«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Өз ісінің маманы — Гүлмира Байхожаева

Гулмира Байхожаева

Сіздердің назарларыңызға “Өз ісінің маманы” атты жаңа айдарымызды ұсынамыз. Бұл айдарымызда қызметкерлерімізбен таныстыратын боламыз.

Гүлмира Байхожаева — “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ Оқуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің менеджері.

Гүлмира Мұратқызы Орталықта 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Оның кураторлығында қазіргі күнде Ұлыбританияда тіл курстары/ академиялық оқуда жүрген 100 стипендиат бар.

Инновациялық Еуразия университетінде “Шет тілдері” және “Экономика” мамандықтары бойынша білім алған (Павлодар қ.). Сондай-ақ, The University of Warwick-те (Ұлыбритания) “MA in Education Studies” мамандығы бойынша магистратура тәмамдаған.

Г. Байхожаева белді қызметкерлердің бірі. Бірнеше рет “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ алғыс хатымен марапатталған.

“Кураторлық жұмыс өте қызықты әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Стипендиатпен уақыт айырмашылығына қарамастан 24/7 тәулік бойы байланыста болуың тиіс. Студенттер шетелдегі академиялық оқу мәселелер туындағанда кураторы ретінде тез арада назар аударып, Болашақтың ішкі ережесінен шыға отырып, дұрыс бағыттап отыруым керек”,- дейді Гүлмира.

Оқуды ұйымдастыру және мониторинг департаменті “Болашақ” бағдарламасымен шетелде оқып жатқан стипендиаттарды әрдайым қадағалап отырады. Сонымен қатар, департамент мамандары стипендиаттарды тіл курстарына орналастыруға көмектеседі, ЖОО мен елшіліктерге кепілдік хаттарын, оқуға авиабилеттерін алып береді. Студентті оқудың басынан аяғына дейін жол көрсетіп жүреді. Бұдан бөлек департамент шетелдік оқу орындарымен серіктестік байланыста және жыл сайын халықаралық көрмелерге белсенді қатысып тұрады.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design