Главная > BOLASHAQNEWS > Поздравляем с Днем Первого Президента Республики Казахстан!

Опубликовано:

Поздравляем с Днем Первого Президента Республики Казахстан!

Құрметті достар, Баршаңызды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Қазақстанның Тәуелсіздігі тарихындағы тумысы бөлек тұлға, Егемендіктің бастауында тұрған Елбасы баламасы жоқ «Болашақ» бағдарламасының бастамашысы болды. Сол арқылы 11 мыңнан астам қазақстандық әлемнің үздік оқу орындарында білім алып, қоғамның әр саласында тындырымды жұмыстар атқарып жатыр. Сондықтан сындарлы сәтте стратегиялық шешім қабылдап, келешекке теңдесі жоқ капитал сала білген Н.Ә.Назарбаевқа барша түлектер мен стипендиаттардың атынан арнайы алғыс айтамыз.

Биылғы мереке Тәуелсіздіктің 30-жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы кезеңде жас мемлекеттің жеткен жетістіктері көп. Орнықты 30 жылда Қазақстан Елбасының сарабдал идеяларымен өсіп-өркендеп, әлемдік қауымдастықта өз орнын нығарлай білді. Ендеше Тәуелсіздік сыйлаған толағай табыстарымызды әрі қарай ұрпақтарға сабақтастыру біздің – жас буынның, «Болашақ» бағдарламасы стипедиаттары мен түлектерінің абыройлы міндеті. Осы тарихи да мерейлі күнде елімізге бейбітшілік, береке мен бірлік тілеймін.

Құрметпен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова