«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің блогы
Құрметті сайт қонақтары, блогыма қош келдіңіздер!
Мұнда Сіздер қызықтыратын сұрақтарыңызды қойып, пікірлер мен ұсыныстар қалдыра аласыздар. Мен бұл блог тиімді пікір алмасу үшін жақсы алаң болады және Орталықтың жұмысын жаңартуға көмектеседі деп ойлаймын.
Құрметпен, Әділ Құсманов
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы
Қайырлы күн Сымбат!
Сұранысыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймыз: Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында 2024 жылғы 1-15 қараша аралығында көпшілік талқылауына шығарылды. Осыған байланысты бұл өзгерістер бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланып, қоғамға қолжетімді болды.
Қосымша хабарлаймыз, шетелдік оқу орындарында оқуға үміткерлердің материалдарын жеке тәртіпте қарастыру тек медициналық мамандықтар немесе өнер саласындағы мамандықтар бойынша жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздары үшін ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықтың 3-тармағының ережелеріне сәйкес, егер шетелдік оқу орны Тізімде болмаған жағдайда, жұмыс органы оны Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына байланысты және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының Хаттамасына сәйкес Тізімге қосады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына және Тізімде жоқ оқу орнында мамандар даярлаудың қажеттілігі расталған жағдайда, Республикалық комиссияның Хаттамасы негізінде аталған оқу орны оқу орындарының Тізіміне енгізілуі мүмкін.
Добрый день! На данный момент мы не можем дать ответ касательно начала языковых курсов. Но как только появится информация, мы обязательно её опубликуем на наших официальных страницах и на нашем сайте.
Қайырлы күн! Контактілеріңізді жазыңыз, біздің куратор сізбен байланысады. Немесе сіз Италия бойынша кураторға хат жаза аласыз, aimakova@bolashak.gov.kz.