10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 92; 76 90 44; 76 91 04; 24 93 96.

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

Конкурстық іріктеудің IVкезеңікешенді тестілеу

Тестілеу мәні үміткердің шетелде табысты оқу үшін қажетті жеке, іскерлік және кәсіби қасиеттер (біліктіліктер) болып табылады.

Кешенді тестінің сипаттамасы (модульдер бойынша)

1-модуль:үміткердің мақсатқа бағытталушылығын, қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу қабілеттілігін, әртүрлі жағдайларда икемді әрекет ете алуын анықтауға арналған сұрақтардан тұрады.

2-модуль:үміткердің жетекшілік пен басқарушылық қасиеттерін, жинақылығын, әлеуметтік зияткерлігін, жаңа өмір мен қызмет жағдайына бейімделуі деңгейін анықтауға бағытталған.

3-модуль:үміткердің оқу-кәсіби қызметтің жаңа жағдайларына бейімделуі ерекшеліктерінен тұратын жеке және кәсіби қасиеттерінің бағасы.

4-модуль:үміткердің зияткерлік ерекшеліктерін, атап айтқанда сөз арқылы және сөзсіз білдірілетін ой-өрісі ерекшеліктерін анықтауға бағытталған.

5-модуль:үміткердің азаматтық ұстанымын, Қазақстан халқы тарихы мен мәдениетін білуі деңгейін анықтау мақсатында ҚР Конституциясы мен Қазақстан тарихы бойынша сұрақтардан тұрады.

ҚР Конституциясы бойынша болжалды сұрақтар тізбесі:

·                     ҚР Конституциясының авторы кім?

·                     ҚР Конституциясы қашан қабылданды?

·                     Қазақстан Республикасы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?

·                     Зайырлы мемлекет деген не? Біртұтас мемлекет?

·                     Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы кім?

·                     Қазақстан Республикасындағы биліктің үш тарамы қандай?

·                     Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлерге қандай талаптар қойылады?

·                     Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол беріле ме?

·                     Парламент Мәжілісідепутатына қандай талаптар қойылады?

·                     Парламент Сенатыдепутаттары қалай сайланады?

·                     Қазақстанда еріксіз еңбекке жол беріле ме? (қандай жағдайларда)

·                     Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және олардың авторлары?

Қазақстан тарихы бойынша сұрақтар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бағдарламаны қамтиды.

Қазақстан тарихы бойынша болжалды сұрақтар тізбесі:

·                     Қазақ хандығының құрылуының жылдары;

·                     Қазақ хандығының хандары. Олардың өмір сүрген кезеңдері және Қазақстан тарихындағы рөлі;

·                     Қазақ хандығының батырлары. Олардың өмір сүрген кезеңдері және Қазақстан тарихындағы рөлі;

·                     Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс;

·                     Ұжымдастыру жылдары;

·                     ҚР тәуелсіздігін қабылдау жылдары;

·                     Тың игеру жылдары;

·                     1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары;

·                     Қазақ хандығының Ресей империясы құрамына кіру салдарлары;

·                     Бөкей ордасының құрылуы тарихы;

·                     Қазақ жазушылары мен ақындары шығармашылығы;

·                     Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары;

·                     Қазақ билері, олардың қазақ халқының қоғамдық өміріндегі рөлі;

·                     Тарихи тұлғалар туралы сұрақтар (аль-Фараби, Сырым Датұлы, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев, Л. Н. Гумилев, Бұқаржырау, С.Сейфуллин, С.Сәдуақасов, Г. Мүсірепов, М. Дұлатов және т. б.).

Vкезең Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен әңгімелесу

Осы кезеңде үміткердің кәсіби даярлығы деңгейі, Қазақстан Республикасының мамандану бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білуін, маманданудың таңдалған саласындағы теориялық білімдері мен кәсіби біліктіліктерін айқындау.

Кәсіби даярлық деңгейін анықтайтын сұрақтар үміткерге мемлекеттік және орыс тілдерінде немесе оқудың болжалды елінің тілінде қойылу мүмкін.

Сұрақтардың болжалды тізбесі:

·                     Осы елді/ЖОО-ны/мамандықты неліктен таңдадыңыз?

·                     Көрсетілген мамандық бойынша нені зерттегіңіз келеді?

·                     Таңдалған мамандық бойынша зерттемелеріңіз бар ма?

·                     Көрсетілген мамандық бойынша қандай жұмыс тәжиребеңіз бар?

·                     Қандай жобаларға қатыстыңыз?

·                     Кәсіби саладағы жетістіктеріңіз туралы айтып берсеңіз?

·                     Өзіңіз таңдаған мамандық жөніндегі мәселелерді қандай мемлекеттік орган реттейді?

·                     Таңдалған саладағы құқықтық қатынастарды ҚР қандай нормативтік құқықтық актілері реттейді?

·                     Теория бойынша сұрақтар (ҚР ЖОО оқу бағдарламасына сәйкес)

·                     Өз ісін жетік білетін кәсіпқой болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек?

·                     Мемлекетіміздің дамуына қандай үлес қосар едіңіз?

Әңгімелесуге қалай дайындалуға болады?

Алдағы өткен кезеңдерден сәтті өткен жағдайда Орталық қызметкерлері Сізге әңгімелесудің өткізілу күні мен орны туралы хабарлайды.

Сонымен әңгімелесу өткізілуінің болжалды уақыты көрсетілетінін ескеру керек, сондықтан:

·                     әңгімелесуге кешікпей келіңіз, бұл үшін әңгімелесу өткізілетін орынға жету бағдарын алдын ала анықтап алыңыз;

·                     шыдамды болыңыз, өйткені әңгімелесуіңіздің басталуы біраз уақытқа кідіруі мүмкін.

Сыртқы келбетіңізге назар аударыңыз. Жағымды әсер қалдыру үшін жақсы көрінуге тиіссіз.Әңгімелесуге бару үшін киінгенде іскерлік стиль шегінен шықпауыңыз керек. Іскерлік стиль артықшылықтары – жұмыс күйіне келтіру, іске байыпты көзқарасты көрсету және байсалдылықты көбейту.

Ұялы телефоныңыз айналаңыздағы адамдарға кедергі жасамауы керек. Әңгімелесу кезінде шалынған қоңырау әңгімелесушіңізге және өзіңізге де ойыңызды білдіру үшін кедергі келтіру мүмкін. Артықшылықтарыңыз жайлы майын тамыза әңгімелеп отырған кезде жеңіске сәл қалғанда қоңырау шалынса, әсер біржолата және қайырылмастай бұзылады.

Әңгімелесу күні Сізді не күтеді?

Бірінші кезекте, әңгімелесу алдында сабырсызданып, жанталаса жаттау керек емес.

Осы блок сұрақтарына дайындалуға болады. Дайындық ТСК мүшелеріне біліміңіз, дағдыларыңыз, икемділігіңіз және қабілеттеріңізді тиімді ұсынуға мүмкіндік береді.

Болжалды оқу бағдарламасы, шетелдік ЖОО және оқу елі туралы сұрақтарға дайындалу конкурсқа үлестік санаттар бойынша қатысушылар үшін де МАҢЫЗДЫ. Әңгімелесу кезінде болжалды оқу бағдарламасын өз бетінше зерделеуді көрсету Сіздің білім алу мәселесіне тыңғылықты қарайтыныңызды білдіреді.

Оқу елі / түсем деген немесе түскен ЖОО туралы мүкіндігінше көп шынайы ақпарат жинаңыз. Шетелдік ЖОО ресми сайттарында оқу бағдарламасы, үміткерлерге қойылатын талаптар бойынша барлық ақпарат беріледі, сондай-ақ таңдалған факультеттің/мектептің ғылыми-оқытушылар құрамы туралы ақпарат қамтылу мүмкін. Жоғары оқу орындарының академиялық, пәндік немесе өңірлік бағыттар бойынша халықаралық рейтингтерімен танысу артық болмайды.

Әңгімелесуде қойылатын сұрақтардың барлығын алдын ала білу мүмкін емес. Бірақ қалайда қойылатын сұрақтарды болжап, оларға жауап беруге дайындалу кез келген адамның қолынан келеді. ТСК мүшелерінде Сіз туралы кәсіпқой ғана емес, адам ретінде де жағымды әсер қалуы маңызды. Сұрақтарға жауап бергенде ТСК мүшелерін Сіз Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері болуға лайық екендігіңізге сендіруіңіз керек.

Нәтиже

ТСК мүшелерімен әңгімелесуден кейін үміткерлер материалдары соңғы шешім қабылдайтын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қарауы үшін VI кезеңге енгізіледі. Республикалық комиссия отырысының хаттамасы 10 күн ішінде Қоғамға түседі және 1 күн өткен соң конкурс жеңімпаздары тізімі Қоғамның ресми сайтында жарияланады.

Егер Сіз конкурс жеңімпаздары тізімінде болсаңыз, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға келесі қадамдар жөнінде кеңес алу үшін хабарласуыңыз керек.

Егер Сіз осы тізімде болмасаңыз, қапаланбаңыз. Жағдайға бұдан әрі жетілу және келесі жылы конкурсқа қайтадан қатысу мүмкіндігі ретінде позитивпен қараңыз. «Болашақ» стипендиясы тағайындалу конкурсынан бірнеше талпыныстан кейін сәтті өткен үміткерлер де жоқ емес.

Сіздерге тасбыс тілейміз!!!

FaLang translation system by Faboba