10 лет

Телефоны по вопросам приема документов и конкурса: 8 (7172) 76 90 82; 76 90 84; 24 93 85; 24 93 86.

egov new

АО «Центр международных программ»

Аслан Сәрінжіпов: Сандық көрсеткіштен, сапалық көрсеткішке көшу

Қазақстандық экономика, білім, ғылым, денсаулық сақтау, ұлттық мәдениет пен өнер үшін әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетті даярлау – ел өміріндегі басты басымдықтарының бірі болып қалып отыр.

Осыдан жиырма жылдан астам уақыт бұрын, 1993 жылы Мем­лекет басшысының ең маңызды стратегиялық бастамаларының бірі – «Болашақ» бағдарламасы бойынша халықаралық деңгейдегі біліктілігі жоғары мамандар даярлау ісі қолға алынған болатын. Бүгінгі күні осы бағдарлама, шетелдік сарап­шы­лардың пікірі бойынша, адами ка­пи­­талды дамытуға ұмтылатын мем­­лекеттер үшін үлгіге айналды. Биыл­ғы жылы «Болашақ» стипендиясы Майамиде (АҚШ) өткен сегізінші Going Global халықаралық конференциясында ұсынылған әлемнің 11 елінің білім бағдарламаларын салыстырып талдау нәтижесінде академиялық ұтқырлық бойынша үздік стипендиялық бағдарлама атанды. Қазақстанның осы тәжірибесін Қытай, Польша, Финляндия, Украи­на секілді елдер зерделеп жатыр, ол Ресейдің 2014–2016 жылдарға ар­нал­ған «Жаһандық білім беру» атты бағдарламасына негіз етіп алынды.

Жалпы, бұл бағдарлама еліміздің экономикалық және әлеуметтік кеңістігіне алдыңғы қатарлы білім мен дүниежүзілік технологиялардың сенімді трансфертіне айналып, отандық білім жүйесінің жетекші локомотиві болып танылып отыр. Мемлекет басшысы нақты атап көр­сет­кендей, бағдарламаның әлеуеті арқа­сында біз жаһандық элитаны даярлаудың әлемдік жүйе­сіне ену жолында Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы тұр­ғысынан алдымызға жаңа міндеттер қойып отырмыз.

Ұлтының білім деңгейі жоғары, дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу жөніндегі ауқымды мақсат – еліміздің бүкіл білім жүйесін дамы­ту­дың жаңа бағытына жол ашуда. Бүгінгі заманда жай ғана жаппай сауатты болудың жеткіліксіз екені айқын аңғарылып отыр. Біздің азаматтарымыз ең озық жабдықта жә­не ең заманауи өндірісте жұмыс іс­теу­­д­ің дағдыларын ұдайы игеруге әзір болуға тиіс. Бұл үшін мемлекет тара­­пынан тиісті мүмкіндіктер мен тетік­­тер жасалуда. Отандық білім пара­­дигмасы ұлттық экономиканың ма­мандарға деген ағымдағы қажет­тілік­терін қанағаттандыруға ұмты­лып отыр.

Өткен жиырма жылдан ас­­там уақыт ішінде жеті мыңнан ас­­там кәсіби кадрлар даярланды. Бұл кадрлардың екіден бірі жеке­мен­­шік және мемлекеттің қатысуы бар отандық компанияларда жұмыс іс­тей­ді. Төрттен бірі – мемлекеттік ме­­ке­мелер мен ұйымдарда қызмет жа­­­сап жүрсе, 20 пайызы – ұлттық ком­­­­паниялардың менеджерлері, 4 па­йыз­­дан астамы – халықаралық ұйым­дар­дың және Қазақстанның үк­і­меттік емес секторында жұмыс жасауда.

Кадрларға деген қазіргі қажет­ті­лікті ескере отырып, бір ғана «Бо­лашақ» желісі бойынша инно­ва­ция­лық жобалар мен технология­лар саласында, мұнай-газ сек­торында, металлургия, телекомму­ни­ка­ция, энергетикада өз қарым-қабі­лет­ін іске асырып жүрген 2 736 инже­нер-техник, медицинаға қа­жет 539 маман, үш жүзге жуық мем­ле­кет­тік қызметші, білім және ғы­лым жүйесінің екі мыңнан астам қыз­меткері даярланды. Оның ішінде 1000-ға жуық маман – елдің жоғары оқу орындарында, 400-і – мектеп­тер мен колледждерде, 52-сі – Назар­баев зияткерлік мектептерінде педагогикалық және әкімшілік ұжымдарында жұмыс істеп жүр. 77-сі – PhD докторы, 300-ге жуық түлек Назарбаев Университеттің ғылыми қызметкері болып табылады.

Олардың әрбірінің табысқа жету­де өз жолы және өз бағыты бар. Көпшілігі мамандықтарын кә­с­і­би тұрғыдан дәлелдеп, күн сайын экономиканың нақты секторы мен әлеуметтік саланың дамуына лайықты үлес қосып келеді. Мы­сал ретінде айтар болсақ, Айжан Жүсіп­бекова – Техас университетінде мұ­най инжинирингі мамандығы бойынша сапалы білім алып, «Қашаған» жобасында мұнай және газ кен орындарын әзірлеу бойынша инженер болып еңбек етуде. Мәселен, Куаныш Жасымбек – Малайзияда мамандық алып шықса, Ганновер медицина институтының докторанты, дәрігер-онколог Айгүл Бірімова білімін өз саласында қолданып жүр. «Болашақтың» тағы бір түлегі Асқар Бахтияров Шымкент клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесін басқарып отыр. Ал бағ­дар­ламаның ең жас стипендиаты Мария Мудряк үздік сопраноның алғашқы ондығына еніп, бүгінгі таң­да әлемнің жетекші сахналарында сұранысқа ие болып отыр.

Әрине, бір мақалада барлық стипендиаттар туралы жеке-жеке айтып отыруға мүм­кін­дік болмайтыны анық. Жалпы алғанда, болашақтықтар – мемлекеттің берік кадрлық тірегін қалыптастыратын және еліміздің басым міндеттерін шешуге толық атсалысатын үлкен команданы құрайды деуге болады.

Бағдарлама туралы сөз қозға­ған­да, оның еліміздің қажеттіліктерін ескере отырып, саны жағынан да, са­­пасы жағынан да өзгеріске ұшы­­рағанын айта кеткен жөн. Әр­бір жаңа өзгеріс жылдар бойы жинақталған тәжірибеге негізделіп, жаңа стратегиялық басымдықтарға жол ашуда. Атап айтқанда, бұл – ең алдымен, 2011 жылдан бастап бакалаврлар даярлауды тоқтатып, басты назарды магистратура мен докторантура бағдарламаларына аудару, инженер-техник және ме­ди­цина қызметкерлері үшін тағы­лым­дамадан өту алға озды. Екін­шіден, бұл қадамның негізінде шетелдік әріптес болып саналатын жоғары оқу орындарына деген талаптарды арттыру. Олардың саны әлемдік рейтингтерде жоғары орын алып жүрген екі жүз оқу орнына дейін қысқартылды. Үшіншіден, түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша принциптік тұрғыдан жаңа жұмыс пішімі белгіленді. Бұл үшін кадрлар даярлаудың бағдарламалық-нысаналы әдісіне ауысу жүзеге асырылды. 2012 жылдан бастап болашақ мамандар оқуға ұйымның нысаналы өтінімі бойынша, жұмыс орны сақтала отырып жіберіле бастады. Олар оқуын аяқтағаннан кейін өз ұжымында міндетті түрде бес жыл жұмыс істеуі тиіс.

Бағдарламаның қолжетімділігін кеңейту мәселелеріне де жіті назар ау­дарылып отыр. Мемлекет бас­шы­сының 2005 жылы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, жылына үш мыңға дейін стипендия бөлу қажеттігі туралы бастамасы мамандарды кәсіптік даярлаудағы теңсіздікті азайтуға жол ашты. «Бола­шақтың» ресурсын барынша арт­тыруға мүмкіндік берді. Бағ­­дарлама бірнеше жыл бойы өз ба­ғытын кеңейте отырып, отан­­­дық әрбір аза­мат­тың шетелде бі­­лім алуына мүмкін­дік беруде. Ең алдымен, ауыл жастары, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педа­гоги­ка­лық, медициналық және тех­ника­лық мәдениет және масс-медиа қыз­мет­керлері үшін арнайы кво­талар мен са­наттар белгіленді. Өңірлік және ауыл­дық жастар үшін кедергі бо­лып келген кепіл мәселесі қайта қа­рал­ды. Бүгін бұл проблема өз шеші­мін тапты. Бұған қоса, құжаттар қа­был­дау процесі айтарлықтай же­ңіл­­­де­тілді. Үміткерлер құжат­тарын «Электрон­ды үкімет» порталы және ха­лық­қа­ қызмет көрсету ор­та­лық­тары арқылы тапсыруға мүм­кіндік алды. Соның нәтижесінде өңір­лер­ден құжаттар тапсырудың жыл са­йын­ғы көрсеткіші 40 пайызға дейін жетті.

Өз әлеуетін осылайша нығайтып алған бағдарлама Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойылған міндеттерді мақсатты түрде орындауға бағыт алды. Бұл да өмір талабынан туған заңды іс. Ең алдымен экономиканың қажеттілігіне қарай өңірлерді білікті мамандармен қамтамасыз ету және кәсіби тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру міндеті қазір күн тәртібінде тұр. Ал­да аталып өтілгендей, мұнда ел­де же­тіс­­пейтін мамандықтарды алдымен даяр­­­л­ау басты назарда тұр. Бұл – мәде­ниетке, журналистикаға, ақпа­ра­ттық технологияларға, тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылықты рефор­ма­лауға бірқатар техникалық және қоғам­дық-саяси мамандықтарға, ұлт­тық қауіпсіздікке қатысты болып отыр. Кадрларға деген қажеттілік мем­лекеттік органдармен және кә­сіп­­тік ведомстволармен бірлесіп ай­қын­далады. Олардың тікелей қаты­суымен «Болашақ» шеңберінде білім алу үшін басым мамандықтар тізбесі қалыптастырылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін, статистикаға көз жүгіртсек, бүгінгі күні әлемнің 30-дан астам елінде 2 132 стипендиат білім алуда. Олардың 785-і – білім беру ұйымдары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыми және педагог қызметкерлері, 708-і – тех­никалық бағыттағы мамандар, 313-і – мем­ле­кеттік 265-і – экономика және басқару, әлеу­мет­тік ғылым саласының қызметкерлері, 61-і – БАҚ, шығармашылық және медицина маман­дықтарының өкілдері.

Еліміздің үдемелі индустриялық-­иннова­ция­лық дамуы аясында ҮИИДМБ-нің екінші бес жылдығы үшін мамандар даярлауға баса мән беріліп отыр. Қазір бағдарлама аясында қазақстандық компаниялармен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге инженер-техник кадрлар үшін тағылымдамадан өту жобасы әзірленіп жатыр. Оңтүстік Кореядағы Saekyung Itech Co. LTD, еуропалық Intespace сынақ орталығы және Франциядағы ASTRIUM ғарыш­тық зерттеулер компаниясы, Гер­маниядағы GIZ халықаралық ынтымақтастық қоғамы, АҚШ-тағы Hewlett Packard (НР) және Aleadership компаниясы секілді және басқа да шетелдік ұйымдарымен әріптестік жақсы жолға қойылды. Тағылымдамадан өтуге өңірлік кәсіпорындардың бас инженерлері мен технологтары кеңінен тартылуда. Қазірдің өзінде Қазақстан теміржолының 16 маманы, «Ғалам» қазақ-француз кәсіпорнының ұшу аппараттары мен жүйелерін бақылау және сынау саласында тағылымдамадан өткен 15 маманы, ақпараттық технологиялар саласындағы 10 маман тәжірибеден өтіп жүр. Бүгінгі күні Инвестициялар және даму министрлігінің тапсырысы бойынша машина жасау саласында 19 маман тағылымдамадан өтуде. 13-і ұшу теориясы мен ғарыш аппараттарын жобалау, энергия үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру мәселелерін зерделеуде, 5 адам – химия саласында, 6-уы – электроника, электр-техника, электр-механика сала­сында және тағы осынша маман тау-кен ісі бойынша тағы­лым­дамадан өтіп жатыр. Өткен жылы білім алу мен тағылымдамадан өтуге 292 маман жіберілген болса, ағым­дағы жылғы екі кезеңнің қоры­тындысы бойынша тағы 136 үміт­керге стипендия тағайындалды. Келешекте, 2014–2017 жылдар аралығында шамамен 3,5 мың инженер-техник қызметкерлерді даярлау жоспарланып отыр.

Идеялар мен жаңашылдықтар трансфертіне деген күн сайын артып келе жатқан қажеттілік біздің жас ғалымдарымыз үшін де жаңа мүмкіндіктер көкжиегін кеңейтуде. «Болашақ» бағдарламасы бойынша қазірдің өзінде 150-ден астам PhD докторы даярланып, олар өздері алған білімді «Назарбаев Университетте», «Ұлттық ғылыми кардиологиялық орта­лық­та», «Жер туралы ғылыми орта­лық­та», «Ұлттық биотехнологиялық ор­та­­лықта», «Ұлттық медицина хол­дингінде», «Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ», «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ», «С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ», «М. Айқымбаев атындағы Қазақ­стан карантиндік инфекциялар ғылыми орталығында» табысты да тиімді қолданып жүр. Бүгінгі күні бұл бағыт бойынша АҚШ-тың, Ұлы­британияның, Германияның, Фран­цияның, Жапонияның, Оңтүс­тік Кореяның және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында бір жарым мыңға жуық стипендиат білім алуда. Бұ­ған қоса, биылғы жылдан бастап На­зар­баев Университет базасында жас ғалымдарға шетелде оқи жүріп, Қа­зақ­станда ғылыми-зерттеулер жүр­гізуге мүмкіндік беретін split-PhD бағдарламасын іске асыру бойынша қанатқақты жоба іске қосылды. Оның басты идеясы – ғылым мен технологияның көптеген серпінді салаларында әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен әріптес болып жүргізілетін отандық академиялық зерттеулерді қолдау.

Сонымен қатар, бағдарламаны жаңғыртудың тағы бір аса маңызды қырын атап өтпеу мүмкін емес. Бұл – үміткерлерді іріктеу сапасын арттыру. Соңғы кездері сандық көрсеткіштен сапалық көрсеткішке көшу қажеттігі аз айтылып жүрген жоқ. Бұл орынды да. Соның нәти­жесінде биылғы жылдан бастап шет тілдерін білудің қажетті бастапқы деңгейі мен мемлекеттік тілді білу­ге қойылатын ең төменгі талаптар жоғарылатылды. Бұл үміт­кер сти­пендиаттардың әлемдік жо­ға­ры оқу орындарына іркілмей түсуі­не мүмкіндік берді. Бұған қоса, жа­қын арада тілдік даярлық үрдісін оң­тайландыру және Астана және Алматы қалаларында ағылшын тілін оқыту орталықтарын ашу күтіліп отыр. 2015 жылдан бас­тап тіл үйрену «6+6» моделі бойынша жүргізілетін болады. Онда тілдік даярлықтың алғашқы алты айы елімізде, келесі алты айы шетелде жүргізілмек. Мұндай қажеттілік халықаралық дәрежедегі отандық тілдік базаны құру процесін интеграциялануға деген ниеттен туындап отыр.

Бағдарламаның материалдық емес активтеріне келетін болсақ, мұнда болашақтықтар ұсынған білім­ді адамның табысты болу трен­діне назар аудартқым келеді. «Болашақ» бағдарламасы «әлеумет­тік лифттерді» құрып, дарынды қазақстандық жастардың жасампаз ядросын қалыптастырып жатқаны белгілі. Сапалы білім, кәсіпқойлық, ұтқырлық, тілдерді еркін меңгеру, олардың саясат, экономика немесе әлеуметтік салада болсын, кез келген, жалпы барлық бағытта бәсекеге қабілетті әрі қажетті болуының кепіліне айналды.

Жалпы алғанда, қазір Мемлекет басшысы артқан зор сенім өз жемісін беріп жатыр деп нық сеніммен айта аламыз. «Болашақ» бағдарламасы жаһандық элитаны даярлаудың әлемдік жүйесіне қосыла отырып, адами капиталды дамыту саласында серпінді білім беру жобасына және әлемдік кеңістіктің гуманитарлық өлшемінде Қазақстанның «мақтанышына» айналып отыр.

FaLang translation system by Faboba