Жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін шарт:
Білімі туралы құжаттың орташа балы:
Қабылдаушы тарап білім туралы орташа балды төмен белгілеген жағдайда бұл шарт ескрілмейді.
Оқыту тілін білу деңгейі:
1 КЕЗЕҢ. Үміткердің мамандықты, ЖОО-ны және оқу елін таңдаудың саналы және дәлелді деңгейін, шетелде оқу үшін дайындық деңгейін анықтау үшін мамандық бағыты бойынша тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке/онлайн әңгімелесуден өтуі. Тәуелсіз сараптама комиссиясы халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді бағалау критерийлеріне сәйкес үміткерлердің жеке әңгімелесу парағына баға қояды. Тәуелсіз сараптама комиссиясы өткізетін жеке әңгімелесу барысында аудио-және бейнежазба жүргізіледі.
Тәуелсіз сараптама комиссиясы білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерлермен жеке/онлайн әңгімелесу өткізеді.
2 КЕЗЕҢ. Үміткерлерді іріктеуді жөніндегі қорытынды комиссияның мүшелері шетелде оқу үшін ұсынылатын және Келісім шеңберінде үміткерлердің резервтік тізіміне енгізілетін қатысушыларды жүзеге асырады. Үміткерлердің баллдарын есептеу, сондай-ақ әңгімелесу нәтижелері бойынша үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссия Қағидаларға сәйкес халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің негізгі және резервтік тізімдерін бекітеді. Резервтік тізімдегі үміткерлердің саны бөлінген орындар санының 40 (қырық) пайызынан аспауы тиіс. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссия қабылдаушы тараптың ұсынылатын гранттарының саны шеңберінде кадрлар даярлау бағыттары бойынша орындар санын айқындайды.
Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар:
1) Қағидаларға сәйкес балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
2) Қағидаларға сәйкес балдық жүйе бойынша білім туралы құжаттың орташа балы;
3) Тәуелсіз сараптама комиссияның бағалауы.
Халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең баллмен (келесі реттілікпен), басымдыққа ие болады:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) медициналық қорытындыға сәйкес № 072/у нысаны бойынша Медициналық анықтама ұсынған (шетелге шығатындар үшін) тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға қарсы Көрсетілімі жоқ бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасылардан шыққанн балалар;
4) ауылдық елді мекендерден ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер;
5) шетелдік ЖЖОКБҰ-дан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік ЖЖОКБҰ-да білім алушылар.
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ үміткерлерді іріктеу өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тізімді кейіннен қабылдаушы тарапқа дипломатиялық арналар арқылы беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне береді.
Тізім үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды комиссияның отырысы өткізілгеннен кейін екі күн ішінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. Үміткер ұсынылған үміткерлер тізімінен оқудан немесе зерттеулер жүргізуден бас тартқан жағдайда, оны ауыстыру резервтік тізімнің кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады. Бас тарту туралы өтініш еркін нысанда жазылады.
Конкурстың жеңімпазы, қабылдаушы тараптан оқуға қабылданған үміткерлердің түпкілікті тізімін алған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен міндетті түрде оқуға арналған шарт жасасады, ол міндетті түрде келесіні қамтуы тиіс:
1) шарттың мәні;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
3) оқу мерзімі мен шарттары;
4) конкурс жеңімпазын шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайтару және 1 (бір) жыл мерзімге үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру туралы шарт.