10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 92; 76 90 44; 76 91 04; 24 93 96.

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

Құттықтаймыз, Сіз «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атандыңыз!


Сіздің келесі қадамдарыңыз:

Сіз «Болашақ» стипендиясының иегері атанған соң, сізге келесі шарттарды орындау қажет:

  1. Құқықтық қамтамасыз ету бөліміне хабарласып, тағылымдамадан өтуге шарт жасасу;
  2. шарт жасасқан соң, кураторыңызға жолығу;
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен танысу
  4. қаржылық кепіл хатына өтініш жазу (елшілікке және тілдік мектебіне);
  5. қаржылық кепіл хатының көшірмесін шетелдік мекемеге жіберу;
  6. Визаға қажетті құжаттарды жинау («ВИЗА» тарауынан қараңыз);
  7. Консулдық алымды төлеу;
  8. Визаға қажетті құжаттарды белгіленген уақыт бойынша тапсыру;
  9. Оқу еліне шығар алдында бір ай бұрын төлем каточкасын жасап, «Болашақ» стипендиясы иегерінің төлем карточкасы бойынша мәліметті Ф-1 нысанын толтырып қаржыландыру бөліміне жіберу;
  10. Виза алу;
  11. Визаны алған соң сканерленген көшірмесін кураторға жіберу
  12. Авиабилетті сатып алуға өтініш жазу.

Тағылымдамадан өту барысында әр стипендиат келесі шарттарды орындауы қажет;

  1. Полиция қызметі тізіміне тіркелу (оқу еліндегі көші-қон талаптарына байланысты);
  2. Тілдік курстарын өту мектебіне тізімге тіркелу;
  3. медициналық сақтандыруды ресімдеу;
  4. тағылымдамадан өту бағдарламасына өзгерістер енгізуге тыйым салынады;
  5. шақыру хатында көрсетілген мерзім бойынша тағылымдамадан өту;
  6. тағылымдамадан өту бағдарламасында берілген шаралардан өту;
  7. 6 айдан көп болған жағдайда жарты жылдық есеп және тағылымдама жетекшісінің пікірін кураторға жолдау;
  8. Кураторыңызбен әрдайым байланыста болу және қандай да бір өзгерістер енген жағдайда хабардар ету.

Тағылымдаманы аяқтаған соң барлық стипендия иегерлері келесі талаптарды орындауы тиіс:

  1. 3 жылдық еңбекпен өтуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына оралу;
  2. Тағылымдаманы аяқтауға байланысты өтініш жазу
  3. Қазақстан Республиксына оралғаны туралы кедендік белісі бар төлқұжат көшірмесін ұсыну;
  4. Тағылымдаманы аяқтау туралы құжаттың мемлекттік немесе орыс тіліндегі баламасын ұсыну;
  5. Тағылымдаманы аяқтау туралы есеп және тағылымдама жетекшісінің қортынды пікірін ұсыну;
  6. Түлектермен жұмыс бөліміне әр жарты жыл сайын жұмыс орнынан анықтама ұсыну.
FaLang translation system by Faboba