«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Атырауда «Bolashaq Talks» жобасының кезекті басқосуы өтті

болашакталкс атырау

2020 жылғы 4 наурызда Атырауда Халықаралық бағдарламалар орталығы «Tengizchevroil» компаниясымен бірлесіп «Bolashaq Talks» пікірталас алаңының кезекті отырысын өткізді.

Оған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова, «ТШО» ХГҰ АҚ ЖШС Байланыс жөніндегі директоры Мария Қаражігітова, «ТШО» ЖШС Өндіріс пен бизнесті жоспарлау менеджері Айдар Святов, Petrocouncil.kz веб-сайтының негізін қалаушы, Atyrau hub және Atyrau Energy Challenge, APEC Petrotechnic ұйымдастырушысы Раушан Найзабаева, С. Өтебаев атындағы АтМГУ академиялық мәселелер және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, PhD, «Болашақ» түлегі     Болатжан Кұмалақов, NCOC заң директоры   Гүлжан Бөрібекова және ТШО компаниясының қызметкерлері мен «Болашақ бағдарламасының түлектері қатысты.

Пікірталас алаңының бұл жолғы басқосуы «Bolashaq & Life Long Learning» тақырыбына арналды. Талқылауға қатысушылар аймақта маман тапшылығын жоюда қолға алыну тиіс мәселелерге баса мән берді. Әсіресе индустрия саласында үш буынды ұрпақ сабақтастығының қызмет жасау үрдісі сөз болды.

Бүгінгі күні Атырау облысы бойынша «Болашақ» бағдарламасының 157 түлегі өздерінің еңбек өтілдерін өтеу үстінде. Соның 19-ы «Tengizсhevrоil» ЖШС-де қызмет етіп жатыр. Жалпы түлектердің басым бөлігі магистратура бағдарламасы бойынша білім алып келгендер. Небәрі 2 адам ғана тағлымдамадан өткен. Сондықтан осы кемшіліктердің орнын толтыру маңызды.

Пікірталас қатысушылары «Болашақ» түлектерінің жиі бас қосып, түрлі тақырыптар төңірегінде талқылу жасауына «Bolashaq Talks» алаңының берері мол екенін ерекше атап өтті.      

        

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design