10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 92; 76 90 44; 76 91 04; 24 93 96.

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

«БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫ СТИПЕНДИАТЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне қатысты өзгерістер туралы хабарлайды.

«Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен төмендегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілген:

11.     «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру»;

12.     «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру».

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі

туралы анықтама беру:

11.     Қоғамға қажетті құжаттарды жеке немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша осындай әрекеттерді жасауға уәкілетті тұлға арқылы тапсырып, өтініш беру.

Өтініш үлгісін келесі сілтеме арқылы алуға болады:

http://bolashak.gov.kz/images/Vypuskniku/Zayavlenie_spravka_stipendiata.pdf

12.     «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ арқылы өтініш беру.

Толық ақпарат алу үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз:

http://con.gov.kz/gosudarstvennye-uslugi/list.php?SECTION_ID=47.

13.     «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру.

Толық ақпарат алу үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз:

http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/education/edu_postgraduate/passport/pass197_mon&lang=ru.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру

11.     Қоғамға қажетті құжаттарды жеке немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша осындай әрекеттерді жасауға уәкілетті тұлға арқылы тапсырып, өтініш беру. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру қызмет беруші («Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ) арқылы жүзеге асырылады.

Толық ақпарат алу үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз:

http://bolashak.gov.kz/ru/vypuskniku/snyatie-obremeneniya.html

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу жөнінде e-mail/факс және пошта арқылы жіберілген, сканерден өткізілген өтініштер қарастыруға қабылданбайтынына назар аудараңыз.

Шетелге шығу алдында осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу өтінішіне атыңыздан қол қою үшін туыстарыңызға/таныстарыңызға сенімхатты ресімдеуіңіз керек.

Қосымша сұрақтар туындаған кезде, Қоғамның жетекшілік ететін қызметкеріне хабарласыңыз.

FaLang translation system by Faboba