«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

"Халықаралық бағдарламалар орталығы " АҚ-да «Болашақ» бағдарламасын іске асырудағы өзгерістер " тақырыбында онлайн-брифингтер өтті

WhatsApp Image 2020-05-20 at 20.51.20

2020 жылғы 20 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың қатысуымен «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуындағы өзгерістер» тақырыбында онлайн-брифингтер өтті. Оған С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері, Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысы Ақерке Абылайхан, сондай-ақ аймақтағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Бейнеконференциялар барысында «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу Ережелеріне енгізілген жаңа өзгерістер түсіндірілді. Атап айтқанда басымдық берілген мамандықтардың тізімі, үміткерлерді конкурстық іріктеу мен конкурсқа қатысу талаптары жайында жан-жақты ақпараттар берілді.

Бейнеконференциялар нәтижесі бойынша қатысушылар барлық көкейдегі сауалдарына толыққанды жауаптар алды.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design