10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

СІЗДІҢ КЕЛЕСІ ҚАДАМДАРЫҢЫЗ!

Құрметті «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері!


Оқуыңызды табысты аяқталуыңызбен құттықтаймыз!

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында жасалған Оқуды ұйымдастыру шартына сәйкес Сіз міндеттісіз:

1. Оқуыңызды аяқтағаннан кейін алған мамандығыңыз бойынша кемінде үш/бес жыл (тағылымдамадан өту/академиялық оқу) үздіксіз Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін қайтып оралуға;

2. Өзіңіздің академиялық тәлімгеріңізге:

1) оқуыңызды аяқтағаныңыз туралы өтінішті (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде қосымша берілген)

2) Нотариалды куәландырылған және мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған диплом + транскрипт тапсыруға. Егер Сізде құжаттар тапсыру сәтінде диплом болмаса, Сізге ЖОО-дан дипломды табыс ету және дәрежені берудің жоспарланған күні көрсетілетін ресми растаманы тапсыру қажет (Сіз кураторға барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін Сіздің ісіңіз Түлектермен жұмыс бөліміне тапсырылады).

3. Оқу орнының оқу жоспарында көзделген оқу мерзімдері аяқталғаннан кейін әрбір алты ай сайын Орталыққа жұмыс істеу бойынша міндеттемелерді орындағанын растау үшін жұмысқа орналастыру туралы өзекті мәліметті, сондай-ақ байланыс ақпаратын (тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірлері, электронды мекенжайы) ұсынуға.

Еңбек өтілімі

3/5 жылдық жұмыс істеу (тағылымдамадан өту/академиялық оқу) Сіздің жұмысқа орналасқан уақытыңыздан бастап есептеледі. Есеп жұмыс орнынан анықтама, еңбек шартының немесе Сіздің атқарып отырған лауазымыңызды растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін еңбек қызметінің басталу күні түрінде ұсынылады. Анықтамалар тиісті белгілері (анықтаманы тіркеу күні, тіркеу нөмірі, уәкілетті адамның қолы мен мөр) болған жағдайда қабылданады.

Жұмыс орнынан анықтаманың түпнұсқасы еңбек қызметін бастаған сәттен бастап әрбір 6 (алты) ай сайын Қоғамға өзі әкеліп тапсыру не пошта арқылы ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, еңбек аяқталғаннан кейін сізге келесі құжаттарды ұсыну қажет: https://bolashak.gov.kz/kz/vypuskniku/kuratory.html

Нострификация

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес (2011 жылғы 24 қазандағы жай-күй бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) Қазақстан Республикасының азаматтары – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне шетелдің жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білімі туралы құжаттар Қазақстан Республикасында тану немесе нострификация рәсімдерінен өтусіз танылады.

FaLang translation system by Faboba