10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86.

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«МАГИСТР ДӘРЕЖЕСІН АЛУ ҮШІН ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР» САНАТЫ

Осы санатқа талаптар

  1. Құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын, кемінде 2 жыл ғылыми немесе педагогикалық жалпы жұмыс өтілі бар болу;
  2. Бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балы 3.3 (4.0/4.33-ден) GPA  немесе 5.00-ден 4.30 болуы қажет;

1-қадам. ҚҰЖАТТАР ЖИНАУ

  1. сауалнама;
  2. жұмыс берушіден жұмыс орнын сақтау шартымен мамандар даярлауға тапсырыс;
  3. уәждемелік хат;
  4. ұсыным хат;
  5. жеке куәлік пен паспортының түпнұсқалары және көшірмелері*;
  6. қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломның түпнұсқасы мен көшірмесі (сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты) *;
  7. 0-82/у медициналық анықтамасы;
  8. еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелері*;
  9. ол болған жағдайда, шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы нақты ресми сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмесі*;
  10. ол болған жағдайда, мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы нақты ресми сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмесі*;
  11. үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхаты ұсынылады.

           * түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады

2-қадам. КОНКУРС

I айналым.  Жұмыс органы құратын Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелері болып табылатын тәуелсіз сарапшылар үміткерлерге Жұмыс органы белгілеген бағалау өлшемшарттарына сәйкес уәждемелік және ұсыным хаттарды бағалау арқылы жасырын, алдын ала іріктеу жүргізеді.

Уәждемелік хат 10 нан 5.

Ұсыным хат 6 дан 3.

II айналым. Шет тілі бойынша емтихан.
Шетел тілі бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификаты болмаған жағдайда, үміткер тілдік емтиханға жіберіледі.
Өту балына қойылатын талаптар:

IELTS: 9.0 ден 5.5

TOEFL: ITP/PBT 677 ден 457,

IBT: 120 дан 46.

III айналым. Мемлекеттік тілді білу емтиханы — Қазтест

Мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат болмаған жағдайда, үміткер қазтестке жіберіледі.

Тест блоктары

Тест тапсырмаларының жалпы саны

Жеткілікті болып табылатын дұрыс жауаптар саны

Пайыздық қатынасы

Аудирлеу

150

75

50%

Лексика — грамматикалық тест

Оқылым

IV айналым. Үміткерлерді кешенді тестілеу жүргізіледі. Осы тесттің нәтижелері – 3.5 және одан жоғары болуы қажет.

V айналым. Тәуелсіз сараптама комиссиясының (ТСК) мүшелерімен әңгімелесу.

Бесінші турда үміткердің кәсіби даярлық, мамандануы бойынша Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білу, таңдалған мамандану саласында теориялық білім деңгейі және кәсіби құзыреттілігінің болуы анықталады.

VI айналым. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы. Республикалық комиссия үміткерлер конкурсының барлық турларының нәтижесі негізінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы соңғы шешім шығарады.

Сонымен қатар, Республикалық комиссияның шешімінде «Болашақ» стипендиясы есебінен шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың талаптарына сәйкес тілдік курстан өту қажеттігі көрсетіледі.

3-қадам. ШАРТ ЖАСАУ РӘСІМІ

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімінен кейін стипендиат, не оның сенім білдірілген адамы стипендия тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Әкімгер) Заң департаментіне (506 каб.) хабарласып, жұмыс берушімен және Әкімгермен оқуды ұйымдастыру туралы үш жақты шарт, сондай-ақ жылжымайтын мүлік кепіл шартын жасауы қажет.

Шартты мерзімінде жасамаған жағдайда, стипендиат «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерінің мәртебесінен айырылады.

Шарт жасау рәсімі бойынша нақты ақпаратты Шарттар бөлімінен қараңыз.

4-қадам. ОҚУТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ

Шарт жасасқаннан кейін, оқу еліне қарай 10 күн ішінде стипендиат Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаментіне хабарласуы керек (503, 504 каб.). Бұл департаментімен стипендиат оқуының барлық кезеңінде жұмыс жасайды және сол жерде оның кураторы анықталады.

Сонымен қатар, шарт жасасқаннан кейін сізге Қаржы департаментіне (606 каб.) төлем карточкасын рәсімдеу үшін хабарласуыңыз керек. Карточканы рәсімдеу оқуға шығар алдында шамамен 1–1,5 ай уакытта жасалуы керек.

FaLang translation system by Faboba