу бөлімі (DGS) кіреді. Сонымен қатар, бірнеше мамандандырылған жоғары кәсіби мектептер мен ғылыми орталықтар бар. UNIST-та 100% курстар ағылшын тілінде оқытылады.

Грант келесіні қамтиды:

- тегін білім алу

- ай сайынғы стипендия

Магистратура: 800,000 воннан бастап ($ 750)

Докторантура: 1,100,000 воннан бастап ($ 1000)

Бұл грант «management engineering» мамандығына және CDE / GSIM / GSTIM кәсіби мектептеріне грант бөлінбейді.

Магистратураға тіркелу мерзімі:

Көктемгі семестр 2020 ж.

Онлайн тіркелу: 13/08/2019 — 12/09/2019

Құжаттары қабылдау: 13/08/2019 — 13/09/2019

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

Магистрлер үшін:

- Бакалавр дәрежесі бар немесе семестрдің басталуына дейін бакалавр дәрежесін алуды жоспарлайтын үміткерлер. Немесе баламалы білім алғандар.

Докторантура үшін:

- Магистр дәрежесі бар немесе семестрдің басталуына дейін магистр дәрежесін алуды жоспарлайтын үміткерлер. Немесе баламалы білім алғандар.

- Үміткерлер ағылшын тілін білу үшін келесі сертификаттардың біреуіне ие болуы керек: TOEFL (800), IELTS (5.5),TEPS (640), TOEIC S/W (270)

Қажетті құжаттар:

- Тексеру тізімі (форма 1)

- Сауалнама

- Бакалавриат дипломы (немесе магистратура)

- Бакалавр транскрипті (немесе магистратура)

- Оқу жоспары (форма 2)

-  Өзі жайлы эссе

- Ағылшын тілі деңгейінің сертификаты

- Деректерді ашуға келісім (форма 3)

- Басқа да қосымша құжаттар

-Тіркеу жарнасы (80$)

Тіркелу үшін үміткерлер онлайн тәртібінде тіркеліп, тіркеу нөмірін ала алады. Онлайн тіркелуден өткен соң, құжаттарды пошта арқылы немесе арнайы түрде келесі мекен-жай бойынша университетке жіберу керек:

Admissions Team, Room #105, Main Administrative Building, UNIST-gil

50, Ulju-gun, Ulsan 44919, Republic of Korea

Кандидаттар конкурстың нәтижелерін университеттің сайтында өз бетінше тексеруі керек.

Қабылдау туралы нұсқаулықты және өтініш формасын, ұсыныс хаттарын жүктеп алу үшін келесі сілтемені басыңыз: http://adm-g.intl.unist.ac.kr/admissions/guidelines/

Қосымша сұрақтар туралы 8 (7172) 76 90 69 телефоны бойынша хабарласыңыз

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design