Ғалымдарға арналған тағылымдама ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін ЖОО-ларда, ғылыми орталықтар мен салалық ұйымдарда арттыруға бағытталған.
Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсының жеңімпазы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі - Орталық)
арасында жасалатын тағылымдаманы ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес:
Сіз тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасына қайтып, таңдаған ғылыми-зерттеу бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге өтініші бойынша жіберілген жұмыс берушіде Қазақстан Республикасында үздіксіз кемінде 3 (үш) жыл еңбекпен өтуге;
Еңбекпен өтеуін есептеудің басталуы тағылымдама аяқталғаннан кейін
және жұмыс берушіде еңбек қызметі басталғаннан кейін басталады.
Тағылымдама аяқталған кейін есепті мына түрде тапсырады: жұмыс орнынан анықтаманың, еңбек шартының
немесе атқаратын лауазымыңызды және еңбек қызметін бастаған күнін растайтын басқа құжаттардың көшірмелері.
Аталмыш құжаттардың көшірмелері тиісті белгілері бар болған кезде қабылданады
(анықтаманы тіркеу күні, тіркеу нөмірі, уәкілетті тұлғаның қолы және мөртабан бедері)
және оларды еңбек қызметі басталған сәттен бастап әр 6 (алты) ай сайын сапалы сканерленген түрде
(РDF форматта) кураторлардың электрондық поштасына жіберу қажет.
Егер Сіздің еңбекпен өтеу мерзіміңіз аяқталса, Сіз еңбек өтілін есептеу калькуляторының - жүктеу үшін басыңыз көмегімен өз бетіңізше есептей аласыз.
Шарттық міндеттемелерді орындау үшін Орталық кеңсесіне өтінішпен жүгіну қажет (нысан «Өтініш нысандары» бөлімінде берілген) немесе info@bolashak.gov.kz электрондық пошта мекенжайына өтінішке келесі құжаттарды қоса отырып, өтініш жіберіңіз:
Орталықтың қызметкері қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін.
Шарттық міндеттемелерді орындау туралы өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күні құрайды.
Еңбекпен өтеу жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда, Түлектермен жұмыс жүргізу
басқармасының кураторларына жүгінуге болады:
Орталықтың мекен-жайы: 010000, Астана қ., Сыганақ 70 көшесі, Бизнес Орталық «Сыганак», 5-қабат.
Жұмыс уақыты: 9.00-дан 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін.