«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

IMG-20200509-WA0041

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері соғыс ардагері Двоиченко Нонна Константиновнаның үйіне барып, мерекесімен құттықтады. Орталық ұжымы жинаған қаржысына сый-сияпат алып, майдангер қарқа табыстады. Олар Нонна Константиновнаның естеліктерін тыңдады, болашақ ұрпақтың бейбіт күні үшін жанпида еткен батырдың ерлігіне алғыс айтты.

IMG-20200505-WA0001

Нонна Константиновна 1923 жылы 11 қазанда Кострома қаласында дүниеге келген. Ол майданда Краснодар өлкесінің Туапсе қаласы маңындағы өткелде диспетчерлер тобында қызмет етті, ал 1943 жылдың қаңтар айынан бастап Севкавронт 56-армиясының № 623 хирургиялық далалық жылжымалы госпиталінде медбике болып жұмыс істеді.


Соғыстың қатысушысы ретінде екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін медалімен және маршал Г. К. Жуков медалімен марапатталған. 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығына орай. «1941–1945 жылдардағы соғыс ардагері» белгісімен марапатталған.

IMG-20200505-WA0002

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design