Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

17/02/2026

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Кусмановтың «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша шетелде білім алып жатқан студенттермен онлайн-кездесуі

Құрметті стипендиаттар!

«Болашаққа көпір – мансап мүмкіндіктерінің экожүйесі» жобасы аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Куcмановтың «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша шетелде білім алып жүрген студенттермен онлайн кездесуі өтеді.

Кездесу барысында стипендиялық бағдарламалардың іске асырылу барысы, академиялық және кәсіби даму мүмкіндіктері, сондай-ақ стипендиаттардың мансаптық әлеуетін тиімді пайдалану тетіктері талқыланады.

Іс-шара 2026 жылғы 20 ақпанда «ZOOM» платформасында Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.

Қосылу сіл

Толық оқу
бөлісу

13/02/2026

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы кеңейтілген алқа отырысында баяндама жасады

Алматы қаласында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім және ғылым: цифрландыру және жасанды интеллект жылы» атты кеңейтілген алқа отырысы аясында жұмыс кеңесі өтті.

Отырыс барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Кусманов баяндама жасап, «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының іске асырылу нәтижелерін таныстырды. Бағдарламаның жоғары білікті кадрларды даярлаудағы стратегиялық маңызына тоқтала келе, «Біздің негізгі мақсатымыз – эко

Толық оқу
бөлісу

12/02/2026

Жұмашева Айнұр Ардаққызы – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі

Жұмашева Айнұр Ардаққызы – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі, қазіргі таңда Nazarbayev University Research Administration құрылымында Ғылыми зерттеулерді ілгерілету жөніндегі аға үйлестіруші (Research Promotion Senior Coordinator) лауазымын атқарады.

Ол Ұлыбританияның Шотландия аймағындағы Эдинбург қаласында орналасқан Heriot-Watt University базасында ғылыми тағылымдамадан өткен. Ғалымның негізгі зерттеу бағыты – медицина саласындағы жасанды интеллект технологияларын дамыту және қолдану.

Айнұр Ардаққызының ғылыми қызығушылығы математика, деректерді талдау және жасанды интеллектіні

Толық оқу
бөлісу

11/02/2026

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен шын жүректен құттықтайды

Құрметті достар!

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен шын жүректен құттықтайды!

Ғылымдағы әйелдердің рөлі қоғам мен еліміздің дамуына маңызды үлес қосады. Мәселен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жетекшілік ететін бағдарламалар аясында білім алып, тағылымдамадан өткен ғалымдардың біршама үлесін әйелдер қауымы құрайды.

Нақтырақ айтсақ, «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің үздік университеттерінде он үш мыңнан астам адам дайындалды, оның ішінде ғылыми-педагогикалық қызметкерлер категориясы бойынша 569 әйел (шамамен 4,3%) оқуын аяқт

Толық оқу
бөлісу

09/02/2026

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Бразилия Елшісі бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды талқылады

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марсел Фортуна Бьятоның қатысуымен кездесу өтті.

Білім беру саласындағы ынтымақтастық аясында тараптар академиялық ұтқырлық, кәсіби және ғылыми тағылымдамалар, сонымен қатар студенттер мен жас мамандарды шетелде оқытуды қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады. Әсіресе магистратура және докторантура деңгейіндегі бағдарламаларға басымдық берілді. Сондай-ақ, басым мүддеге ие бағыттарды, қызығушылық танытқан университеттерді және қолжетімді қаржылық құралдарды айқ

Толық оқу
бөлісу

09/02/2026

ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ГРАНТТАР БОЙЫНША ҚЫТАЙДЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 2026 ЖЫЛҒА 18 АҚПАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қытай үкіметі 2026-2027 оқу жылына ҚХР мемлекеттік стипендиясы бойынша оқуға келесі бағдарламалар бойынша 73 білім грантын ұсынады:

  • бакалавриат;
  • магистратура;
  • докторантура.

Грант мына шығынды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынғы стипендия;
  • медициналық сақтандыру;
  • жатақханада тұру

Ескертеміз!!! Қалған шығынды грант иегері өзі төлейді.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер Қытай стипендиялық кең

Толық оқу
бөлісу

06/02/2026

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары аясындағы ынтымақтастықтың даму мүмкіндіктерін талқылады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Кусманов қатысушыларды Орталықтың қызметімен таныстырып, бүгінгі таңда авиация саласында «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламаларының 100-ден астам түлегі бар екенін атап өтті.

Кездесу аясында ағымдағы уақытта оқып жүрген стипендиаттарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Бола

Толық оқу
бөлісу

04/02/2026

Латвия мемлекетінің оқу және жазғы мектептерге арналған шәкіртақыларына өтінім қабылдау басталды

Латвияның «Study in Latvia» Білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік агенттігі шетелдік студенттерге арналған мемлекеттік стипендиялар бөлінетінін хабарлайды.

Стипендиялар Латвияның жоғары оқу орындарында білім алу, профессорлық-оқытушылық құрамда оқыту, сондай-ақ Латвия университеттері ұйымдастыратын жазғы мектептерге қатысу үшін қарастырылған.

Латвия ЖОО 2026-2027 о.ж. оқуға мемлекеттік стипендия алу туралы қажетті ақпарат келесі сайттарда қолжетімді:

Өтінімдерді қабылдау: https://scholarships.vi...

Толық оқу
бөлісу