«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ынтымақтастық меморандумына қол қойды

7A0A2826

2019 жылғы 5 қарашада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Айнұр Кәрібозова өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Меморандумның басты мақсаты – ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шетелдерде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттырудың халықаралық бағдарламаларын әкімшілендіру рәсімдері шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыр.

Кездесуде сондай-ақ Агенттік мамандарының «Болашақ» баңдарламасы шеңберінде шетелдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы алдыңғы қатарлы оқу орындарында тағылымдамалардан өтуі жайында сөз болды.

Бүгінде «Болашақ» бағдарламасының 11 түлегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде қызмет атқаруда.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design