10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86;

egov new

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

1

«Болашақ» ақпараттық-сараптама журналы (бұдан әрі – Журнал) – отандық және халықаралық білімді дамытудың заманауи үрдістері, технологиялар инновациялары мен білім трендтері туралы корпоративтік тоқсан сайынғы мерзімді баспа басылымы.

Журнал Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2006 жылдан бастап шығарылуда. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті берген 2006 жылғы 18 шілдедегі № 7374-Ж мерзімді баспа басылымын есепке қою туралы куәлік.

Журналдың тұрақты айдарлары:

  • «Персондар»
  • «Bolashak start up»
  • «100 қадам»
  • «Made in Bolashak»
  • «Болашақ–life»
  • «Тәуелсіздік құрдастары»
  • «Қызу желі»
  • «Іскерлік байланыстар»
  • «BARO хроникалары»

«Персондар» айдары

Сол немесе өзге өзекті мәселелер бойынша өз пікірлерін бөлісетін саясаттанушылардың, мемлекеттік қайраткерлердің, мемлекеттік органдар басшыларының, экономика, білім және мәдениет саласындағы жоғары білікті мамандардың сұхбаттары ұсынылады.

«Bolashak start up» айдары

«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттары мен түлектерінің қазақстандықтардың жай-күйін нығайтуға бағытталған сол немесе басқа салалардың жобаларын іске асыру туралы авторлық материалдарды, өткізілген/өткізілетін/өткізу жоспарда бар зерттеулер және оларды еліміздің экономикасының түрлі салаларында практикаға енгізу туралы мақалаларды білдіреді.

«100 қадам» айдары

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Бес институционалдық реформаларын іске асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт жоспарында атап көрсеткен жобаларға арналған.

«Made in Bolashak» айдары

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өткізген неғұрлым маңызды іс-шаралар мен оқиғалар туралы материалдарды жинауды білдіреді.

«Болашақ – life» айдары

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мен түлектерінің авторлық материалдарын ұсынады, онда әрбір стипендиат және түлек стипендия тағайындалғаннан бастап өз жұмыс тәжірибесіне дейінгі табыстарымен бөліседі.

«Тәуелсіздік құрдастары» айдары

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, оның шеңберінде 1991 жылы туған «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары туралы материалдар орналастырылады.

«Қызу желі» айдары

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Гани Ныгыметовтің блогы арқылы алынған және жіберілген неғұрлым өзекті сұрақтар мен жауаптардың жинағын қамтиды.

«Іскерлік байланыстар» айдары

Серіктестік байланыс орнатылған шетелдің жетекші жоғары оқу орындары, білім беру ұйымдары мен орталықтары туралы ақпаратты ұсынады.

«BARO хроникалары» айдары

Түлектермен жұмыс жүргізу департаментінің (BARO – Bolashak Alumni Relations Office) қызметі туралы материалдар жинағын қамтиды.

«Болашақ» журналына материалдар жариялау мәселесі бойынша Ақпараттық-талдау жұмыстары департаментіне 24-93-97 телефоны арқылы байланысуға болады.

Журналымызда мақала авторы атанғысы келетіндер үшін материалдарды жариялауға қойылатын талаптар жазылған: http://bolashak.gov.kz/images/pdf

2016 жылғы 4 тоқсандағы «Болашақ» журналы

2016 жылғы 3 тоқсандағы «Болашақ» журналы

2016 жылғы 2 тоқсандағы «Болашақ» журналы

 
FaLang translation system by Faboba