10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86.

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Тілдік курстармен тағылымдама

Алдын ала тілдік курстан Өту бойынша Тағылымдама

Құттықтаймыз, Сіз «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атандыңыз!

Сіздің келесі қадамдарыңыз:

Сіз «Болашақ» стипендиясының иегері атанған соң, сізге келесі шарттарды орындау қажет:

1. Құқықтық қамтамасыз ету бөліміне хабарласып, тағылымдамадан өтуге шарт жасасу;

2. шарт жасаған соң, кураторыңызға жолығу;

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен танысу.

4. Бекітілген тізім бойынша тілдік курстан өту мектебін таңдау;

5. Таңдаған тілдік мектебі бойынша өтініш жазу

6. Тілдік мектебіне арналған аппликациялық нысанды толтыру үлгісі (кураторыңыздан алыңыз)

7. қаржылық кепіл хатына өтініш жазу (елшілікке және тілдік мектебіне);

8. Визаға қажетті құжаттарды жинау («ВИЗА» тарауынан қараңыз);

9. Консулдық алымды төлеу;

10. Визаға қажетті құжаттарды белгіленген уақыт бойынша тапсыру;

11. Оқу еліне шығар алдында бір ай бұрын төлем каточкасын жасап, «Болашақ» стипендиясы иегерінің төлем карточкасы бойынша мәлемет Ф-1 нысанын толтырып, қаржыландыру бөліміне жіберу;

12. Виза алу;

13. Визаны алған соң сканерленген көшірмесін кураторға жіберу

14. Авиабилетті сатып алуға өтініш жазу.

Тілдік курстарды аяқтаған соң:

  1. Тілдік курстардың тестілеу натижесін кураторға тапсыру;

Визаны алу жөніндегі ережелермен «СТИПЕНДИАТҚА» -> «визаны ресімдеу» тармағында таныса аласыз, жане де ресми сайттардан таба аласыз.
Назар аударыңыз, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ визаны ресімдеу жөнінде қызмет көрсетпейді және визаны алуға кепілдік бермейді.

Тілдік курстардан өту барысында барлық стипендиаттар келесі шарттарды орындау қажет:

  1. Полиция қызметі тізіміне тіркелу (оқу еліндегі көші-қон талаптарына байланысты);
  2. Тілдік курстардан өту мектебіне тізімге тіркелу;
  3. медициналық сақтандыруды ресімдеу;
  4. Қазақстан елшілігінің консулдық тізіміне тіркелу;
  5. Тілдік курстарын аяқтауға бір ай қалғанда IELTS/TOEFL тестілеуден өту. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми тестілеуден өтуге байланысты қаржыландыруды бір рет қана төлейді.

Стипендиат тілдік курсты үзбей 6 ай оқуы қажет.

FaLang translation system by Faboba