10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

«Болашақ» бағдарламасының түлегіне шарттық міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру бойынша жадынама

Оқуды ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес «Болашақ» бағдарламасының түлегі оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтып оралуға және алған мамандығы бойынша кемінде үш/бес жыл үзіліссіз жұмыспен өтеуге міндетті.

Шетелде оқуды/тағылымдаманы жалғастыру мақсатында шарттық міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру мәселесін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қарастырады.

Түлек шетелде оқуын жалғастыру мақсатында шарттық міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру туралы мәселені қарау үшін мына құжаттарды ұсынады:

  1. Орталық президентінің атына белгіленген нысан бойынша өтініш (нысан қоса беріледі);
  2. оқу басталуы мен аяқталуының күнін көрсете отырып, оқу орнының шартсыз шақыру хаты нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге;
  3. үш жақты келісім шарт жасасқан жұмыс берушіден, жұмыс беруші түлекті оқуы аяқталғаннан кейін жұмысқа (қайта) алуға міндеттелуы туралы қолдау хаты;
  4. жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі.

Түлек шетелде орналасқан ұйымда тағылымдамадан өту мақсатында, шарттық міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру туралы мәселені қарау үшін мына құжаттарды ұсынады:

  1. Қоғам президентінің атына белгіленген нысан бойынша өтініш;
  2. Қазақстан аумағында орналасқан компаниядан түлектің шетелде екі жылдан аспайтын мерзімде тағылымдамадан өтуіне жолдау хаты;
  3. қабылдаушы тараптан тағылымдамадан өту мерзімі көрсетілген шақыру хаты;
  4. жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі.

Осылайша, өтініш негіздейтін құжаттармен бірге Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына енгізіледі. Республикалық комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, түлек «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен еңбек өтіліміне қатысты шарттық міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру туралы қосымша келісім жасайды.

Республикалық комиссияның осы мәселені қарау бойынша шешімі түлекке хабарлама арқылы жіберіледі.

FaLang translation system by Faboba