Жарияланған күні:

ІШКІ АУДИТОР

(Осы бос орынға түйіндемені дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жіберіңіз. Түйіндеме берген кезде міндетті түрде талап етілген бос орынның атауын көрсету қажет).

Үміткердің біліміне қойылатын талаптар: бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржы, және/немесе экономика, және/немесе заңтану саласында жоғары кәсіби білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны дұрыс.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: аудиторлық қызмет және/немесе бухгалтерлік жұмыс саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті білім:

  1. ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі, ҚР Еңбек кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңдары;
  2. білім және ғылым саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкімет қаулылары және басқа да нормативтік құқықтық актілер;
  3. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жарғысы;
  4. Халықаралық аудит стандарттары;
  5. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;
  6. «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары;
  7. еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.

Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажетті ілім мен дағдылар:

  1. кеңес беру жұмысы дағдылары;
  2. жағдаятты сыни бағалай білу;
  3. өзгермелі еңбек жағдайларына бейімделе білу;
  4. деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу;
  5. күрделі жағдайларда шешім қабылдай алу, көшбасшылық;
  6. ауызша және жазбаша коммуникация;
  7. заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу;
  8. ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу;
  9. командада және дербес жұмыс істей алу;
  10. аналитикалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау бойынша дағдылардың болуы;
  11. ынтымақтастық дамыта білу, келіссөздер жүргізу;
  12. аналитикалық, іскерлік және коммуникативтік қабілеттер.

Лауазымдық міндеттері:

  1. Қоғамның және оның ақпараттық жүйелерінің корпоративтік басқару, операциялық (өндірістік және қаржылық) қызметі саласындағы тәуекелдерді ішкі бақылаудың тәуекелдерін, барабарлығын және тиімділігін бағалау, оның ішінде:
    • Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу;
    • бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыстығы, толықтығы, объективтілігі және қаржылық есептілік пен Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы басқа да ақпараттың сенімділігі;
    • Қоғам қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
    • Қоғам ресурстары мен Қоғам мүлкін (активтерін) сақтауды қамтамасыз етуге қолданылатын әдістерді (тәсілдерді) пайдалану оңтайлылығы мен тиімділігі;
    • құрылған бақылау жүйелерінің заңнама, ішкі нормативтік құжаттар талаптарына, уәкілетті және қадағалау органдарының нұсқауларына, Қоғам органдарының шешіміне сәйкес болуы және оларды сақтау (комплаенс-бақылау);
  2. белгіленген тәртіпте Қоғамда ішкі бақылау жүйесінің барабарлығы мен тиімділігіне бағалау жүргізу;
  3. белгіленген тәртіпте Қоғамда тәуекелдерді басқару жүйесіне бағалау жүргізу;
  4. алаяқтық жасау тәуекелін бағалау және Қоғамдағы алаяқтық тәуекелін басқарудың тиімділігі, бұл ретте алаяқтық фактілерін анықтау және тергеу ішкі аудитордың функциясы емес. Ішкі аудитор алаяқтық фактілерін тергеуге кеңесші/бақылаушы ретінде қатысуы мүмкін және тергеу нәтижелері бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін жауап бермейді;
  5. Қоғамда тәуекелдерді бағалау әдіснамасы мен тәуекелдерді басқару рәсімдерін қолдану толықтығы мен тиімділігін бағалау;
  6. тәуекелдермен және ішкі бақылаумен байланысты мәселелер бойынша тиісті органдар мен Қоғам бөлімшелерінің ақпарат алу тиімділігін бағалау;
  7. Қоғамда қабылданған корпоративтік басқару қағидаттарын, тиісті әдеп стандарттары мен құндылықтарды енгізу мен сақтауды бағалауды қоса алғанда, Қоғамдағы корпоративтік басқару жүйесіне белгіленген тәртіпте бағалау (диагностика) жүргізу;
  8. аутсорсинг немесе косорсингті тарта отырып, Қоғамның ақпараттық жүйелеріне белгіленген тәртіпте аудит жүргізу;
  9. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның ішкі құжаттары талаптарының қадағалануын тексеру, сондай-ақ уәкілетті және қадағалау органдарының нұсқауларын, Қоғам органдарының шешімдерін орындау және осы талаптарды сақтау мақсатында құрылған жүйелерді бағалау;
  10. Директорлар кеңесінің, Атқарушы орган мен Қоғам қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын және инсайдерлік ақпарат пен сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты ішкі құжаттарды сақтауын тексеру, әдеп нормаларын сақтау;
  11. Қоғам бөлімшелерінің алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қолданатын шаралардың барабарлығын бағалау;
  12. Халықаралық аудит стандарттарының талаптарына сәйкес ішкі аудитордың қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
  13. Директорлар кеңесіне, Атқарушы органға және Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне тәуекелдерді басқаруға, корпоративтік бақылау мен ішкі аудитті ұйымдастыруға ішкі бақылауды ұйымдастыру және жетілдіру мәселелері бойынша, сондай-ақ ішкі аудитордың құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша кеңес беру;
  14. Қоғамның ішкі аудитордың ұсыныстарын орындауына мониторинг жүргізу;
  15. белгіленген тәртіпте берілген ішкі аудитордың ұсыныстарының орындалуына келесі бақылау жүргізу;
  16. өз құзыреті шегінде ішкі аудиторға жүктелген басқа да функцияларды атқару.