Home > BOLASHAQNEWS > Касательно приема документов на грант «Stipendium Hungaricum»

Published:

Касательно приема документов на грант «Stipendium Hungaricum»

Stipendium Hungaricum гранттарына үміткерлердің назарына

Қазіргі уақытта "Stipendium Hungaricum" грантына конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау техникалық себептерге байланысты іркіліспен жұмыс істейді. Біз мәселені шешуге тырысып жатырмыз.

Үміткерлерге мүмкіндігінше құжаттарды Нұр-Сұлтан қаласындағы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ кеңсесіне қолма-қол (қағаз түрінде) тапсыруды ұсынамыз. Құжаттар Нұр-Сұлтан қаласы, "Экспо" БО, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/13, С2.1 блок, 1 қабат (ресепшн) мекенжайы бойынша 2022 жылғы 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады.

Қосымша ақпаратты біздің ресми сайтымыздан таба аласыздар[:]([https://clck.ru/bF7xvhttp]

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан тарапынан жүзеге асырылатын үміткерлерді конкурстық іріктеу келесі кезеңдерден тұрады: 1) үміткерлерді тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен, оның ішінде онлайн режимінде жеке әңгімелесуден өткізу. 2) үміткерлердің материалдарын қарау және қорытынды комиссияның шешім қабылдауы. Негізгі критерийлері үшін үміткерлерді іріктеу: 1) балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі; 2) білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы; 3) тәуелсіз сараптама комиссиясының бағалауы.

2022-2023 оқу жылына Мажар тарапы Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 грант берді:

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу мерзімімен 110 орын;
  • магистратура бағдарламасы бойынша оқу мерзімі 90 орын;
  • бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша оқу мерзімі 5 жылдан 6 жылға дейін 30 орын;
  • докторантура бағдарламасы бойынша 20 орын. Грант мынадай шығыстарды жабуды көздейді:
  • тегін оқыту;
  • бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін ай сайынғы стипендия-HUF 43.700, докторантура-HUF 140.000 (бірінші 4 семестр) және HUF 180.000 (екінші 4 семестр);
  • жатақханада тұру (немесе айына HUF 40.000 шамасында жалға берілетін тұрғын үй төлемі);
  • медициналық сақтандыру. Қалған шығыстарды грант иегері өз бетінше өтейді.

Туындаған сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады:

  • 7172 7690 82, 76 90 84, 76 90 83 rysbekova@bolashak.gov.kz anafina@bolashak.gov.kz stayeva@bolashak.gov.kz abilkhairova@bolashak.gov.kz