Үкіметаралық гранттар

Үкіметаралық гранттар бойынша ақпарат

Венгрия

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының адами ресурстар министрлігі арасындағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде жыл сайын "Stipendium Hungaricum" бағдарламасы аясында 250 грант бөлінеді (бакалавриат – 110 орын, бакалавриат+магистратура – 30 орын, магистратура – 90 орын, докторантура – 20 орын).

Оқыту тілівенгр, ағылшын тілдері.
Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: желтоқсан-қаңтар.

Қытай Халық Республикасы

Қытай Үкіметі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша келісім шеңберінде жыл сайын Қазақстан азаматтары үшін 155-ке дейін білім грантын бөледі.

Оқыту тілі - қытай, ағылшын.
Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: қаңтар-ақпан.

Әзірбайжан

2017 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде Әзірбайжан Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын мынадай бағдарламалар бойынша 10 білім грантын бөледі: бакалавриат – 5, магистратура – 5 грант.

Оқыту тілі - ағылшын, орыс, әзірбайжан.
Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: наурыз-сәуір.

Польша

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде қазақстандық азаматтар үшін жыл сайын 11 грант бөлінеді: бакалавриат бағдарламасы бойынша – 3, магистратура бағдарламасы бойынша – 4 және докторантура бағдарламасы бойынша - 4.

Оқыту тілі - ағылшын, поляк.
Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: наурыз-сәуір.

Тәжікстан

2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға гранттар берілді:

— бакалавриат бағдарламасы бойынша-40 орын;
— магистратура бағдарламасы бойынша-10 орын.

Оқыту тілі - орыс тілі.
Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: тамыз.

Қырғызстан

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде Қазақстан азаматтарына мынадай бағдарламалар бойынша 5 білім гранты беріледі: бакалавриат бағдарламасы бойынша – 3 орын; магистратура бағдарламасы бойынша – 2 орын.

Оқыту тілі - орыс және қырғыз тілдері.
Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: сәуір-мамыр.

Вьетнам

2021 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде қазақстандық азаматтарға бакалавриат бағдарламасы бойынша 3 грант бөлінді.

Оқу тілі - Вьетнам.
Құжаттарды қабылдаудың жоспарланған мерзімі: сәуір-мамыр.