Басты бет > BOLASHAQNEWS > Консультациялық қызметтер туралы ақпарат

Жарияланған күні:

Консультациялық қызметтер туралы ақпарат

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі-ХБО) - «Болашақ» халықаралық стипендиясының, «500 ғалым» ғылыми тағылымдамаларының, үкіметаралық гранттардың әкімшісі болып табылады. ХБО құжаттарды қабылдауды, конкурстық іріктеуді, оқыту мониторингін және еңбек өтілін жүргізеді, өтеусіз негізде ақпараттық және консультациялық қызметтерді жүзеге асырады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» консультациялар, құжаттарды жинауға жәрдемдесу, конкурстық іріктеуге дайындық бойынша ақылы қызметтер көрсететін ұйымдармен, агенттіктермен, тұлғалармен ынтымақтаспайды. Егер үміткер осы агенттіктерге жүгінген жағдайда, ХБО көрсетілген қызметтердің сапасы мен нәтижесі үшін жауапты болмайды. Келіп түсу, құжаттарды жинау, конкурстық іріктеуге қатысу, шарттар жасасу рәсімі және т.б. бойынша толық және шынайы ақпаратты тек ХБО қызметкерлерінен алуға болады.

Ресми сайтта және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда «Болашақ» стипендиясы, ғылыми тағылымдамалар және үкіметаралық гранттар бойынша барлық қажетті ақпарат берілгеніне назар аударамыз.