10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

япония

2019 жылдың қаңтарында Жапонияның Сыртқы істер министрлігі MIRAI-2018 бағдарламасына негізделе отырып, Орталық Азия мен Кавказ елдерінде заң факультеттерінде білім алып жатқан 40 студентті (бакалаврлар мен магистранттарды) тағылымдамадан өтуге шақырады. MIRAI-2018 бағдарламасының тақырыбы — «Заң шығарушы билік саласындағы кадрлар».

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі — 8 қараша (жұма), 18: 00-ге дейін.

Сіздердің өтініштеріңізді күтеміз!

1.       Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

  • Жоспар: 2019ж. 16 қаңтарында (сәр.) Жапонияға келу, 2019 ж. 23 қаңтарында (сәр.) елге оралу
  • Мазмұны: Токио және оның айналасын аралау, жапон саясатына арналған дәрістер тыңдау, юриспруденцияға қатысты университеттер мен институттарға бару, жапон мәдениетімен танысу және т.б.
  • Сипаттама: Бағдарламаның құрылымы — https://www.kz.emb-japan.go.jp/files/000413877.pdf

Бағдарлама туралы толық ақпаратты (https://www.kz.emb-japan.go.jp/files/000413878.pdf) мұқият оқып шығыңыз.

2. Конкурсқа қатысатын азаматтар келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • Юриспруденцияға қатысты мамандық бойынша Қазақстан университетінде оқитын студенті немесе магистранты болуы тиіс.
  • Ағылшын тіліндегі талқылауларға белсенді қатысу үшін жеткілікті дәрежеде ағылшын тілін білуі тиіс.
  • Бағдарлама туралы толық ақпаратта көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

3. Өтініш беру тәсілі:

  Мерзімі: 2018 жылдың 8 қарашасы сағат 18.00 дейін

  • Өтініш беру тәсілі:
  1. Төмендегі сілтеме бойынша паспорттың көшірмесін жүктеңіз: JICE URL: https://jp.surveymonkey.com/r/JVKFDSP
  2. Содан кейін тіркелу туралы растауды және паспорттың көшірмесін Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің эл.поштасына жіберіңіз: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

* Тақырыбын «MIRAI бағдарламасына өтінім»деп көрсетіңіз.

* НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

  1. Нұсқаулықта өтініш тапсыру мерзім» 22 қараша деп көрсетілген, алайда қазақстандық студенттер 8 қараша 18.00-ге дейін өтініш берулері тиіс;
  2. Өтінішдер бір мезгілде екі мекен-жайға жіберілуі тиіс: JICE және Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі
  3. Қосымша сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің Мәдениет және ақпарат бөліміне хабарласыңыз:

 Усейнова Фариза (2 қараша мен сенбі, жексенбі күндерінен басқа)

 Тел: +7 (7172) 97-78-40 (ішкі 38)

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. (Тек қана сұрақтар бойынша хабараласыңыздар. Бұл мекенжай   бойынша құжаттар қабылданбайды)

Конкурстық іріктеу жоспары

  • 8 қараша – өтініштерді қабылдаудың соңғы күні
  • 13 қараша – өтініштер конкурсының нәтижелерін хабарлау
  • 20 қараша — сұхбат (өткізілу орны: Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі)
  • 22 қараша — қорытынды нәтижелер туралы хабарлау

MIRAI бағдарламасы туралы

Бұл бағдарламаның мақсаты — Жапония мен шақырылған студенттердің елдері арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды және өзара түсінушілікті дамыту, сондай-ақ болашақта түрлі салаларда белсенді қызмет атқаратын үздік жас кадрларды шақыру арқылы Жапония туралы білімді тереңдету болып табылады. Шақырылғандарға Жапониядағы студенттер және зерттеушілермен интеллектуалды алмасуға мүмкіндік беріледі.

*MIRAI: Mutual-understanding, Intellectual Relations and Academic Exchange Initiative

MIRAI Program (MOFA website)

 

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba