АО «ЦЕНТР МЕЖДУНАРОДНЫХ ПРОГРАММ»

Ошибка
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 68

«Әлі жүзіп көрмеген толқындарға түсіп бара жатқандай сезім»

Ануар Абдрахманов

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Ануар Абдрахманов жаңа «стипендиат» мәртебесінен алған өз сезімдерімен бөлісті.

Жас талап конкурсқа белсене дайындалды. Жыл бойы ағылшын тілінен білімін жетілдіріп отырды. IELTS бойынша қажетті балды тек төртінші рет тапсырғанда ғана қол жеткізе алды. Ануардың айтуы бойынша, қатты толқыған кезі сарапшылармен болған әңгімелесу сәтінде. Ал содан кейін шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімін күту ғана қалған болатын. Қазір жаңа «болашақшының» алдында журналистика саласы бойынша алдыңғы қатарлы білім алу мақсаты тұр.

«Мен жаңа дүниетаным, жаңа тәжірибе алғым келеді. Жұмыс орындарына деген бәсекелестік қарқындап өсуде. Егер қазіргі уақытта бір бос орынға орташа есеппен үш үміткерді қарайтын болса, онда үш жылдан кейін осы үміткерлер саны 12 болады, және де жыл сайын олардың саны арта береді. Осындай тұрақты бәсекелестік бар өзгермелі әлемде күресу қажет. Жақсы білім алғым келеді. Еуропалық нарықтың қалай жұмыс жасайтыны жайлы білгім келеді. ВВС телеарнасының қалай жұмыс жасайтынын көрсем деймін. Британияда мемлекеттік арнаның қалайша өте табысты бола алатынын түсінгім келеді және келешекте алған білімімді өзі елімде, Қазақстанда қолданғым келеді» — деп айтып өтті Ануар Абдрахманов.

e-max.it: your social media marketing partner

Добавить комментарий

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design