10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86; Телефон доверия: 76 90 98

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

11006913294 cc2e6f0f8b o

Kyungdong University (KDU) Канвондо провинциясында Жапон теңізі жағалауында орналасқан. Университет 1981 жылы құрылған және Кореяда 3 кампусы бар. 2019 жылғы жазғы бағдарлама қатысушыларға тегін тұрғыда кәсіпқойлық курстарды оқуға және Корей мәдениетін игеру мүмкіндігіне ие болуға әзірленген. Сонымен қатар, қатысушылар бағдарлама барысында корейлік студенттермен кездесуге және өзара әрекеттесу үшін көптеген мүмкіндіктерге ие болады, сонымен бірге олар өздерінің тәжірибелері мен пікірлерін сыныпта және одан тыс жерде әр түрлі іс-шаралар арқылы бөлісе алады. Бағдарламаның соңында қатысушыларға академиялық кредиттер саналады және программаны тәмамдағаны туралы сертификаттар беріледі.


Бағдарламаға қатысу шарттары: үш бағдарламаның біреуін таңдау


Өтінімді қабылдау мерзімі ұзартылды:
−1 бағдарлама 20 маусым 2019 ж. дейін.

-2 бағдарлама 20 шілде 2019 ж. дейін.

-3 бағдарлама 5 тамыз 2019 ж. дейін.


Жазғы бағдарлама кезеңі:
1) 2019 жылдың 1–31 шілде аралығы
Бағдарлама: Корей тілі мен мәдениеті, көрнекі жерлер мен ғибадатханаға экскурсиялар, K-поп, K-драма, таэквондо сабақтары, корей тағамдарының дәмін тату, ұлттық киім ханбокты киіп көру және Оңтүстік Кореяны саяхаттап, корей мәдениеті мен өмір салтының ерекшеліктері туралы білу.
2) 2019 жылдың 1–23 тамыз аралығы
Бағдарлама: Корей тілі мен мәдениеті, мамандықтар бойынша арнайы лекциялар (Бизнес басқару, Қонақ үй ісі, ақылды есептеу).
3) 2019 жылдың 26 тамызынан желтоқсанға дейін
KDU-дың күздік семестріне қатысу және мамандықтар бойынша бағдарламалар (Бизнес басқару, Қонақ үй ісі, ақылды есептеу).
Үміткерлерге қойылатын талаптар: бакалавр не магистратура студенттері; IELTS 6.0 және жоғары сертификаты немесе ағылшын тілін білетіндігіңізді растайтын басқа да куәліктер.


Университет келесі шығындарды қамтиды: жатақханада тұру, әуежайдан/ға күтіп алу/шығарып салу, қала ішінде тасымалдау және бағдарлама барысындағы басқа да ұйымдастырушылық шығындар.


Қатысушы әуе шығынын және басқа да жеке шығындарды өзі төлейді. Қатысушы жатақхананың асүйінде өздігінен тамақ дайындай алады немесе студенттік асханада тамақ сатып ала алады.


Бағдарламаға өтініш беру: үміткер дербес түрде немесе өз университеті арқылы өтініш бере алады. Толтырылған өтініш формасын келесі электрондық пошта арқылы жіберілуі керек This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , оқу орнынан справка, транскрипт, төлқұжат көшірмелері.


Университеттен оң жауап алғаннан кейін кандидат D-2–8 қысқа мерзімді студенттік визасын жасату керек.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 76 90 69 телефоны арқылы біле аласыз

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba