«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1
Сарсен Ж

СӘРСЕН ЖІГЕР БАТЫРБЕКҰЛЫ

Баспасөз хатшысы


1984 жылдың 16 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Хабар» телеарнасында бағдарламалар қызметінің редакторы ретінде бастаған. 2009–2014 жылдары телеарнаның ақпараттық-сараптама дирекциясында корреспондент, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін насихаттаушы «Президенттік пул» тілшісі қызметтерін атқарды.

2014–2016 жылдар аралығында «Хабар 24» арнасының Америка Құрама Штаттарындағы (Вашингтон қаласы) меншікті тілшісі болды.

2017–2018 жылдары Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне жетекшілік етті.

2019 жылдың қыркүйегінен бері «Хабар» арнасындағы «Prime Time» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі қызметін атқарып келді.

   
Маратбаева Б

МАРАТБАЕВА БАҚЫТГҮЛ ӘБДЕНҚЫЗЫ

Бас есепші


1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1989 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «математика», ал 2003 ж. «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1990–1998 жылдары математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1998–2019 жж. аралығанда ауыл шаруашылығы, құрылыс, газ нысандары және сауда саласындандағы коммерциялық ұйымдарда есепші, бас есепшінің көмекшісі, бас есепші болып жұмыс істеді.

   
Кусаинова_А

ҚҰСАЙЫНОВА АНАР ЖЕҢІСҚЫЗЫ

Әкімшілік департаментінің директоры


1975 жылы туған. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистранты.

Мемлекеттік және жергілікті басқару ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын «НТК» телеарнасының елордалық бюросында «Астана жаңалықтары» бағдарламасының тілшісі болып бастаған.

2000–2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Әкімшілік және кадрлық ресурстар департаментінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің әкімшілік және адами ресурстар басқармасында түрлі қызметтер атқарған.

   
Омарова

ОМАРОВА АЙНАШ РҮСТЕМҚЫЗЫ

Құжат айналымы, бақылау және архив басқармасының басшысы


1977 жылы туған. Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Араб, орыс филологиясы», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін «Ағылшын және неміс тілдері» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Халықаралық қазақ-араб университетінің мұғалімі болып бастаған. Халықаралық бағдарламалар орталығында Оқуды ұйымдастыру және мониторинг, сондай-ақ Түлектермен жұмыс жасау департаменттерінің директоры қызметтерін атқарған.

e-max.it: your social media marketing partner
FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design