«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ:

8 (7172) 76 90 98
1

20. МИТУ

Таяу Шығыс техникалық университетінің Солтүстік Кипр кампусі (Middle Eastern Technical University Northern Cyprus Campus METU) Анкарадағы Таяу Шығыс техникалық университетінің филиалы ретінде Түркия Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Кипр Үкіметі қатысуымен құрылды. 2010 жылы METU NCC The Times газетінде 200 дүниежүзілік үздік университеттер қатарында 183-ші орын иеленді.METU NCC әлемге әйгілі British Petroleum, Ernst & Young, Turcell компанияларымен және БҰҰ-мен ынтымақтасуда.

Толық ақпаратты көрсетілген сілтеме арқылы біле аласыз: https://ncc.metu.edu.tr/

Университет бакалавриат бағдарламалары бойынша гранттар ұсынады.

·        Тағайындалған стипендиялар саны: 9 (2 — 100% стипендия, 2 — 75% стипендия және 5 — 50% стипендия)

·        100% стипендия толық оқу ақысын және кампуста орналасқан жатақханадағы төрт орынды бөлмеде тұруды қамтиды. Стипендия тұрмыстық шығындарды, медициналық сақтандыруды, кітап және тағы басқа да жеңілдіктерді қамтымайды. Ағылшын тілінде сынақтан өтпеген оқушыларға бір жыл тіл курстарында тегін оқуға мүмкіндік беріледі.

·        Жартылай стипендиялар оқу ақысынан 75% және 50% жеңілдік ұсынады.

Бағдарламалар:

·        Экономика,

·        ағылшын тілін оқыту,

·        бизнес әкімшілендіру,

·        саясаттану және халықаралық қатынастар,

·        психология,

·        нұсқаулық және психологиялық кеңес беру,

·        химиялық инженерия,

·        аэроғарыштық инженерия,

·        мұнай және табиғи газ инженериясы.

Үміткерлерге қойылған талаптар:

Ø  100% стипендия:

·        Ұлттық бірыңғай тестінен (ҰБТ) төрт пән бойынша (орыс тілі немесе қазақ тілін қоспағанда) жалпы 100 балдан 95 балл

·        Ұлттық бірыңғай тестінен (ҰБТ) 5 пәннен, соның ішінде 2 таңдамалы пән бойынша 140 балдан 125 балл

Ø  75% стипендия:

·        Ұлттық бірыңғай тестінен (ҰБТ) төрт пән бойынша (орыс тілі немесе қазақ тілін қоспағанда) жалпы 100 балдан 90 балл

·        Ұлттық бірыңғай тестінен (ҰБТ) 5 пәннен, соның ішінде 2 таңдамалы пән бойынша 140 балдан 120 балл

Ø  50% стипендия:

·        Ұлттық бірыңғай тестінен (ҰБТ) төрт пән бойынша (орыс тілі немесе қазақ тілін қоспағанда) жалпы 100 балдан 84 балл

·        Ұлттық бірыңғай тестінен (ҰБТ) 5 пәннен, соның ішінде 2 таңдамалы пән бойынша 140 балдан 100 балл

Ø  Туған жылы – 1997 жылдан ерте емес

Ø  TOEFL IBT (кемінде 75) немесе IELTS (кемінде 6,0) сертификаты

Ø  Денсаулығы оқу үшін жарамды

Құжаттарды келесі сілтеме арқылы тапсыруларыңыз қажет https://apply.ncc.metu.edu.tr/

https://ncc.metu.edu.tr/academic/undergraduate-programs.

Өтініш берудің соңғы мерзімі – 2019 жылғы 29 шілде

Сұрақтарыңыз болған жағдайда, төмендегі нөмірлер арқылы хабарласуыңызды сұраймыз

+7 (7172) 24-93-71/ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна. Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design