«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

  • ins

Соңғы жаңалықтар

АЛЫС ҚАЛҒАН АРМАНЫМА АЯҚ БАСТЫМ

49346004_968802113311785_1407738731707760640_o_photo-resizer.ru_2.jpg

Журналист, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, бірнеше кітаптың авторы, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері Нәзира Байырбек өз пікірімен бөлісті.


АЛЫС ҚАЛҒАН АРМАНЫМА АЯҚ БАСТЫМ
Оқып, білімімді жалғастыру көп жылдан бергі арманым еді. Екі рет оқуға түссем деп оқталдым, бірақ Құдай маған сәби сүюді, балаларымның буыны қатайып, қанаттанғанша отандық журналистикада қызмет етуді ғана нәсіп етті. Қазір, Аллаға шүкір, бес балам бар.  Бірақ бұған дейін қазақ журналистикасындағы өз қызметімді абыроймен атқаруға, жеке шығармашылықпен айналысып, кітаптарымды шығаруға кедергі келтірмеген балаларым оқуға да кедергі келтірмейтініне сендім.

Сөйтіп, тәуекел етіп "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға құжат тапсырдым.
Еңбексіз келген нанның дәмі болмайды. Маған бұл мүмкіндік еңбексіз келген жоқ. Әуелде жатпай-тұрмай ағылшын тілін оқып, қысқа мерзімде үйренгенімді сынап көрмекке IELTS емтиханын тапсыруға жазылдым. Ойымда - оқуға тапсырмас бұрын тәуекел ету не тәжірибе жинау ғана еді. Бірақ, жолым жеңіл болды, алғашқы талпынысымда-ақ "Болашақпен" шетелде оқуға қажетті баллды жинай алдым...
Бұл маған әрі қарай ұмтылуға сенім берді. Оқу орталығына құжаттарымды топтастырып, емтихандардан өттім. Емтихан нәтижелеріме күмәнім болмаса да, "Болашақ" стипендиясының иегері ретінде фамилиямды тізімнен көргенше дегбірім қашқанын жасыра алмаймын. Бұған сөз жоқ менің  жасым, арманымның ұзақ жылдардан бері алынбас асудай болып алыстап кеткені себеп болды...
Бірақ, Аллаға шүкір, аңсаулы күнге де жеттім!
Міне, мен де оқығалы отырмын. Бұрын елдегі оқу орындарында магистратура, докторантура бойынша оқып жатқан құрбыларыма, әріптестеріме қызыға қарасам, енді мен өзім ұмтылған - әлемнің айтулы елі, қай жағынан да даму бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан АҚШ-та оқымақшымын. Бұл сонда өңім бе, түсім бе?..
Иә, мен әлі сене алмай келе жатырмын. Оқып, заман көшінен қалмай жетілуіме даңғыл жол алышып тұр. Мемлекет менің оқуым үшін қыруар қаражат бөлмек. Ал мен соны өтей алам ба?
Бұл ой, әрине, өз жауапкершілігімді терең сезінуден туып отыр.
Мен қазір білім және тәжірибе атты биік белеске аяқ басқалы тұрмын. Қызығы мен шыжығы мол, маған берері көп бір жарқыраған әлемнің есігін қағып тұр. Бұл әлем менің көзқарасыма, кәсіби деңгейіме, азаматтық және тұлғалық болмысыма сөзсіз ықпалын тигізетін шығар.
Осындай бақыт, осы бір тамаша күйді сезінуіме мүмкіндік берген Елбасына "Болашақ" бағдарламасын енгізгені үшін шексіз ризашылық білдіргім келеді.
Азаматтарының білімін өсіріп, көкжиегін  кеңейтуден аянбаған елдің ертеңіне сенуге болады.
Ертең оқуға барғанда мен елімнің дәл осы ұстанымын мақтанышпен айта аламын.

 

АЛЫС ҚАЛҒАН АРМАНЫМА АЯҚ БАСТЫМ

13.09.2019

Журналист, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, бірнеше кітаптың авторы, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері Нәзира...

«Әлі жүзіп көрмеген толқындарға түсіп бара жатқандай сезім»

Ануар Абдрахманов

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Ануар Абдрахманов жаңа «стипендиат» мәртебесінен алған өз сезімдерімен бөлісті.

Жас талап конкурсқа белсене дайындалды. Жыл бойы ағылшын тілінен білімін жетілдіріп отырды. IELTS бойынша қажетті балды тек төртінші рет тапсырғанда ғана қол жеткізе алды. Ануардың айтуы бойынша, қатты толқыған кезі сарапшылармен болған әңгімелесу сәтінде. Ал содан кейін шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімін күту ғана қалған болатын. Қазір жаңа «болашақшының» алдында журналистика саласы бойынша алдыңғы қатарлы білім алу мақсаты тұр.

«Мен жаңа дүниетаным, жаңа тәжірибе алғым келеді. Жұмыс орындарына деген бәсекелестік қарқындап өсуде. Егер қазіргі уақытта бір бос орынға орташа есеппен үш үміткерді қарайтын болса, онда үш жылдан кейін осы үміткерлер саны 12 болады, және де жыл сайын олардың саны арта береді. Осындай тұрақты бәсекелестік бар өзгермелі әлемде күресу қажет. Жақсы білім алғым келеді. Еуропалық нарықтың қалай жұмыс жасайтыны жайлы білгім келеді. ВВС телеарнасының қалай жұмыс жасайтынын көрсем деймін. Британияда мемлекеттік арнаның қалайша өте табысты бола алатынын түсінгім келеді және келешекте алған білімімді өзі елімде, Қазақстанда қолданғым келеді» - деп айтып өтті Ануар Абдрахманов.

«Әлі жүзіп көрмеген толқындарға түсіп бара жатқандай сезім»

11.09.2019

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Ануар Абдрахманов жаңа «стипендиат» мәртебесінен алған өз сезімдерімен бөлісті. Жас талап...

Халықаралық бағдарламалар орталығында жаңа басшы

.jpg

Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа президенті болып Айнұр Бағдатқызы Кәрібозова тағайындалды.

КӘРІБОЗОВА АЙНҰР БАҒДАТҚЫЗЫ
1978 жылы туған. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде Лондон экономика мектебінің «Мемлекеттік басқару және менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. 
2000-2019 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Ақпарат және талдау басқармасы, Қазақстанның Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядағы елшіліктерінде қызмет етіп, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің директоры, «KazakhInvest» АҚ және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының Ұлыбританиядағы өкілдіктерінің басшысы лауазымдарын атқарған. 
Бірінші сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Халықаралық бағдарламалар орталығында жаңа басшы

09.09.2019

Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа президенті болып Айнұр Бағдатқызы Кәрібозова тағайындалды. КӘРІБОЗОВА АЙНҰР БАҒДАТҚЫЗЫ 1978 жылы туған...

Кореялық ғылым және технологиялар институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасы (KIST)

04.корея

Кореялық ғылыми және технологиялар институты (KIST) шетел азаматтарына арналған 6 айлық мерзіміне дейінгі тағылымдамадан өтуді, сондай-ақ ағылшын тілі курстары мен (студенттерге магистратура мен докторантураға түсу үшін ағылшын тілінде ресми нәтиже алуға көмектесу), корей тілінің курстары және ғылыми зерттеулер саласында оқытуды ұсынады.

Талаптар:

·         Кандидатта бакалавр немесе магистр дәрежесі болуы керек, немесе оны 2019 жылдың тамызына дейін алу күтілуде болу керек.

·         Тағылымдаманың соңында үміткер Кореялық ғылыми және технологиялар институтында магистр немесе доктор бағдарламасы бойынща оқуын әрі қарай жалғастыру мүмкіндігіне ие (университетте гранттар бар).

Тағалымдамаданөтумамандқтары:

·         Division of Biomedical science and technology

·         Division of Energy and Environmental technology

·         Division of Nano and Information Technology

Өтінішберукезеңі:

·         Өтініштерді қабылдау мерзімі 2019 жылдың 09 қыркүйектен бастап 04 қазанға дейін.

·         Тағылымдаманың басталу мерзімі 2020 ж. 06 қаңтардан бастап 26 маусымға дейін.

Тағалымдама келесіні қамтиды:

·         Оқу ақысы мен тіркеу алымын.

·         Бакалавриат студенттерінің ай сайынғы стипендиясы 900 доллар және магистрант студенттерінікі 1000 долларды құрайды.

·         Ағылшын және корей тілдері курстары (TOEIC 4 сағаттан аптасына 5 күн, корей курстары: аптасына 2 сағаттан аптасына 5 күн)

Студенттерге арналған бонустар:

$1·         Студенттер үшін әр түрлі академиялық / мәдени іс-шаралар бар.

·         Оқу уақытынан тыс, түнге дейін жұмыс істейтін зерттеушілер үшін тегін кешкі ас.

·         Кореядағы көптеген ірі туристік бағыттардағы жататын орындарға жеңілдіктер.

·         Айына 120 доллар тұратын бірінші деңгейлік жатақхана.

Өтініш беру рәсімі:

1) Кандидаттар өтініштерін және барлық құжаттар пакетін электронды түрде сілтеме бойынша онлайн беруі қажет http://kist_school.kist.re.kr/eAplct/write.

2)Конкурстан өткеннен кейін үміткерлер тағалымдаманың бірінші күнінде институттың әкімшілігіне баспа түрінде түпнұсқалық құжаттарын өткізуі қажет.

3)Кандидаттар Институт профессорларының тізімін келесі сілтеме бойынша көре аладыhttp://kist_school.kist.re.kr/professors/list .

Қажетті құжаттар тізімі

Барлық үміткерлер үшін:

-Өтініш формасы

-Эссе

акалавр дипломы немесе оқуды тәмамдау туралы болжалды сертификат

-Ағылшын тіліндегі бакалаврдың транскрипті (егер студент басқа университетке ауысса, ол аударылғанға дейін және кейін алынған барлық жоғары оқу орнының транскрипциясын тапсыруы керек).

-Ағылшын тіліндегі ресми ұпайлар (болған жағдайда)

-Төлқұжат көшірмесі

-Мансап / жұмысқа орналасу туралы сертификат (болған жағдайда)

* Магистр дәрежесі бар, немесе магистратурада оқитын студенттер келесі қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс.

-Магистратура дипломы немесеоқуды тәмамдау туралы болжалды сертификат

-Ағылшын тіліндегі магистрлік транскрипт (егер студент басқа университетке ауысса, ол аударылғанға дейін және кейін алынған барлық жоғары оқу орнының транскрипциясын тапсыруы керек).

-Магистрлік диссертация (Тек қана мақаланың тақырыптары мен абстракт ұсынылуы тиіс. Егер университеттің ережелеріне, немесе басқа заңдарға сәйкес дипломға диссертация жазу қажет болмаса, сіз қажетті құжаттарды жіберуіңіз керек).

-Ғылыми жетістіктер (болған жағдайда)

(жарияланымдар, соның ішінде ғылыми конференцияларда жарияланған мақалалар және патенттер).

*Өтініш формасы, эссе институттың сайтында онлайн түрде толтырылады.

*Барлық үміткерлерден сауалнаманы мұқият толтыруды, және барлық ақпаратты, поштаның мекен-жайын көрсетулерін сұраймыз. Қате толтырылған сауалнамалар іріктеуге қатыспайды.

*Барлық құжаттар ағылшын тіліне аударылып, нотариалды түрде расталуы керек

Ескерту:

·         Тағалымдаманы бітіргеннен кейін студенттер институтта оқуды жалғастыру үшін тиісті деңгейде ағылшын тілін меңгеруі тиіс (TOEFL (iBT – 79, CBT – 213, PBT-550), TOEIK (730), TEPS (630), IELTS (6).),

·         Өтініш беріп болғаннан кейін академиялық мәртебеге өзгерістер енгізілген жағдайда, университеттен шығып қалған жағдайда, тағылымдама бағдарламасына қатысудан бас тартқан жағдайда, студент өз мәртебесінің өзгеруі туралы KIST мектебінің хатшылығына хабар бермеген болса, институт тағылымдама жоюға немесе тоқтатуға құқылы.

·         Бұл тағылымдамадан өту бағдарламасы үздік студенттердің оқу бағдарламасын оқуға кіріспес бұрын алдын-ала белгілі бір зерттеу және зертханаларда тәжірибе жинауға көмектеседі. Тәжірибе кезінде тағылымгер тиісті жетекші таба алмаса, немесе 2020 жылдың күзгі семестріне қол жеткізе алмаса, тағылымдама автоматты түрде тоқтатылады.

·         KIST мектебі ағылшын тілі сабақтарын ұсынады және студенттерге магистратура мен докторантураға түсуге ағылшын тіліндегі ресми нәтижеге қол жеткізуге көмектесу үшін студенттердің 3 рет емтихан тапсыруын төлеп береді, алайда егер тағылымгер академиялық семестрдің басталуына дейін ағылшын тілінің ең төменгі талаптарына сай болмаса KIST, тағылымдама автоматты түрде тоқтатылады.

Тағалымдама туралы қосымша ақпаратты 8 (7172) 76 90 69 телефонына хабарласып біле аласыз.

 

Кореялық ғылым және технологиялар институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасы (KIST)

04.09.2019

Кореялық ғылыми және технологиялар институты (KIST) шетел азаматтарына арналған 6 айлық мерзіміне дейінгі тағылымдамадан...

Кореялық алдыңғы қатарлы технологиялар институтында (KAIST), бакалавриатқа арналған толық гранттарға құжаттар қабылдау мерзімі,  Оңтүстік Корея.

28. каист

Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты (KAIST) – бұл Тэджон қаласында орналасқан Оңтүстік Корей жетекші оқу және зерттеу университеті. Университет 1971 жылы құрылған және жаратылыстану ғылымы, инженерия және бизнес салаларындағы мамандарды дайындайды.

Кореялық алдыңғы қатарлы технологиялар институтында (KAIST), бакалавриатқа арналған толық гранттарға құжаттар қабылдау мерзімі, Оңтүстік…

28.08.2019

Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты (KAIST) – бұл Тэджон қаласында орналасқан Оңтүстік Корей жетекші оқу және зерттеу...

"Болашақ" стипендиясының иегерлері атанды

28.РК

Шетелде мамандар даярлау бойынша Республикалық  Комиссия отырысының шешімі бойынша 188 үміткерлер  «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғарғы оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады . Сондай –ақ,  әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады. 
Құрметті «Болашақ» стипендиясының иегерлері,
Сіздерді білімдегі жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

"Болашақ" стипендиясының иегерлері атанды

28.08.2019

Шетелде мамандар даярлау бойынша Республикалық  Комиссия отырысының шешімі бойынша 188 үміткерлер  «Болашақ» халықаралық стипендиясы...

Кореялық алдыңғы қатарлы технологиялар институтында (KAIST), магистратура мен докторантураға арналған толық гранттар

20. КАИСТ

Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты (KAIST) – бұл Тэджон қаласында орналасқан

Кореялық алдыңғы қатарлы технологиялар институтында (KAIST), магистратура мен докторантураға арналған толық гранттар

20.08.2019

Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты (KAIST) – бұл Тэджон қаласында орналасқан

Жапония үкіметінің (MEХT) шәкіртақысы бойынша Жапонияда жас мемлекеттік қызмет мамандарын оқытуға арнлаған  Young Leaders' Program бағдарламасына құжаттарды қабылдау басталды

16.Япония1

Young Leaders' Program (YLP) - ағылшын тіліндегі бір жылдық магистратура бағдарламасы.

Жапония үкіметінің (MEХT) шәкіртақысы бойынша Жапонияда жас мемлекеттік қызмет мамандарын оқытуға арнлаған Young Leaders…

16.08.2019

Young Leaders' Program (YLP) - ағылшын тіліндегі бір жылдық магистратура бағдарламасы.

Ульсан ұлттық университетінде магистратура мен докторантураға  арналған оқу гранттары

15.Обучение в корее

UNIST 2007 жылы әлемге әйгілі автомобиль (Hyundai Motor), кеме жасау (Hyundai Heavy Industries), мұнай-химия (SK Energy) концерндерінің

Ульсан ұлттық университетінде магистратура мен докторантураға арналған оқу гранттары

15.08.2019

UNIST 2007 жылы әлемге әйгілі автомобиль (Hyundai Motor), кеме жасау (Hyundai Heavy Industries), мұнай-химия...

University of Science and Technology-да (UST) магистратура мен докторантура бағдарламаларына арналған гранттар (UST), Оңтүстік Корея

15. Южная Корея

UST ғылыми-зерттеу институты ретінде 2003 жылы құрылған және Оңтүстік Корея үкіметімен қаржыландырады.Университетте 1400-ден астам профессорлар жұмыс атқарады және 32 ғылыми-зерттеу институттары бар.
 
Университет қазақстандық студенттерге техникалық мамандықтар бойынша магистрлік және докторлық бағдарламаларға гранттар ұсынады. 
 
Мамандықтар: 
 
Жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық технологиялар, биотехнология, нано-технологиялар, қоршаған ортаны қорғау технологиясы, ғарыштық технологиялар. Мамандықтардың толық тізімін келесі сілтемеден таба аласыз: https://admission.ust.ac.kr/prog/UstMajor/admission_eng/sub01_01_01/list.do?studies_div=10
 
Нұсқаулық пен шарттарды білу үшін келесі сілтемені басыңыз: https://admission.ust.ac.kr/cop/bbs/BBSMSTR_000000000633/selectBoardArticle.do?nttId=52386&kind=&mno=sitemap_12&pageIndex=1&searchCnd=&searchWrd=
 
Онлайн өтініш беру үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз: https://apply.ust.ac.kr/usr/selectLang.do
 
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 
 
Онлайн-система арқылы: 19-20 қыркүйек 2019 ж.
Почта арқылы құжаттар тапсыру: 11-16 қазан 2019 ж.
Бірінші тур нәтижелерін хабарлау: 6 қараша 2019 ж.
Сұхбат өткізу: 13-20 қараша 2019 ж.
Соңғы нәтижелер туралы хабарлама: 11 желтоқсан 2019ж.
 
Үміткерге қойылатын талаптар: 
 
- IELTS 6.0 және жоғары, TOEFL iBT 79/ PBT 550, TOEIC 730, TEPS 630/ NEW TEPS 342
- Жоғары академиялық үлгерім
- Жетістіктер, сертификаттардың, жарияланымдардың болуы басымдыққа ие болады
- Бір семестрге оқу ақысы 2100 АҚШ доллары (сома ай сайынғы шәкіртақы түрінде қайтарылады)
 
Грант келесіні қамтиды:
 
- Ай сайынғы шәкіртақы 1200$ США
- Тұратын орын
- Медициналық сақтандыру
 
Қажетті құжаттар:
 
- Зерттеу жоспары (форма онлайн жүйесінен жүктеледі)
- Диплом (бакалавр/магистратура), немесе университетті бітіретіні туралы сертификат
- Транскрипт (бакалавр/магистратура)
- Магистерлік диссертация (тек тақырып пен абстракт жіберу қажет (форма 1 қараңыз))
- Ағылшын тілінің деңгейі жайлы ресми сертификат (IELTS, TOEFL, TOEIC)
- Жұмыс орнынан анықтама (болған жағдайда)
- Басқа жетістіктер (мысалы, зерттеу жұмыстары, патенттер, білім бағытында тәжірибесі және жоғарыда аталған құжаттарда көрсетілмеген марапаттар және тілді білу деңгейі)
- 1-3 ұсыныс хаттар (форма онлайн жүйесінен жүктеледі)
- Тіркеу алымы 20 USD
- Барлық құжаттар бір файлда PDF форматында болуы керек.
 
* Ескерту: Ұсыныс хаттар екі жолмен берілуі мүмкін: біріншісі - үміткер онлайн-жүйеде тіркелу кезінде ұсынушылардың барлық деректерін, олардың электрондық пошталарын көрсетеді. Содан кейін UST ұсынушыға ұсыныс хатын беру туралы өтінішпен жүгінеді. Ұсынушы белгіленген мерзімге дейін хат жіберуі керек (белгіленген мерзімнен кейін жіберілген хаттар жарамсыз болады).
Екінші әдіс – ұсынушы ұсыныс хатты әуе поштасы немесе электронды адрес арқылы жібере алады. Толық ақпаратты университеттің веб-сайтынан қараңыз.
 
Толық ақпаратты келесі номер арқылы біле аласыз: 8(7172) 76 90 69
 

University of Science and Technology-да (UST) магистратура мен докторантура бағдарламаларына арналған гранттар (UST), Оңтүстік Корея

15.08.2019

UST ғылыми-зерттеу институты ретінде 2003 жылы құрылған және Оңтүстік Корея үкіметімен қаржыландырады.Университетте 1400-ден астам профессорлар...

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design