Үкіметаралық гранттар

Үкіметаралық гранттар бойынша ақпарат

Құжаттар пакеті мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады:

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға ұсыну үшін құжаттар тізбесі:

  1. Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы; жүктеу - жүктеу үшін басыңыз
  2. Жеке куәліктің және/немесе төлқұжатының көшірмесі (қолма-қол тапсырғанда салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі талап етіледі).
  3. Білім туралы қажетті құжаттар:
«БАКАЛАВРИАТ» оқу бағдарламасын таңдау кезінде
Үміткердің ағымдағы мәртебесі Білім туралы қажетті құжаттар Орташа баллға қойылатын талаптар Құжат түрі
Қолма-қол тапсырған кезде Egov.kz арқылы
Бітіруші сынып оқушысы
  1. негізгі орта білім туралы, яғни 9 немесе 10-сынып үшін қосымша куәлік;
  2. білім алушының мәртебесі туралы анықтама;
  3. ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы орташа балын көрсете отырып табель немесе транскрипт.
кемінде 4.00 (5.00-ден) немесе бағалау баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкестігі (көрсетілген талаптар барлық ұсынылған білім беру құжаттарына қойылады) көшірмелері (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі салыстыру үшін талап етіледі) электрондық көшірме (құжаттың скан-көшірмесі)
Мектеп түлегі Қосымшасы бар орта білім туралы Аттестат.
Колледж студенті
  1. қосымшасы бар орта білім туралы аттестат немесе негізгі орта білім туралы куәлік;
  2. білім алушының мәртебесі туралы анықтама;
  3. ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы орташа балын көрсете отырып табель немесе транскрипт.
Колледж түлегі Арнайы орта білім туралы диплом қосымшасымен
«Магистратура» оқу бағдарламасын таңдау кезінде
ЖОО түлегі қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы. GPA 4.00-ден 3.00-ден кем емес немесе бағалау баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасы көшірмелері (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі салыстыру үшін талап етіледі) электрондық көшірме (құжаттың скан-көшірмесі)
ЖОО бітіруші курс студенті
  1. білім алушының мәртебесі туралы анықтама;
  2. оқу үлгерімі туралы транскрипт.
GPA 4.00-ден 3.00-ден кем емес немесе бағалау баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасы
«Докторантура» оқу бағдарламасын таңдау кезінде
Магистратура түлегі қосымшасы бар магистр дипломы. GPA 4.00-ден 3.00-ден кем емес немесе бағалау баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасы көшірмелері (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі салыстыру үшін талап етіледі) электрондық көшірме (құжаттың скан-көшірмесі)
Бітіруші курс магистрі білім алушының мәртебесі туралы анықтама; оқу үлгерімі туралы транскрипт.

Маңызды! Шетелдік білім беру ұйымдары құжаттарды берген жағдайда үміткер білім туралы құжат аудармасының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.

  1. Бар болған жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжат (қабылдаушы тараптың талабы бойынша).
    Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;
  2. Салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, ағылшын тілінде оқыған жағдайда ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат (IELTS – 5.5, TOEFL – 46 кем емес) немесе алдыңғы оқыту деңгейінде осы тілде оқығанын растайтын диплом/транскрипт;
  3. Таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алынған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда).
  4. Шетелге оқуға жіберілетін үміткердің заңды өкiлінің (ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) нотариалдық келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
  5. Басымдылықты растайтын құжаттың түпнұсқасы (болған жағдайда):
    • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға-баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
    • бала жасынан мүгедектер және мүгедек балалар – «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 44 бұйрық) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама, сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрық) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
    • көп балалы отбасылардан шыққан балалар - төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
    • ауылдық елдімекеннен шыққан балалар – Әкімші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және деректер қорынан алған ауылдық елдімекеннен келген үміткердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер.
    • шетелдік ЖОО-ның шақыруының мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі (болған жағдайда).
  6. Құжатты үшінші тұлға тапсырған жағдайда – конкурстық іріктеуге қатысуға құжат тапсыру үшін өкілге үміткердің нотариалды куәландырылған сенімхаты (түпнұсқасы) болу.

** «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Осыған байланысты шетелдік ЖОО шақыруының көшірмесін мемлекеттік тілге аудару қажет.


Құжат қабылдау кестесі:
Электрондық үкімет порталы арқылы: тәулік бойы.
Қолма-қол: сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14: 00-ге дейін, дүйсенбі-жұма аралығында.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-76 (ішкі нөмірлер 110, 112, 113, 114, 115).