10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 92; 76 90 44; 76 91 04; 24 93 96.

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

zasedanie rk

Астана, 2017 жылғы 7 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысты ашқан Г. Әбдіқалықова Мемлекет Басшысының білімнің рухани жаңғыру кезінде зияткерлік қоғам қалыптастырудағы маңызды рөлін белгілегенін атап өтті. Мемлекеттік хатшы «Болашақ» стипендиясы конкурсының іріктеу кезеңінде ел дамуының басымдылықтарына негізделе отырып, жобалар мен ғылыми зерттеулердің мазмұнын ескеру керек екенін тілге тиек етті. Іске асырылатын жобалардың, әсіресе, тағылымдамалар бағдарламаларының іргелі және қолданбалы мәніне ерекше назар аудару керек.

Комиссия шешімі бойынша магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 270 үміткерге, сондай-ақ «Тағылымдамалар» санаты бойынша 39 стипендиатқа тағайындалды. Олардың ішінде 22 адам «АХҚО қызметкерлері» санаты және 17 адам «Ғылыми қызметкерлер» санаты бойынша. 2017 жылы 600 стипендия бөлінді.

Жалпы 2017 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурстық іріктеуге 947 үміткер қатысты.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның үш отырысы қорытындысында келесі санаттар бойынша 560 стипендия тағайындалды:

  • өз бетінше түскендер – 182 (магистратура – 154, докторантура – 28), 269 өтінім тіркелді;
  • инженерлік-техникалық қызметкерлер магистратураға – 53, тіркелгені –67;
  • мемлекеттік қызметшілер магистратураға– 82, тіркелгені – 151;
  • ғылыми-педагог қызметкерлер магистратураға– 39, тіркелгені – 66;
  • БАҚ редакциясы қызметкерлері магистратураға– 10, тіркелгені – 19;
  • жалпы конкурс магистратураға– 142, тіркелгені – 182;
  • мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер– 1, тіркелгені – 1;
  • «Ғылыми қызметкерлер» және «АХҚО қызметкерлері» тағылымдамаға – 51, тіркелгені – 192.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік қызметшілер» санаты бойынша конкурсқа: бас прокурордың аға көмекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер орталығы сарапшысы, Премьер-Министр Кеңсесінің бас кеңесшісі, әкім кеңесшісі, қала әкімі орынбасары, ҚР БҒМ бірінші басшысының көмекшісі, ҚР ҰЭМ Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы басшысы, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті  басқармасының  басшысы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі басқармасының  басшысы, ҚР ҚМ Агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бюджеті департаменті директорының орынбасары, ҚР ӘМ Сот актілерін орындау департаментінің атқару өнідірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы қатысты

Стипендиаттардың толық тізімін сілтеме арқылы көре аласыздар

Сонымен қатар, отырыс барысында Комиссия шешімімен 2018–2025 жылдарға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары және 2018 жылғы Басым мамандықтар тізбесі қабылданды. 2018 жылғы стипендиялардың шекті саны 555 орынды құрайды.

Отырыс қортындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Анықтама:

2017 жылғы мамыр айынан конкурстық іріктеу алты турдан тұрады.

Бірінші тур Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен уәждемелік және ұсыныс хаттарын жасырын түрде бағалау жолымен өткізіледі.

Екінші турда үміткерлер British Council (UK), DAAD (Германия) және ACET (Америка) шетелдік ұйымдары өткізетін шет тілі бойынша тестілеуден өтеді.

Үшінші турда үміткердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталады, оны Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

Төртінші турда кешенді тестілеу жүргізіледі, оның нәтижесінде сарапшылар үміткердің ақыл коэффициенті, оның жүйке-психологиялық тұрақтылығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тарихы мен Конституциясы жөніндегі білімі бойынша қорытынды береді. Кешенді тестілеуді «Қасиет» психология орталығы жүргізеді.

Бесінші турда үміткерлер мамандық бағыты бойынша Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесуден өтеді. ТСК сарапшылары үміткердің кәсіби дайындығы деңгейін, оның таңдалған оқу мамандығы жайлы негізгі білімін және мамандықты таңдауды түсіну деңгейін анықтайды.

Конкурстың барлық турлары қорытындысы бойынша Республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау немесе тағайындамау бойынша соңғы шешім қабылдайды. 

 

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba