«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» бағдарламасының баспасөз хатшысы тағайындалды

74528233 2258858737552619 3640620520124186624 n

Танымал журналист, тележүргізуші Жігер Сәрсен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды.

Жігер Батырбекұлы Сәрсен 1984 жылдың 16 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы «Хабар» телеарнасында бағдарламалар қызметінің редакторы, «Бизнес мекен» бағдарламасында жүргізуші ретінде бастаған. 2009–2014 жылдары телеарнаның ақпараттық-сараптама дирекциясында корреспондент, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін насихаттаушы «Президенттік пул» тілшісі қызметтерін атқарды.
2014–2016 жылдар аралығында «Хабар 24» арнасының Америка Құрама Штаттарындағы (Вашингтон қаласы) меншікті тілшісі болды.
2017–2018 жылдары Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне жетекшілік етті.
2019 жылдың қыркүйегінен бері «Хабар» арнасындағы «Prime Time» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі қызметін атқарып келді.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design