«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

           «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бос орындар қызметіне конкурс жариялайды. Төменде берілген талаптарды мұқият қарап, біліміңіз бен өтіліңіз сәйкес келген жағдайда мына электронды пошталарға түйіндеме жіберулеріңізді сұраймыз: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

 

          

Комплаенс-офицер

Білімі

жоғары білім (заң немесе қаржы-экономикалық білімі болғаны жөн); Халықаралық немесе тәуекел-менеджмент/комплаенс саласында (FRM/ PRM/ ICA International Diploma in Governance Risk and Compliance және басқалары) сертификаты болғаны дұрыс.

Жұмыс өтілі

Комплаенс/тәуекел-менеджмент саласында тәжірибелік жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл (арнайы комлаенс-қызметі жоқ болған жағдайда, заңды сүйемелдеу, тәуекел-менеджмент бөлімшелерінде, егер осындай бөлімшеде комплаенс қызметі атқарылған болса)

Тәжірибесі және дағдылары

FCPA, UKBA, ҚР сыбайлас жемқорлық заңнамасының, комплаенс саласындағы халықаралық заңнамасының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің корпоративтік жүйесін құрудың негізгі талаптарын, қағидаттары мен элементтерін білу.

Комплаенс-офицердің функциялары

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын жүргізу, оның ішінде Қоғамның сыбайлас жемқорлық саясатымен байланысты құжаттарын реттеу;

2) Комплаенс жүйесін енгізу және дамыту бойынша қызметті ұйымдастыру және басқару;

3) Қоғамның комплаенс саласындағы үздік тәжірибелерге сәйкестігін қамтамасыз ету;

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, құқық қолдану, комплаенс тәжірибесінің талаптары бойынша компанияның басшылығы мен бөлімшелеріне сараптамалық қолдау көрсету

5) Қажетті комплаенс бақылауын енгізу, олардың орындалуын мониторингтеу, сондай-ақ жалпы комплаенс мәдениетін арттыру мақсатында қызметкерлермен және басқа бөлімшелердің басшыларымен тиімді өзара әрекеттестік құру;

6) Комплаенске қатысты ішкі құжаттар дайындау және бейімдеу;

7) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне үнемі бағалау жүргізу;

8) Ішкі және сыртқы тексеруші/реттеуші органдармен өзара әрекеттестік жүргізу;

9) Қоғам қызметкерлерінің қатысуымен мүдделер шиеленісін реттеу жөнінде жұмыстар жүргізу;

10) Мүдделер қақтығысын айқындау және Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын сақтау мақсатында ресімделген құжаттарға, жасалған шарттарға сараптама жасау;

11) Тәуекелдерге мониторинг жүргізу, Қоғам үшін ең маңызды тәуекелдерді анықтау, сондай-ақ бизнес-процестерді талдайды және тәуекелдерді азайту бойынша ұсыныстар дайындайды;

12) Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына өз бөлімшелерінің қызметі мен олар әзірлеген құжаттаманың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына сәйкестігі туралы кеңес беру;

13) Сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша кіріс хабарламаларды қарау.

        

          

           

 

Стратегиялық даму және коммуникациялар департаментінің Түлектермен жұмыс басқармасының менеджері (Бала күтімі демалысындағы жұмыскерді 19.05.2022 ж. дейін алмастыру уақытына)

Үміткерге қойылатын талаптар

Гуманитарлық ғылымдар (филология) немесе әлеуметтік ғылымдар (журналистика, қоғаммен байланыс, саясаттану, әлеуметтану) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мүмкіндік бойынша біліктілікті арттыру курстарынан, қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласында қосымша даярлықтан өткендігі туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтілі

Жұмыс өтілі БАҚ-та немесе PR саласында 2 жылдан кем емес. Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда – кемінде 1 жыл.

Өз міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен дағдылар

1) Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру, шет тілдерін білу құпталады;

2) Коммуникабельділік, командада жұмыс істей білу, сауатты сөйлеу және ресми хаттар мен өтініштерді жазудың тамаша дағдылары.

3) Қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

4) Дағдарыстық жағдайларда жұмыс істеу әдістері, жарнамалық және ақпараттық науқандарды жоспарлау және ұйымдастыру;

5) Бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету туралы шарттарды (келісім-шарттарды) жасау және іске асыру тәртібі;

6) Заманауи техникалық байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістері;

7) Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу әдістері;

Міндеттері

1) Түлектермен жұмыс жасау басқармасының әлеуметтік желілердегі инфокоммуникациялық стратегиясын құрастырады.

2) Қоғамның саясатының негізгі басымдықтарына және оны дамыту перспективаларына сәйкес «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен қарым-қатынас саласындағы Түлектермен жұмыс жасау басқармасының ақпараттық-жарнамалық стратегиясын қалыптастыруға қатысады.

3) Баспасөз конференцияларын, брифингтерді, Қоғам басшыларының БАҚ-тағы сұхбаттарын ұйымдастыруға қатысады.

4) БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда «Болашақ» халықаралық стипендиясы, түлектері мен стипендиаттары туралы ақпаратты жариялау;

5) «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру және Қоғам қызметі бөлігінде отандық және шетелдік БАҚ мониторингін жүзеге асырады;

6) Анонстарды, баспасөз релиздерін, дайджестерді, медиа-киттерді және т.б. әзірлеу;

7) Қоғамның ресми сайтының «Жаңалықтар» бөлімі үшін оқиғалар қатарын қалыптастыру;

8) «Қоғам Президентінің блогына» түскен сұрақтарға жауап жинау және әзірлеу»;

9) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың сұрауларына жауап әзірлеу;

10) Полиграфиялық және имидждік өнімдерді мемлекеттік сатып алу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу және өтінім беру, қажеттілікті айқындауға қатысу;

11) Әлеуметтік медиа және БАҚ мониторингі қорытындысы бойынша апта сайынғы негізде есеп әзірлеу.

        

          

           

 

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design