10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86; Телефон доверия: 76 90 98

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

59EC30477F0001017A85BC23164642A2

Шанхай Технологиялық университеті — Қытай Халық Республикасының жоғарғы оқу орны. Университет 1954 жылы құрылған және Шанхай қаласында орналасқан. Оқу қытай тілінде жүргізіледі.

Талаптары:
1. Үміткерлердің үлгерімі жақсы және бакалавриат үшін жасы 25, магистратура үшін жасы 35 дейін болуы тиіс;
2. Бакалвариатта оқу үшін ең кемінде HSK 4, магистратурада оқу үшін ең кемінде HSK 5;

Грант келесі шығындарды қамтиды:
• тегін оқыту
• медициналық сақтандыру
Ескерту*
1 курсты аяқтағаннан кейін оқу үлгерімі өте жақсы студенттер оқу ақысы, тұратын орын, ай сайынғы стипендия және медициналық сақтандыру қамтылатын толық А грантын алуға мүмкіндігі болады.

Үміткерлер 2019 жылдың 20 маусым айына дейін
www.study.edu.sh.gov.cn сайтында онлайн тіркелуден өтуі қажет.
Онлайн тіркелу барысында құжаттардың сканерленген түрін жүктеу қажет екендігін еске саламыз. Құжаттар пакеті толық емес және өтінім формасы дұрыс толтырылмаған жағдайда үміткердің құжаттары қабылданбайды.
Қажетті құжаттар:
1. Нотариалды расталған аудармасы бар соңғы білімі туралы құжаты қосымшасымен
2. Оқып жатырған үміткерлер оқу орнынан ағылшын немесе қытай тіліндегі нотариалды расталған аудармасымен анықтама және транскрипт немесе табель тапсыруы қажет
3. Оқу жоспары (ағылшын немесе қытай тілінде жазылған эссе)
4. Ұсыныс хаты (ағылшын немесе қытай тілінде жазылған)
5. HSK4 немесе одан жоғары дәрежедегі сертификаты
6. Паспорт көшірмесі
7. Медициналық анықтама формасы (көшірмесі)
Онлайн тіркелімді жасағаннан кейін үміткерлер келесі поштағада This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. басып шығарылған онлайн тіркелім формасы және қажетті құжаттарды жіберуі қажет.
*Хат тақырыбында МІНДЕТТІ түрде үміткердің аты-жөні (ағылшын әріптерімен) + университет атауы «Shanghai Technology University» + бағдарламасы: бакалавриат немесе магистратура+мамандығы+Байланыс телефоны жазылуы қажет.

Ескерту!!!
Үміткерлерді таңдауды Қытай тарапы жүргізеді және оқуға қабылдау бойынша соңғы шешімді Шанхай технологиялық университеті қабылайды

Толығырақ ақпаратты және мамандықтар тізімін осы сілтемеден таба аласыз.
Сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласыңыз:
+7 (7172) 769-071
+7 776 176 4358

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba