1
Құттықтаймыз, Сіз «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атандыңыз!!!
Сіздің келесі қадамдарыңыз.
Сізге стипендия тағайындалған соң, Сізге келесі қадамдар жасау қажет:
- Оқытуды ұйымдастыру шарты мен Жылжымайтын мүлік кепілінің шартын жасау үшін Құқықтық қамтамасыз ету бөліміне хабарласыңыз.
- Барлық шаттарды жасап болған соң Сізге куратормен хабарласуыңыз қажет.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен танысыңыз.
- Мамандықтары мен оқу орындарын көрсетіп толтырылған преференс-нысанды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға бекіту үшін кураторға ұсыну қажет.
- Оқу орындарына академиялық оқуға орналасу үшін қажетті 5 құжатты куратордың сұрауы бойынша дайындап тапсыру керек.
- Куратормен алдын ала келісу бойынша оқуға түсу үшін таңдалған оқу орнына өз бетімен құжаттар жіберу қажет.
- Шартсыз шақырту қағазын алу керек.
- Қаржы кепілдік хатын алу үшін өтініш жазу кажет (елшіліктер мен оқу орны үшін).
- Қаржылық кепілдік хатының сканерден өткізілген нұсқасын университетке жіберу керек.
- Оқу орнынан визаға кажетті құжаттарды алу қажет.
- Сапардан бір ай бұрын банктік төлем карточкасын ресімдеген соң, Оқуды қаржыландыру бөліміне банк картасына стипендия аудару жөнінде өтініш жолдау керек.
- Визаны алу үшін құжаттарды ресімдеу қажет.
- Консулдық төлемдерді төлеу керек.
- Визаны ресімдеуге қажет құжаттарды тапсырып, көрсетілген уақыт пен сағатта елшілікке барлық құжаттармен бару қажет.
- Визаны алу керек.
- Визаны алған соң сканерленген нұсқасын кураторға өткізу керек.
- Авиабилет алу үшін өтініш жазу қажет.
Академиялық оқу барысында барлық стипендиаттар:
- полицияда тіркеуге тұруға (оқу елінің көші-қон талаптарына байланысты);
- медициналық сақтандыруды ресімдеуге;
- Қазақстан Республикалсының елшілігінде консулдық есепке тұруға;
- өз студенттік аккаунтының паролі мен логинін кураторға жіберуге;
- оқу басталғаннан кейін 45 күн ішінде оқу орнының эдвайзерімен жасалып бекітілген оқу жоспарын кураторға ұсынуға;
- оқу жоспарын орындап, оқуын мерзімінде бітіруге;
- Оқытуды ұйымдастыру шартының талаптарына сәйкес оқу үлгерімін қамтамасыз етуге;
- семестрді/оқу жылын аяқтаған соң бағаларын (ресми транскрипт) жіберуге;
- жазғы демалысқа қайтуға;
- төлем карточкасы мен визаның мерзімін тексеріп, қажет болған жағдайда жаңартып отыруға;
- куратормен әрдайым байланыста болып әрбір өзгерістер жайлы хабарлауға міндетті.
Оқу аяқталған соң барлық стипендиаттар:
- Еңбек өтілін жасау үшін Қазақстан Репсубликасына қайтып оралуға;
- Оқуды аяқтау туралы өтініш жазуға;
- Кураторға оқудың аяқталғанын растайтын оқу орнынын хаты/нотариалды расталған диплом көшірмесінің аудармасын соңғы бағалары көрсетілген транскрипттің түпнұсқасын тапсыруға;
- Шекарадан асқаны жөнінде паспорттағы белгілемелерді ұсынуға;
- Әр жарты жыл сайын Түлектермен жұмыс бөліміне еңбек орны жөнінде анықтама ұсынуға міндетті.
Барлық өтініштер нұсқаларын «Стипендиатқа» бөлімінде таба аласыз.