«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

  • ins

Соңғы жаңалықтар

Жаңа ереже: назарда Батыс Қазақстан облысы⠀

WhatsApp Image 2020-06-05 at 11.39.36

2020 жылғы 5 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушы-профессорлық құрамын «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуындағы өзгерістермен таныстырды.

Брифинг барысында «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу Ережелеріне енгізілген жаңа өзгерістер түсіндірілді. Олардың ішінде басым мамандықтар тізімі, конкурстық кезеңдер және құжат қабылдау мерзіміне қатысты сауалдар негізгі назарға алынды. Бейнеконференция қатысушылары тарапынан ғылыми және кәсіптік тағылымдамадан өту бағдарламалары, жылжымайтын мүлік кепіліне қажеттілік және үміткерлерге қойылатын талаптарға қатысты бірқатар сұрақтар қойылды.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысынан 209 түлек дайындалды. Қазіргі таңда облыста 46 түлек міндетті еңбек өтілін өтеу үстінде, соның 7-уі М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс істейді.

Ақпарат үшін: «Болашақ» бағдарламасының 26 жылында барлығы 13 870 стипендия тағайындалып, оның ішінде түрлі салаларда 10 749 маман дайындалды.

Жаңа ереже: назарда Батыс Қазақстан облысы⠀

06.06.2020

2020 жылғы 5 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова Жәңгір хан атындағы...

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің сұхбаты

WhatsApp Image 2020-06-05 at 19.06.51

«Болашақ» стипендиясының талаптарындағы өзгерістер мен ұйымның жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолында жасап жатқан жұмыстары қандай?

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың Azattyq Rýhy-на берген сұхбатына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=JdyO9A1ho6c

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің сұхбаты

05.06.2020

«Болашақ» стипендиясының талаптарындағы өзгерістер мен ұйымның жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолында жасап жатқан жұмыстары...

QAZAQ RADIOSY эфирінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова.

WhatsApp Image 2020-06-04 at 10.54.07

4 маусым, сағат 10:15-те QAZAQ RADIOSY-ның тікелей эфирінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың қатысуымен «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеудің жаңа Ережелерін түсіндіруге қатысты «Арнайы хабар» ұйымдастырылды.

Арнайы шығарылымның толық нұсқасы: https://qazradio.fm/kz/news/17045/

QAZAQ RADIOSY эфирінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова.

04.06.2020

4 маусым, сағат 10:15-те QAZAQ RADIOSY-ның тікелей эфирінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр...

Атырау облысы және «Болашақпен» білім алу

WhatsApp Image 2020-06-04 at 15.43.42

2020 жылғы 4 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың қатысуымен «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуындағы өзгерістер» тақырыбында онлайн-брифингтер өтті. Оған Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушы-профессорлық құрамы қатысты.

Бейнеконференциялар барысында «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу Ережелеріне енгізілген жаңа өзгерістер түсіндірілді.

Бейнеконференциялар нәтижесі бойынша қатысушылар пандемия жағдайында оқыту форматы, ғылыми және кәсіби тағылымдамаларды ұйымдастыру және үміткерлерге қойылатын талаптарға қатысты сұрақтар қойды.

«Болашақ» бағдарламасы аясында осы уақытқа дейін Атырау облысынан 300 түлек дайындалды. Қазіргі таңда облыста 170 түлек міндетті еңбек өтілін өтеу үстінде, соның 11-і Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде және 9-ы С. Өтебаев атындағы Атырау мемлекеттік мұнай және газ университетінде жұмыс істейді.

Ақпарат үшін: «Болашақ» бағдарламасының 26 жылында барлығы 13 870 стипендия тағайындалып, оның ішінде түрлі салаларда 10 749 маман дайындалды.

 

Атырау облысы және «Болашақпен» білім алу

04.06.2020

2020 жылғы 4 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың қатысуымен «Болашақ» бағдарламасының...

4 маусым-ҚР Мемлекеттік рәміздері күні

WhatsApp Image 2020-06-04 at 09.13.31

Бүгін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.

Қазақстан - Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты!

Әрқашан көгімізден Әнұран шырқап, төрімізден Туымыз түспесін!

Әрқашан көгімізден Әнұран шырқап, төрімізден Туымыз түспесін!

Әрқашан көгімізден Әнұран шырқап, төрімізден Туымыз түспесін!

4 маусым-ҚР Мемлекеттік рәміздері күні

04.06.2020

Бүгін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Қазақстан - Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты! Әрқашан...

Жаңа ереже: назарда Манғыстау облысы

WhatsApp Image 2020-06-03 at 13.19.24

2020 жылғы 3 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері мен оқытушы-профессорлық құрамын «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуындағы өзгерістермен таныстырды.

Брифинг барысында жаңа Ережедегі ерекшеліктер жан-жақты түсіндірілді. Соның ішінде басым мамандықтар тізімі, конкурстық кезеңдер, үміткерлерге қойылатын талаптар және құжат қабылдау мерзімі сияқты сауалдарға жауап ұсынылды.

Бүгінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша облыста 32 түлек міндетті еңбек өтілін өтеу үстінде, соның 27-сі Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде жұмыс істейді.

Ақпарат үшін: «Болашақ» бағдарламасының 26 жылында барлығы 13 870 стипендия тағайындалып, оның ішінде түрлі салаларда 10 749 маман дайындалды.

Жаңа ереже: назарда Манғыстау облысы

03.06.2020

2020 жылғы 3 маусымда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова Ш. Есенов атындағы...

Мемлекеттік хатшы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

WhatsApp Image 2020-05-30 at 10.33.36

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ, «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидаларына сәйкес қабылданады. Қағидаларда мына өзгерістер көзделген: басым мамандықтар тізбесі еңбек нарығындағы қажеттілік болжамын ескере отырып қалыптастырылады, ауылдық елді мекендерден шыққан үміткерлерді қоспағанда, үміткерлер «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орнынан басым мамандыққа оқу үшін шартсыз шақыру ұсыну, шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыруы бар үміткер үшін GPA талаптарын алып тастау, конкурстық іріктеу кезеңдерін алты турдан үш турға дейін қысқарту, қолданыстағы барлық квоталық санаттарды қысқарту, ағылшын тілінде алдын ала тілдік дайындау Қазақстанда тек ауылдық елді мекендерден шыққан үміткерлер үшін ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте шет тілін меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар күшейтіледі.

Сонымен қатар, «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың жаңа тәсілдері енгізіледі. Жаңа тәсілдер «Болашақ» стипендиясына конкурстық іріктеу тетіктерін жетілдіру мен автоматтандыруды «Президенттік жастар кадрлық резервіне» іріктеу тәсілі бойынша жүргізуді көздейді.

Отырыс қорытындысы бойынша Қырымбек Көшербаев әсіресе «Болашақ» стипендианттарының оқу және еңбекпен өтеу процесіне бақылау мен мониторинг жүргізуді күшейту және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 27 мамырда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде белгілеген міндеттерді іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді, Ақорда хабарлайды.

Мемлекеттік хатшы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

30.05.2020

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның...

Жаңа ереже Назарбаев университетіне таныстырылды

WhatsApp Image 2020-05-29 at 12.18.02

2020 жылғы 29 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова Назарбаев университетінің студенттері мен қызметкерлерін «Болашақ» бағдарламасын іске асырудағы өзгерістермен таныстырды. Онлайн бейнеконференцияға Назарбаев университетінің студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова, Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының директоры Мадина Айтақанова қатысты. Брифинг барысында Ережедегі түзетулердің негізгі тармақтары түсіндірілді. А. Кәрібозова қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Олардың ішінде басым мамандықтар тізімі, құжат қабылдау мерзімі, конкурстық кезеңдер, egov порталымен құжат тапсыру және MBA бағдарламасына қатысты сауалдар негізгі назарға алынды.

Бүгінде «Болашақ» бағдарламасының 427 түлегі Назарбаев Университеті мен оның қарамағындағы ұйымдарда еңбек етеді. Олардың ішінде 175 маман келісім-шарттық міндеттемелерін орындау үстінде. Айта кетейік, «Болашақ» бағдарламасының 26 жылында барлығы 13 870 стипендия тағайындалып, оның ішінде түрлі салаларда 10 749 маман дайындалды.


Жаңа ереже Назарбаев университетіне таныстырылды

29.05.2020

2020 жылғы 29 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова Назарбаев университетінің студенттері...

Жаңа ереже: назарда Түркістан облысы

WhatsApp Image 2020-05-28 at 18.44.37

2020 жылғы 28 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне арнап «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеудің жаңа Ережелері туралы онлайн-брифинг өткізді. Оған оқу орнының ректоры Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы және студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Бейнеконференция барысында Ережедегі түзетулердің негізгі тармақтары түсіндірілді. Атап айтқанда конкурсқа қатысу талаптары, конкурстық іріктеу рәсімдері, ауылдық елді мекендердегі үміткерлерге қойылатын талаптар және тағылымдамадан өту талқылаудың негізгі өзегіне айналды. ХБО президенті қатысушылардың барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Президенттік стипендия аясында Түркістан облысынан барлығы 95 түлек дайындалды. Бүгінде облыс бойынша 35 түлек міндетті еңбек өтілін өтеу үстінде, соның 8-і Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жұмыс істейді.

Ақпарат үшін: «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асырудың барлық кезеңінде 13 870 стипендия тағайындалды, оның ішінде түрлі салаларда 10 749 маман оқытылды.

Жаңа ереже: назарда Түркістан облысы

28.05.2020

2020 жылғы 28 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова Түркістан қаласында орналасқан...

«Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер Тараз жастарына таныстырылды

WhatsApp Image 2020-05-27 at 19.04.08

2020 жылғы 27 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне арнап «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуындағы өзгерістер» тақырыбында онлайн-брифинг өткізді. Оған оқу орнының ректоры Махметғали Сарыбеков және студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Бейнеконференция барысында «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу Ережелеріне енгізілген түзетулердің негізгі тармақтары жан-жақты түсіндірілді.

Брифинг соңында ғылыми және кәсіптік тағылымдамадан өту бағдарламалары, үміткерлердің жасына байланысты шектеулер, оқу аяқталғаннан кейін еңбек өтілін жүзеге асыру, сондай-ақ бағдарламаға қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзіміне қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. Айнұр Бағдатқызы қатысушылардың барлық сұрақтарына мазмұнды түрде жауап берді.

«Болашақ» бағдарламасы аясында Жамбыл облысынан барлығы 149 түлек дайындалды. Қазіргі таңда облыс бойынша 37 түлек міндетті еңбек өтілін өтеу үстінде, соның 5-уі М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жұмыс істейді.

«Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер Тараз жастарына таныстырылды

27.05.2020

2020 жылғы 27 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова М.Х. Дулати атындағы...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design