Главная > История успеха > АДАЛИЕВ НҰРЛАН ҚАИРЖАНҰЛЫ
Вернуться назад

АДАЛИЕВ НҰРЛАН ҚАИРЖАНҰЛЫ

Оқу елі:: АҚШ

Жоғары оқу орны: University of Southern California

Оқу бағдарламасы: Магистратура (2017-2019 жж.)

Мамандығы: Мемлекеттік басқару және халықаралық саясат

Нұрлан Қайыржанұлы Адалиев «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын тәмамдағаннан кейін өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде жалғастырды. Қызмет барысында Мемлекет басшысының Қазақстандағы «қызметтік» полиция моделін тарату және 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер  органдарын жаңарту жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру бастамаларын іске асыруға ат салысты. ЕҚЫҰ Бағдарламалық кеңсесінің және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының халықаралық серіктестерінің қолдауымен  Н. Адалиев «қызметтік» полиция моделін тарату бойынша Қарағанды облысында бірлескен пилоттық жобаны үйлестіруге және іске асыруға қатысты.

2019 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Н. Адалиев Оңтүстік Калифорния Университетінің Мемлекеттік саясат мектебі мен Әлеуметтік жұмыс мектебінің және Лос-Анджелес полиция департаментінің бірлескен жобасы аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған мамандандырылған курсты тәмамдады (LEAD – Құқық қорғау органдарының озық дамуы). Тағлымдама мен оқу барысында Лос-Анджелестің полиция қызметкерлерімен бірге полиция қызметінің озық тәжірибесі және полиция мен азаматтар арасындағы байланыс орнату, полиция қызметінде соңғы цифрлық технологияларды қолдану, құқық қорғау органдарындағы көшбасшылық негіздерін, заңсыз адам саудасына қарсы күрес, киберқылмыстардың алдын-алу, қоғамның деструктивті элементтерімен жұмыс және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті игерді. Н.Адалиев  PMI мүшесі, мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды жүзеге асыру бойынша ІІМ жобалық тобының мүшесі.

Н. Адалиев кәсіби қызметімен қатар, педагогикалық және ғылыми жұмыстарға үлкен назар аударады, оның ғылыми еңбектері полицияның жұмысын жақсартуға, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне арналған. Н. Адалиев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доценті бола отырып, Accountability and Law enforcement collaboration, Policy Analysis: Evaluation and Implementation сияқты пәндерді ағылшын тілінде оқып, жас мамандарды даярлауға өз үлесін қосуда.