«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

1
Президент

КӘРІБОЗОВА АЙНҰР БАҒДАТҚЫЗЫ

Президент

1978 жылы туған.

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде Лондон экономика мектебінің «Мемлекеттік басқару және менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

2000–2019 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Ақпарат және талдау басқармасы, Қазақстанның Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядағы елшіліктерінде қызмет етіп, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің директоры, «KazakhInvest» АҚ және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының Ұлыбританиядағы өкілдіктерінің басшысы лауазымдарын атқарған.

Бірінші сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Вице-президент3

ДОСМҰХАМБЕТОВА ҒАЛИЯ БАЙЖАНҚЫЗЫ

Вице-президент

1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «әлем экономикасы» мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, бағдарлама шеңберінде Ұлыбританиядағы Дарэм университетінде (Durham University) «Корпоративтік және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша білім алған (2007 ж.). ҚР Ұлттық Банкінің «қаржылық тәуекел менеджері» мамандығы бойынша МВА (2008 ж.), «Экономика» мамандығы бойынша PhD дәрежесі бар.

Еңбек қызметін 2007 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясында оқытушы ретінде бастаған. 2009 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика Бизнес Мектебінің оқытушысы болып, «банк тәуекелдері», «қаржы», «салықтар», «корпоративтік қаржы» пәндерінен дәріс оқыған.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да Түлектермен жұмыс жөніндегі департаменттің бас менеджері ретінде бастап, кейінірек Азия, Океания және ТМД елдері бөлімінің бастығы лауазымын атқарды. 2013 жылдан бастап Директорлар кеңесінің шешімімен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті болып сайланды.

Сарманов

САРМАНОВ ӘДІЛЖАН МОЛДАҒАЛИҰЛЫ

Вице-президент

«Болашақ» бағдарламасының түлегі, қаржы магистрі.

2010 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша Қазақстан-Британ университетін, 2017 жылы – «Қаржы және менеджмент» мамандығы бойынша University of Exeter оқу орнында магистратураны бітірді.

Еңбек қызметін 2010 жылы «Ақ Май» ЖШС (Алматы қ.) бастап, кейінірек «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті» ММ жұмыс атқарды. Кірістерді жылыстау және лаңкестікті қаржыландырудың жаңа үрдістері мен типологиясын анықтауға шұғыл және стратегиялық талдау жүргізді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ еңбек қызметін Оқуды қаржыландыру және мониторинг жүргізу басқармасының менеджері ретінде бастап, кейіннен Басқарма басшысы және Оқуды ұйымдастыру департаментінің директоры лауазымдарын иеленді. Директорлар кеңесінің шешімімен 2018 жылдың шілдесінен бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті лауазымына тағайындалды.

Бизнесті жүргізудің институционалдық құрылымының әсерін зерттеу бойынша ғылыми жұмыстың авторы.

Оқуды қаржыландыру және мониторинг жүргізу департаментіне, Бухгалтерияға, Әкімшілік департаментіне, Бюджеттік жоспарлау басқармасы мен Персоналды басқару қызметіне жетекшілік етеді.

Вице-президент

АЛПЫСБАЙ МЕЙІРЖАН МЕЛІКҰЛЫ

Вице-президент

1980 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «экономист» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі (University College London, Master of Public Policy).

Әр жылдары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде түрлі қызметтер атқарды.

2019 жылдың қаңтар айында Директорлар кеңесінің шешімімен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті болып сайланды.

Заң қызметі, Конкурстық процедураларды ұйымдастыру, Талдау және ақпараттық жұмыс және Халықаралық оқытуды үйлестіру департаменттерін басқарады.

e-max.it: your social media marketing partner
FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design