«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

(Конкурстық құжаттарды дайындар алдында осы ұсынымдарды

мұқият оқып шығыңыз)

I. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

1.1. Қажетті құжаттардың тізімі:

  • Үміткердің сауалнамасы;
  • Жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімі («өз бетінше түскендер» санатынан басқалары);
  • Уәждемелік хат;
  • Жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқасы мен көшірмесі (құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
  • Қосымшасымен бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесі(құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
  • 0-82/у медициналық анықтамасы;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің түпнұсқалары мен көшірмелері (құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
  • Мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар академиялық оқуға/тағылымдамаға тіркелгені туралы растайтын құжаттар («өз бетінше түскендер» санаттарына және тағылымдамаға үміткерлер үшін);
  • Тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушытараптар бекіткен талаптарға сәйкес құрылған тағылымдамадан өту бағдарламасы (тағылымдамаға үміткерлер санатына арналған);
  • Бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын (салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады) және көшірмесін;
  • Бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады)және көшірмесін;
  • үміткер жеке өзі құжаттарын ХҚКО-на тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынады.

II. ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

2.1. САУАЛНАМА

Осы нұсқаулықтар «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлердің сауалнаманы толтыру кезінде қателіктер жібермеуі мақсатында қолдануға арналған.

  • Сауалнама қатаң түрде белгіленген нысанда мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылуы тиіс;
  • Сауалнаманың барлық бөлімдерін толтыру міндетті болып табылады. Ақпарат болмаған жағдайда сол жолға сызықша «-» қою қажет;
  • Сауалнаманың барлық парақтары баспа әріптерімен қолмен толтырылуы тиіс;
  • Сауалнама сұрақтарына жауаптар сол үшін бөлінген бағандарда болуы қажет;
  • Сауалнама грамматикалық және орфографиялық жағынан дұрыс ресімделуі тиіс;
  • Сауалнамада жазылған фактілер мен ақпараттардың сәйкессіздіктері немесе дұрыс еместігі анықталған жағдайда, үміткер конкурсқа қатысудан оның кез келген кезеңінде шығарылуы мүмкін;
  • Сауалнама тегін таратылады және оның көшірмесін түсіруге болады.

Сауалнаманың бірінші бетінде арнайы бөлінген орынға Сіздің 3,5×4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі түсті фотосуретіңіз (сауалнама толтыру сәтінде фотосуреттің түсірілген мерзімі бір жылдан аспауы тиіс) жапсырылуы тиіс.

Кеңсе желімімен желімделгеннен басқа, фотосуреті жапсырылмаған, степлермен немесе басқа да тәсілдермен бекітілген сауалнамалар қарауға қабылданбайды.

Сауалнаманың әрбір беті нөмірленуі және парақтың төменгі оң жағына өз қолының қойылуы тиіс.

Сауалнаманың соңғы бетіне күні мен үміткердің қолы қойылады; күнді құжаттарды тапсыру сәтінде көрсету керек.

2.2. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ӨТІНІМІ

Өтінім маманның конкурсқа қатысуына жеке жолдаманы білдіреді. Өтінімде жіберетін ұйымдағы жұмыс өтілі, маманның позициясы, сонымен қатар сол маманға қысқаша ұсыным жазылуы тиіс.

Шығыс нөмірі мен күні қойылған тапсырысқа басшының аты-жөні және лауазымы көрсетіле отырып, жіберетін ұйымның бірінші жетекшісі қол қоюы және мөр қойылуы қажет.

Өтінімнің үлгілік бекітілген нысаны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ресми сайтында орналасқан.

2.3. УӘЖДЕМЕЛІК ЖӘНЕ ҰСЫНЫМ ХАТ

Уәждемелік хат – бұл еркін нысанда жазылатын шығарма, онда таңдап алынған мамандық пен оқу елінің пайдасына дәлелдер мен дәйектемелер келтіру арқылы Сіздің жеке көзқарасыңыз бен пікірлеріңіз қамтылады.

Уәждемелік хат жазған кезде мынадай талаптарды ескеру қажет:

  • уәждемелік хатты А4 форматтағы қағазда 2 бетке дейінгі көлемде стандартты жолдармен (2 см.) басып шығару қажет;
  • 1,5 жоларалық интервалмен Times New Roman 14 қаріпі;
  • уәждемелік хат соңында толтырылған күні мен жеке қол міндетті түрде қойылуы керек.

Уәждемелік хаттың кіріспе бөлімінде өзіңіз туралы қысқаша ақпаратты жазуыңыз керек, бұл ретте мынадай сұрақтарға назар аударған абзал:

  • Неліктен Сіз осы конкурсқа қатысуға шешім қабылдадыңыз?
  • Сіз табысқа және алдыңызға қойған мақсаттарға жету үшін не істер едіңіз?
  • Сіздің мектептегі, жоғары оқу орнындағы, еңбек және қоғамдық қызметтегі жеке жетістіктеріңіз қандай?
  • Оқу елін таңдауға не негіз болды және сол елдің білім беру жүйесі мен сапасы туралы Сіздің пікіріңіз қандай?

Уәждемелік хат жазу барысында негізгі бөлімде мынадай сұрақтарға жауап беру қажет:

  • Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз, бұған Сізді не (мәртебе, кәсіпке қызығушылық, қабілет, еңбекақы молдығының мүмкіндігі, отбасылық дәстүр) итермеледі?
  • Қызықтырып отырған мамандық туралы қажетті ақпаратты қайдан алдыңыз?
  • Өз ісінің шебері болу үшін қандай қасиеттер болу керек?
  • Мемлекетіміздің дамуына қандай үлесіңізді қосасыз?

Қорытындыда «Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы өз ойыңызды жазыңыз.

Ескертпе: Шетелдік жоғары оқу орнына өз бетінше түскен адамдар қосымша түрде осы оқу орнын таңдау себептерін, осы университеттің ресми және бейресми халықаралық (ұлттық) рейтингтердегі орны туралы жазуы тиіс. Ұсыным хаттың мақсаты – «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер туралы объективті ақпарат ұсыну.

Ұсыным хаттың нысанына қойылатын талаптар.

Көлемі – 2 бетке дейін;

Қаріпі – Times New Roman, жоларалық интервал-1,5;

Ұсыным хаттарын жазуға қойылатын талаптар

Ұсыным хаты мазмұнына қарай кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұруы қажет.

Кіріспе бөлім:

Мұнда автор өзі жайлы қысқаша ақпаратты, өз лауазымын көрсетеді және ұсынылған үміткерді қаншалықты ұзақ білетіндігі және кім ретінде танитынын мәлімдейді.

Негізгі бөлім:

Үміткердің академиялық және/немесе кәсіби ерекшелігінің сипаттамасы. Үміткердіңәрбірбөліпбелгілегенерекшелігінөмірдегіфактілеріменрастауұсынылады.

Қорытынды:

Автор үміткерді «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін өте жақсы үміткер деп есептейді.

2.4. ЖЕКЕ КУӘЛІКТІҢ ЖӘНЕ ПАСПОРТТЫҢ ТҮПНҰСҚАСЫ МЕН КӨШІРМЕСІ

Конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқасы мен көшірмесін ұсыну қажет. Құжаттардың түпнұсқасы салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады.

2.5. ЖОҒАРЫ БІЛІМІ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ ПЕН ОНЫҢ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ТҮПНҰСҚАСЫ МЕН КӨШІРМЕСІ

«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер қосымшасы бар дипломының (бакалавр, маман) түпнұсқасы мен көшірмесін ұсынуы тиіс. Құжаттардың түпнұсқасы салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады.

Диплом көшірмесінің оң жақ жоғарғы бұрышында жүздікке дейін дөңгелектелген GPA (немесе қосымшасы бойынша орташа балды) қызыл сиямен жазылуы керек.

Тағылымдамадан өту үшін конкурсқа қатысатын үміткерлер қосымшаны тапсырмайды.

Шетелдің білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білімі туралы құжатты тану және нострификациялау туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі не Заңның 39-бабының 5-тармағында белгіленген ерекшеліктерді есепке алып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге құжаттың көшірмесі.

2.6. ШЕТЕЛГЕШЫҒАТЫНАДАМДАРҮШІНДЕНСАУЛЫҚЖАҒДАЙЫТУРАЛЫМЕДИЦИНАЛЫҚАНЫҚТАМА

«Болашақ» халықаралықстипендиясынтағайындауүшінүміткерлершетелгешығатынадамдарүшінденсаулықсақтаусаласындағыуәкілеттіоргандарбелгілеген 0-82/унысаныбойыншаденсаулықжағдайытуралымедициналықанықтаманыұсынуыкерек.

2.7. ЕҢБЕКҚЫЗМЕТІНРАСТАЙТЫНҚҰЖАТТЫҢТҮПНҰСҚАСЫЖӘНЕКӨШІРМЕСІ

Қызметкердіңеңбекқызметінрастайтынқұжатыретіндемыналардыңкезкелгеніболуымүмкін:

  1. еңбек кітапшасы;
  2. тоқтату күні және негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі қойылғанеңбек шарты;
  3. жұмыс берушінің еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатуын растайтын актілердің үзінді көшірмесі;
  4. жұмыскерлердің еңбекақы төлеу ведомостынан үзінді көшірме;
  5. жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен не нотариалды куәландырылған қызметтік тізім (жұмыс, жұмысшының еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
  6. жұмысшының еңбек қызметі туралы мәліметтері қамтылған мұрағаттық анықтама;
  7. ұсыну үшін міндетті түрде тапсыратын —жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме немесе аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме немесе өндірістік әлеуметтік төлемдер туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер.

2.8. ӨЗ БЕТІНШЕ ТҮСКЕН НЕМЕСЕ ШЕТЕЛДІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚИТЫН ҮМІТКЕРЛЕР қосымша түрде мыналарды тапсырады:

Оқу бағдарламасы, мамандығы және оқу кезеңі көрсетілген шетелдік жоғары оқу орнына академиялық оқуға сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмелерін (қаржылық шарттарды және философия докторы (PhD), бейіні бойынша докторы дәрежесін алу үшін, резидентурада оқу үшін түскен адамдар үшін – шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда);

МЕДИЦИНА МАМАНДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ҮМІТКЕРЛЕР «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 13-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орнының үш және одан да көп мынадай өлшемдергесәйкестігін растау үшін төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • жылына кемінде 3 оқу құралын, монография, авторлық куәлік шығару;
  • кемінде 3 трансұлттық компаниялардың іске асырылған ірі жобаларының немесе\және осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен соңғы 10 жылда өткізілген ұлттық және халықаралық мәні бар жобалардың болуы;
  • осы оқу орны оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен халықаралық және ұлттық деңгейдегі жылына кемінде 50 көрсетілім\концерт немесе 10 конференция\көрме өткізу;
  • осы оқу орнының халықаралық немесе\және мемлекеттік\ұлттық аккредиттеуден өткенін растайтын құжаттың болуы;
  • осы оқу орнының базасында клиникалардың, зертханалардың немесе зерттеу орталықтарының болуы;
  • осы оқу орнының мамандандыру саласындағы кемінде 1 ұлттық және\немесе халықаралық сыйлығының болуы.

ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕР тағылымдамаға қабылдайтын ұйымның сөзсіз (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап ететін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шақыруын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуы қажет.

Шақыртуда Басым мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандығы, ғылыми тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (таратып көрсетілген) және тілдік дайындықтан өту қажет болған жағдайда, үміткер тілдік курстардан өткеннен кейін алатын деңгейі көрсетілуі тиіс.

Бұл ретте көрсетілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары ұсынылуы тиіс.

2.9. ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама тағылымдамаға үміткерлерге ұсынылады және оның мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес құрылады. Оған сонымен қатар жоспарланған іс-шараларды өткізу мерзімдері, пайдаланылатын әдістер мен технологиялар көрсетілетін қосымша қоса беріледі. Бағдарлама тағылымдамаға жіберетін және қабылдайтын ұйымдармен келісілуі және бекітілуі тиіс.

Тағылымдамадан өту бағдарламасына талаптар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында орналастырылған.

2.10. ЖЕКЕ ОҚУ ЖОСПАРЫ

Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) оқу кезеңі көрсетіле отырып, жоғары оқу орнының ғылыми жетекшісі толтырады. ЖОЖ университеттің ресми бланкінде ұсынылып, эдвайзердің қолымен куәландырылуы тиіс.

ЖОЖ мамандығы бойынша жалпы оқу жоспарының негізінде және талаптарынасәйкес құрылады.

ЖОЖ-да мыналар жазылуы тиіс:

  • толтырылған күні;
  • студенттің ТАӘ;
  • жоо атауы;
  • бағдарламасы;
  • мамандығы;
  • дәреже алу үшін ең төменгі кредиттер саны – жалпы оқу жоспарына сәйкес келуі қажет (семестрлер бойынша жүктемені тең қамтамасыз ету үшін семестрлер санына бөлу қажет);
  • семестрлердің басталу және аяқталу күні;
  • оқудың толық бағдарламасының аяқталу күні;
  • эдвайзердің ТАӘ және байланыстары.

ЖОЖ шаблоны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайында «Стипендиатқа» бөлімінде орналастырылған.

2.11. ШЕТ ТІЛІ БІЛІМІНЕН СЕРТИФИКАТЫ

Бар болған жағдайда, шет тілі бойынша емтихан (TOEFL немесе IELTS, DALF/DELF, DSH және т.б.) тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады) ұсынуы, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер сауалнамасының белгіленген бағанында тесттің ресми нәтижелерін көрсетуі тиіс;

2.12. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ БІЛІМІНЕН СЕРТИФИКАТЫ

Бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады) ұсынуы, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер сауалнамасының белгіленген бағанында тесттің ресми нәтижелерін көрсетуі тиіс;

2.13. СЕНІМХАТ

Үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынуы қажет.

Құжаттарды тапсыру 2 (екі) тәсілмен жүргізіледі:

1) сканерден өткен көшірмесі www.e.gov.kz«Электронды Үкімет» порталы арқылы;

3) түпнұсқасы мен сканерден өткен көшірмелері «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» арқылы (түпнұсқалары салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады).

Құрметті үміткерлер! Мыналарды ерекше назарға алып:

—  құжаттарды сканерден жоғары сапада өткен деңгейде ұсынуды;

—  көрсетілетін қызметті алушының жеке деректерін дұрыс толтыруды;

—  құжаттарды ХҚКО БАЖ базасында тиісті қосымша парақтарға бекітуді қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Сәттілік тілейміз!

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design