10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86; Телефон доверия: 76 90 98

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

ханчжоу-min

Чжэцзян сауда-өнеркәсіп университеті (Zhejiang GongShang University) — Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласында орналасқан мемлекеттік университет. Чжэцзян сауда-өнеркәсіп университеті бизнес саладағы алғашқы оқу орындарының бірі және басты салалары: әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары, менеджмент, экономика, машина жасау, әдебиет, құқық, тарих, ғылым, және философия.

Талаптары:

1.     Үміткерлердің жақсы үлгерімі және магистратураға үміткерлердің жас мөлшері 35 жасқа дейін, докторантураға үміткерлердің жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс;

2.     Қытай тіліндегі оқу үшін ең кемінде HSK 4, ағылшын тіліндегі оқу үшін ең кемінде IELTS 6.5 немесе TOEFL 90 болуы тиіс;


Грант келесі шығындарды қамтиды:

• тегін оқыту

• тұратын орын
• ай сайынғы стипендия (магистранттар үшін 1700 юань, докторанттар үшін 2000 юань)

• медициналық сақтандыру

Үміткерлер 2019 жылдың 10 маусым айына дейін

hzic.at0086.cn/student   сайтында онлайн тіркелуден өтуі қажет.

Онлайн тіркелу барысында құжаттардың сканерленген түрін жүктеу қажет екендігін еске саламыз.


Жүктеуге қажетті құжаттар:

1.Соңғы білімі туралы құжат (оқып жатырған үміткерлер оқу орнынан анықтама және транскрипт немесе табель тапсыруы қажет), нотариалды куәландырылған ағылшын немесе қытай тілінегі аудармасымен;

2.Өзі жайындағы эссе, үміткерлер ағылшын немесе қытай тілінде өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі және зерттеу жоспары жайында ақпараттарды жазуы тиіс;

3.Профессор немесе деканның ұсыныс хаты (ұсынушының қолы қойылған және дәрежесі, телефон нөмері және электронды поштасы жазылған болуы қажет);

4. HSK, IELTS сертификаты.

5. Паспорттың көшірмесі (өтініш берушінің деректері бар бірінші бет);

6.Ғылыми публкация немесе зерттеу жұмыстарының нәтижесі.

Университет сайтанда Онлайн тіркелімді жасағаннан кейін үміткерлер МІНДЕТТІ түрде келесі сілтемедеге өтіп анкетаны толтыруы қажет.

Ескерту!!!

Үміткерлерді таңдауды Қытай тарапы жүргізеді және оқуға алу бойынша соңғы шешімді Чжэцзян сауда-кәсіптік университеті қабылайды

Грантқа ие болған студенттер 400 юань көлемінде регистрациялық ақысын төлеуі қажет болады.

Университет жайында толығырақ ақпаратты университеттің ресми сайтынан таба аласыз (мамандықтар тізімі «admission» бөлімінде).

Сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласыңыз:
+7 (7172) 769-071

+7 776 176 4358

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba