Published:
(Осы бос орынға түйіндемені 2022 жылғы 20 сәуірге дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жіберіңіз. Түйіндеме берген кезде міндетті түрде талап етілген бос орынның атауын көрсету қажет).
Біліміне қойылатын талаптар: бухгалтерлік есеп, экономика және қаржы саласында білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: қаржы-экономикалық жұмыста еңбек өтілі кемінде 4 жыл, оның ішінде басшылық қызметте кемінде 2 жыл.
Лауазымдық міндеттерді атқаруға қажет білім: мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті), шет тілі (білгені жөн); Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; «Білім туралы» («Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты нормалар) және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары; Қоғам Жарғысы,Қоғамның Іскерлік әдеп кодексі; Бюджеттік жоспарлау және қаржы қызметін талдау басқармасы туралы ереже; шетелдегі білім беру жүйесінің ерекшелігі; материалдық, еңбек және қаржы шығындары нормативтері, сондай-ақ оларды жоспарлау тәртібі; ұйым қызметінің көрсеткіштерін экономикалық талдау және есепке алу әдістері; бюджеттік өтінімді қалыптастыру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларын әзірлеу тәртібі; бухгалтерлік есеп және есептілік; ХҚЕС сәйкес қаржы есептілігін қалыптастыру.
Лауазымдық міндеттерді атқаруға қажет білім мен дағдылар: ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу; ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары; консультациялық жұмыс жүргізу дағдылары; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; мән-жайды сыни бағалай білу, өзгеретін жағдайларға бейімделу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; командада және өз бетінше жұмыс істей білу.
Лауазымдық міндеттері:
• Басқарма жұмысына жалпы басшылық жүргізу;
• Басқарма қызметін ұйымдастыру;
• Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауына бақылау жүргізу;
• Басқарма қызметі туралы есептерді, Басқарма қызметін жақсарту бойынша және Басқарма қызметіне қатысты әдістемелік және құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды жетекшілік ететін вице-президентпен дайындау, негіздеу, келісу және белгіленген тәртіппен ұсыну;
• Басқарманың материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалану кезінде Қоғам қызметінің тиімділігін арттыруға, оң қаржылық нәтижеге қол жеткізуге бағытталған жұмысын ұйымдастыру;
• Қоғамның қаржылық қызметіне мониторинг пен талдау жүргізуді ұйымдастыру;
• Қоғамның бес жылдық кезеңге арналған Даму жоспарын әзірлеуді/нақтылауды ұйымдастыру;
• тиісті қаржы жылы үшін Қоғамның даму жоспарының орындалуы туралы есепті дайындауды ұйымдастыру;
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 204 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасының 101 «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелдегі жоғары оқу орындарында мамандар даярлау» кіші бағдарламасы бойынша үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру/нақтылауды ұйымдастыру;
• міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жеке жоспарын қалыптастыру;
• міндеттемелер мен төлемдер бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес стипендиаттардың шетелде оқу ақысын төлеуге байланысты шығыстарды қаржыландыруға уәкілетті органға өтінімдер қалыптастыру;
• шарттың техникалық ерекшелігіне сәйкес Қоғамның «Болашақ» бағдарламасын әкімшілендіру бойынша көрсетілген қызметтердің актілеріне есепті кезеңде атқарылған жұмыс туралы жиынтық ақпаратты қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
• «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші стипендиаттардың оқуын ұйымдастыру/тағылымдамадан өту шарттарына енгізу үшін оларды оқытуға арналған болжамды шығыстарды айқындау;
• Қоғамның стратегиялық және қаржылық көрсеткіштерінің орындалуына мониторинг ұйымдастыру;
• Қоғамның қаржы қызметінің нәтижелерін талдау;
• Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның ішкі құжаттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
• аудиторлар, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және басқа да органдар жүзеге асыратын тексерулерге қатысу;
• Қоғам Жарғысына және Қоғамның ішкі актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.