Ғалымдарға арналған тағылымдама ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін ЖОО-ларда, ғылыми орталықтар мен салалық ұйымдарда арттыруға бағытталған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс – қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында озық ғылыми технологияларды трансферттеу мақсатында жыл сайын 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Ғалымдар үшін тағылымдама жетекші шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтар мен салалық ұйымдарда ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған.
Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының мемлекеттік тапсырысшысы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі болып табылады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы бағдарламаның әкімшісі болып табылады. Үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және өткізу, ғылыми тағылымдама бағдарламасының орындалуын және конкурс жеңімпаздарының еңбекпен өтеуді жүзеге асыруын бақылау бойынша іс-шаралар кешенін іске асырады.
Ғылыми тағылымдама жетекші шетелдік жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтарының және ғылми тағылымдамадан өтуге ұсынылатын өзге де ұйымдарының тізіміне кіретін шетелдік ұйымдарда ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізіміне сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеудің аясында 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және мынадай шығындарды өтеуді қамтиды: