ХБО АҚ-да жұмыс істеу – әлемдегі өзгеріспен бірге болу.
Біздің кандидаттарды іріктеу жүйесінің басты мақсаты – Қоғамды стратегиялық мақсаттарға жету үшін қажетті дағдылары мен құзыреттері бар білікті қызметкерлермен қамтамасыз ету.
Қоғам кәсіби қызметте ең жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатын және қол жеткізуге дайын білікті жұмысшыларды тартуға тырысады. Қызметкерлерді іріктеу кезінде сенімді жұмыс беруші ретінде компанияның имиджін нығайтуға бағытталған ең жақсы әдістер қолданылады.
Персоналды іріктеудің негізгі қағидаттары:
- Ішкі жалдаудың артықшылықтары. Қоғам үміткерлерді іріктеу барысында объективтілік пен бейтараптық қағидатын сақтай отырып, өз қызметкерлеріне бос лауазым орындарын толтыру кезінде артық құқық береді. Сонымен қатар, Қоғам «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне де артық құқық береді. Қазіргі таңда біздің командамызда «Болашақ» бағдарламасының 14 түлегі бар.
- Үміткерлердің кәсіби және жекебас қасиеттерінің лауазымдық талаптарға, сонымен қоса компанияның корпоративтік мәдениеті мен дәстүр ерекшеліктеріне сәйкес келуі.
- Үміткерлерді тең құқық пен мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. Бос орындарға үміткерлердің барлығы ешқандай кемсітушіліксіз тең деңгейде конкурстық іріктеуден өтеді.
- Компанияға келген қызметкерлерге қысқа мерзім ішінде сіңісіп кетуі үшін қолайлы жағдай жасау. Атқаратын қызметіне бейімдеу – жаңа қызметкерлерге тікелей басшыларының, персоналды басқару жөніндегі мамандардың және тәлімгерлердің тарапынан компанияның талаптарымен, жұмыс стандартымен және корпоративтік мәдениеттің ерекшеліктерімен танысуы үшін қолдау көрсету.
- Кешенді талдау негізінде қызметкерлерді жұмысқа тарту тиімділігін үнемі бағалау: бекітілген үміткерлердің талаптарға сәйкес келуі, ішкі және сыртқы талдаудың нәтижелері, персоналдың ауысу себептері, сонымен қатар қызметкерлер арасында іріктеу рәсімінің сапасы туралы және олардың жұмысқа қабылданар кезде күткен қанағаттану дәрежесіне қатысты сауалнама жүргізу.
Бос орындар
Біздің миссиямызға ортақ болатын үміткерлерді күтеміз.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кәсіпқойлар командасы жаңа мүмкіндіктерге дайын болуға және үздіксіз дамуға ниеті бар жаңа қызметкерлерді өз қатарынан көруге қуанышты. Командамыздың бір бөлшегіне айналуға дайын болсаңыз, бізге келіңіз!
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бос орындарға конкурс жариялайды. Берілген талаптармен мұқият танысып, біліміңіз мен өтіліңіз сәйкес келген жағдайда, түйіндемеңізді cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жіберіңіз. cv_hr@bolashak.gov.kz
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас менеджер-аналитик
толығырақ